XVII ғасырдағы Европалық психология

 

  • Сананы психиканың критерии ретінде бөлуі
  • Б. Спинозаның психологиялық көзқарастары
  • Неміс эмпирикалық психологияның қалыптасуы
  • Санасыз психика туралы түсініктер

 

Психика – даму процесінде пайда болған материя қасиеттерінің бірі. Органикалық емес материяның мұндай қасиеті болмайды: ол түсіне де, ойлай да алмайды. Органикалық дүние көлемінде де материяның бәрінде бірдей психика бола бермейді. Түсіндіре және ойлай алатын материяға жсту үшін тірі табиғаттың ұзақ уақыт дамуы керек болды. Адам психикасы жоғары дәрежеде ұйымдаскан материяның ерекше қасиеті – мидың қасиеті. Бұл қасиет – айналадағы дүниені бейнелендіру. Дүниеге материалистік көзқарас материяның дамуы жөніндегі ғылымға негізделеді. Тіршіліктің пайда болуы, яғни тірі немесе органикалық материяның шығуы – материяның дамуыкдағы белгілі бір кезең больга саналады. Органикалық емес материядан пайда болған тірі материяның өзінің өлі материяға карағанда ерекше қасиеттері бар. Бұл қасиеттердің ішіндегі ең бір бастысы-тітіркенушілік. Сонымен психика тірі материяның барлығында бірдей бола беретін қасиет емес. Ол органикалык материяның жоғарғы формаларының қасиеті болып табылады.

Сана – объективті шындыкты тану, адам психикасының ең жоғарғы түрі. Сана адамның өзіне, табиғатка, басқа адамдарға қарым-қатынасын сезіне алдына мақсат қоя білуге, оны жүзеге асыруға мүмкіндік жасайды. Сана әрбір жеке адамға тән дара қасиет. Жеке санамен қатар өмір сүрген ортаға байланысты қалыптасатын қоғамдық санада болады, адам сапасының мазмұнына оның өскен ортасы, қоғамдық болмыс ықпал жасап отырады. Адамның психикасы, санасы оның қоғамдық қызметтері мен түрмыс жағдайларына байланысты дамиды. Қарастыруға оңай болу үшін психологияның негізгі түйіндері үш категорияға біріктіріледі: психикалық процестер, психикалыц күйпер, психиканың ерекшеліктер, қасиеттер. Әдетте, психикалық процестерге таным процестері жатады: түйсік пен қабылдау — сезім мүшелерін тікелей әсер ететін заттар мен тітіркендіргіштер бейнесі; елестеу мсн ойлау — адам санасында жалпыланған және өвделінген жай санада болмайтын шындық ерекшеліктерінің бейнесі; эмоциялық процестер (сезімдердің пайда болуы, кажеттілікті етеуге байланысты динамикасы т.б.). Психикалық процестер деп, сезімді бастан кешіру (көңіл-күй, аффект), зейін (зейінділік, зейінсіздік), ерік (сенушілік, сенбеушілік, күдік) және тағы басқаларын айтады. Тұлға ерекшеліктері немесе психикалық касиетке: ақыл, ойлау сапалары; мінезде, темпераментте және қабілетте бекінген ерік сферасының тұрақты ерекшеліктері; белгілі жолмен әрекет жасауға қалыптаскан және қайта пайда болатын түрткілер, сезім ерекшеліктерін (ашушаңдық, сентиментальдық) және т.б. айтуға болады. Бүл психиканың барлық көріністерінің үш категорияға белінуі шартты турде «психикалық процесс» түйіні психологиямен анықталатын деректің динамикасын, процессуалдығын айқындайды.

Бір ғана психикалық дерек, мысалы аффект, яғни жүйке жүйесінің ерекше қозуынан туындайтын күшті эмоция, психикалық процесс ретінде де (себебі, мұнда сезім дамуының динамикасы көрсетіледі және бірін-бірі кезек алмастыратын кезеңдер айқындалған), психикалық күй (себебі, ол белгілі уақыт аралығындағы психикалық әрекет сипатын бейнелейді) және адамның психикалық ерекшеліктерінің көрінісі ретінде (мұнда тұлғанын ұстамсыздық, ашушаңдық, кекшіл сипаттары) анықталады. Психологияның негізгі сұрақтарын қарастырудың жолын тұлға әрекетінің даму принципі ашады. Тек осы ғана жалпы психологияны мазмұндаудың негізі болуы тиіс. Бұл принцип тұлғаның қарым-қатынаста және әрекетте зерттелуін, олардың негізгі көрінісін талқылауды, адам тұлғасы мен іс-әрекетінің танымдық, эмоционалдық жэне ерік сферасының қарастырылуын алдыңғы қатарға кояды.

Өзіндік сана – сананың өзіңді білу мен өзіңе қатынастың бірлігі ретінде көрінетін бір түрі. Өзіндік сана-сезім сыртқы ортаны жэне өзінді өзің танудың бейнеленуінен біртіндеп қалыптасады.

«Баланың өзін-өзі аңғаруынаи кейін,-деп жазды И.М. Сеченев – есейгенде адамның өз санасының актілеріне сын көзбен қарауға, яғни өзінің бүкіл ішкі дүниесін сырттан келіп қосылатын барша күбылыстардан бөліп қарауға, оны талдауға жэне сыртқымен қатар қоя қарауға (салыстыруға) бір сөзбен айтқанда, ез санасының актін зерггеуге мүмкіндік беретін өзіндік сана-сезім пайда болады». В.С. Мерлиннің пікірінше, өзіндік сананың күрделі психологиялық құрылымы: біріншіден-өзінің тендестігін ұғынуды; екіншіден-белсенді іс-эрекетшіл негіз ретінде өз «менін» ұғынуды; үшіншіден-өзінің психикалық қасиеттері мен сапаларын ұғынуды; төртіншідеи-өзін-өзі әлеуметтік-адамгершілік бағалаулардың белгілі бір жүйесін қамтиды.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *