- Таным процестеріне жалпы сипаттама және оның әртүрлі деңгейдегі жетілуі
- «Ес және ойлау», «түйсік және қабылдау»жаратылыстанудағы хабарлардың өңделу процесінің тиімді ерекшеліктері.
- Танымдық процестер іс-әрекеттің әр түрі ретінде.
- Танымдық іс-әрекеттің әр түрлерінің қызметінің нәтижесі ретіндегі субъективизм.
- Тұлға субьективтіліктің интеграторы және субъективизмнің көрінуі
А.Н. Леонтьев, А.А. Смирнов, .В. Занков, П.И. Зинченко және басқа зерттеушілер еңбектерінде субъектінің іс-әрекет мазмұнынан есте қалдыру тәуелді екені көрсетіледі. Мұнан басқа, есте сақтау процестерінің өздері- есте қалдыру, тану және қайта жаңғырту-ерекше түрдің іс-әрекеті ретінде мінездеме берді. А.А. Смирнов ырықсыз есте қалдырудың мәселесін тұжырымдап берді және іс-әрекет затты болып табылатын және іс-әрекет бағыттылығымен сәйкестіктің барлығы ырықсыз есте қалдырылатынын анықтайды. А.А. Смирновпен тағы есте қалдырылатын материалдың іштей қайта өңделеуін қамтамасыз ететін ойлау процестерінің рөлі көрсетіледі, онда мағыналы белгі немесе тірек болатын пунктілер бөлінді. Сонымен бірге, А.А. Смирновтың зерттеулерімен келісе отырып, жағдайлар қатарында есте қалдыру процесінде материалды мағыналап қана емес, сонымен бірге қайталау, сонымен қоса қайталауды уақытында және мазмұны бойныша түрлендіру қажет.
Келесі зерттеулерде ырықты және ырықсыз есте сақтау мектеп жасына дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларда едеәуір дамитындығы көрінеді. Есте сақтаудың әбден жетілуі есте қалдыратын материалдың көлемінің даму, оны ұстап қалу беріктілігінің өсуі, біртіндеп қалыптасқан жанама есте қалдырудың тәсілдерін қолдану іскерлігі көрінеді. Жеке нақты елестетулермен қатар балаларда жалпы елестетулер қалыптасуы қажет. Мысалы, бала есте сақтағанын суретке салғанда, бұл жалпы елестетулержемісті қалыптасады. Сосын балалар бейненің дұрыстығын тексеру үшін оны үлгімен салыстыруы қажет. Балалар мұндай салыстырумен айналысқанды онша ұнатпайды. Объекті мен бейнелердегі айырмашылықтарды көрсетіп, мұндай салыстыруларды ұйымдастыру қажет. Сонда балалар жиі заттың және суреттің бөлшектеріне сондай бір ұмтылыспен қарайды және оларды нақты бейнелеуге тырысады. Егер олар үнемі жалпы суретпен байланыстырмайды, олар басты назарды бөлшектер бейнесіне бөлсе, онда ол қорқынышты жағдай, емес, бұл әсіресе I және II класс оқушылары үшін тән. Кейін заттар қатарынан ұқсас белгілерді көре бастайды және (жалпы) түсінік қалыптасуы үшін үлкен маңыздылығы бар жалпы елестетулер жасалады.
Ескеру қажет, жинақтау әртүрлі ерекшеліктерді алып жүруі мүмкін. Жинақтаудың бірінші түрінде бұл топтар үшін мәнді заттар бөлінеді, екіншіде белгілерді араластыру болады, нәтижесінде әр түрлі заттар бірдей ретінде қабылданады.
Тәжірибелер көрсетеді, есте жалпылар аса берік, айқын сақталады. Балаларда жөке ағашы мен қайыңның жапырақтарының формаларын есте қалдыру ұсынылады. Бірнеше уақыт өткеннен соң олар екеуінде қайта жаңғыртулары қажет. Нәтижесінде екі жапырақта бірдей түрде салынды.
Мұндай жағдайда, балаларға қатал бейнеленген өзгеше белгілері бар жапырақтарды қайта жаңғырту ұсынылды, мысалы, үйеңкі жапырағы, бұл жапырақтағы кесіктері суретте арттыру. Жинақтау типі екінші түрімен ұқсас И.П. Павловтың жануарларға эксперименталды зерттеуі болды. Жинақтаудың бұл типі онымен генерализацияланған шартты рефлексі деп атанды. Эксперименттің негізі келесіні құрайды. Азықпен тітіркену дыбысы 40 кал/сек қуаттанылса, ит тек оған ғана әсер білдіре бастайды. Көптеген жағдайда ұқсас тітіркендіргіштер иттер үшін бірдей биологиялық маңызды болады. Оқушылардың есте қалдырулары, біз көргендей, бұл ережелерге бағынады. Балалар ұқсастарды өте жақсы есте қалдырады (айырмашылық жоқтай мән бермейді), бұл айырмашылықтарды ескермей. Қандай да мәні барлар бекітіледі.
Бұдан оларды есте қалдыру кезінде объектілерді дифференциалауға үйрену қажеттілігі шығарады. Осы мақсатпен заттың бұл ерекшеліктерінің маңыздылығын көрсету маңызды, мысалы жануарлардың аяқтарының айырмашылығын олардың өмір бейнесімен байланыстыру: иттің дараланған аяғы және аттың тұяғы, мысықтың тырнақты аяғы және қоянның алдыңғы және артқы аяқтарының ұзындықтарының әр түрлігі. Оқушыларға мұндай айырмашылық маңыздылығы түсінікті болғанда, олар берік және ұзаққа дейін есте қалады.
Байқаусыздан есте қалдырудан басқа, мәнді маңыздылығы барды дамыту қажет. Балаларды есте қалдыру тәсілімен үйрету қажет. Зерттеулер көрсетеді, балалармен мұндай жұмыс жүргізілмейді, сондықтан олар дұрыс емес тәсілдерді қолданады. Ойлаудың онан әрі дамуы есте қалдыратын материалдан мәнділерін бөліп, көрсете алу, арқа сүйеу болатын пункттарының астын сызып көрсету, олармен қалғандарын байланыстыру қажет.
Отандық психологтардың зерттеулерінің арқасында есте сақтауды функциялау және оны дамытудың толық концепциясы шықты.
Л.С. Выготский мен есте сақтаудың, психиканың дамуы сияқты толығымен әлеуметтік табиғат көрсетіледі. Аламның мәдени дамына ерекше мән беруде ойлап шығарған және белгілерді қолдану, және олардың көмегімен психикалық процестегі тікелей арғымды жанамаға айналдыру жасалады, Л.С. Выготский белгінің көмегімен белсенді еске сақтаудың мәнділігін көрді. Сонымен, Л. С. Выготский бойынша, адамның тарихи және жекелей дамуында біртіндеп ішкі белгілерді ішкі сөйлеудің сөзімен бейнесі түрінде ішкі сүйенішті есте қалдыру және қайта жаңғырту үшін құралына айналдыру болады. Л.С. Выготскийдің көзқарасына негізделе, А.Н. Леонтьев тікелей және жанама есте қалдырудың арақатынасында жастық өзгерісті көрсетті, ал А.Р. Лурия – мидың зақымдалған ауруларда есте қалдыру үшін құралын қолданудың әр түрлі мүмкіндігін көрсетті.
Жанама есте қалдыру тәсілдеріне қазіргі шетелдік балалар психологиясында белгілі маңыздық береді басталады. Мынадай тәсілдер бөлініп шықты: мектеп жасына дейінгі балалар үшін еске қалдыруға жататын, шынайы әрекеттерді заттармен орындау, қабылданатын белгілі білдіру ретінде есте қалдыру нәтижелелігін жоғарлату, және елестеген әрекеттерді ойдағы бейнелер жолымен операция жасау – бұл кіші мектеп жасындағы балаларға арналған. Кейбір зерттеулерде материалмен есте қалдыруға жататын ойлау іс-әрекетінен есте сақтаудың нәтижелігі тәуелді екеніне көңіл аударылады. Сонымен қоса іс-әрекет міндетті шешуге ұқсастырылады: балалар, материалды талдай отырып, мәселені анықтайды, болжамды тұжырымдайды, қажетті информацияны таңдап алады және т.б. Егер оларды белгілі стратегияға және есте қалдыру техникасына үйретуде, балалардың есте сақтауын едеуір жақсарту мүмкіндігі көрсетіледі.
Есте сақтауды қарастырудың негізгі аспектісі, аса зерттелгенді ырықсыз есте қалдыру мәселесіне қолдану, есте сақтау нәтижелігімен адам жекелей ерекшеліктерінің, оның мотиві, қызығушылығы, қажеттілігі, қоршаған ортаға қатынасы оның бағдарлары арасында байланыс құру. XIX ғасырдың аяғы және XX ғасырдың басында психологтардың тағы бір зерттеулерінен белгілі, адам үшін барлық жекелей маңыздылар ересектердегі сияқты, балаларда да орташа қарағанда есте едәуір берік сақталады. Бұдан басқа, баланың есте сақтауының даму онда ерік күштеріне әдеттердің қалыптасуынан тікелей тәуелді, солай болғандықтан есте қалдырудың мағыналы және жанамалы ерекшеліктерін қамтамасыз ететін ойлау іс-әрекеті сияқты ырықты қайта жаңғыртыру әрекеті көптеген қиыншылықтарды жеңу қажеттілігімен кездеседі.
Есте сақтаудың қарастырудың жаңа аспектісі информация және кибернетика теориясы дамуымен байланысты пайда болды. Машина құрылысын, информацияны кодтайтын және кодтай алмауды жасаудың қажеттілігін әр түрлі мамандардың адамның есте сақтаудың заңдарына қызығушылығын едәуір өсірді.