АҚЫРЕТ— мәңгілік өмір, ахирет, о дүниедегі өмір, бақи өмір, яғни “осы өмірдің” кері мағынасы. А-тің синонимі — миъад (қайта тірілу). А. күні адамдар қайта тіріліп, мәңгі өмір сүреді, сол күні жақсы-жаман іс-әрекеттер таразыланып, әділ жаза беріледі. А. ұғымы — ислам дүниетанымындағы басты ұғымдардың бірі.