АҚЫН-КОМПОЗИТОРЛАР

АҚЫН-КОМПОЗИТОРЛАР— ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де игерген өнерпаздар. Қазақтың дәстүрлі өнері өзінің синкреттілігімен ерекшеленеді. Яғни қазақтың “өнерлі” деген ұғымының аясына әнші-күйшіні де, ақын-жырауды да, батыр-палуанды да, үйші- өрімшіні де, етікші-зергерді де, тіптен шаруаның ығын білетін іскерлерді де жатқызған. Халықтың рухани сұранысы мен көшпелі өмір салты бір адамның алуан түрлі өнер иесі болуын қажет еткен. Ондай өнерпаздарды халық “сегіз қырлы, бір сырлы” деп атаған. Осынау синкретті өнерпаздық дәстүр қазақтың 19 — 20 ғ. аясындағы ақын-жазушылардың бойынан айқын байқалады. Хат танып, жазба мәдениетті меңгергенімен, ұлттың дәстүрлі мәдениетіндегі әмбебаптық қасиет қазақ ақын-жазушыларының басым көпшілігінің шығармашылығына тән болды. Қазақ қаламгерлері ақын-жазушы ретінде неғұрлым тегеурінді болса, соғұрлым олар шығарған ән-күй де төлтума болмысымен дараланып отырады. Бұл ретте, Абай Құнанбаев, Әсет Найманбайұлы, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбайұлы, Иса Байзақов, Нартай Бекежанов, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов сияқты жазба ақындардың әндері мейлінше дара саз-сарынымен, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің қадір-қасиетін сақтай отырып, әрқайсысының өзіндік әуен-нақыш қалыптастыруымен ерекшеленеді. Қазақ ақын-композиторларының әндері қазақ ән өнерінің көкжиегін кеңейткен, әуен-сазын байытқан, тақырып өресін ұзартқан рухани құбылыс ретінде назар аударады. 

Бүгінгі таңда өнер түрлерінің сараланып, өнер жанрлары орныққанына қарамастан қазақ ақын-жазушыларының тамаша ән-күй шығаратын дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Мыс., Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Ілия Жақанов, Ақселеу Сейдімбек, Бәкір Тәжібаев, Жәнібек Кәрменов, Қажытай Ильясов, Жұматай Жақыпбайұлы, Исраил Сапарбай сияқты ақын-жазушылардың ән-күйлері ел ішіне кеңінен тараған.

— ақындықпен қатар композиторлықты да, әншілікті де игерген өнерпаздар. Қазақтың дәстүрлі өнері өзінің синкреттілігімен ерекшеленеді. Яғни қазақтың “өнерлі” деген ұғымының аясына әнші-күйшіні де, ақын-жырауды да, батыр-палуанды да, үйші- өрімшіні де, етікші-зергерді де, тіптен шаруаның ығын білетін іскерлерді де жатқызған. Халықтың рухани сұранысы мен көшпелі өмір салты бір адамның алуан түрлі өнер иесі болуын қажет еткен. Ондай өнерпаздарды халық “сегіз қырлы, бір сырлы” деп атаған. Осынау синкретті өнерпаздық дәстүр қазақтың 19 — 20 ғ. аясындағы ақын-жазушылардың бойынан айқын байқалады. Хат танып, жазба мәдениетті меңгергенімен, ұлттың дәстүрлі мәдениетіндегі әмбебаптық қасиет қазақ ақын-жазушыларының басым көпшілігінің шығармашылығына тән болды. Қазақ қаламгерлері ақын-жазушы ретінде неғұрлым тегеурінді болса, соғұрлым олар шығарған ән-күй де төлтума болмысымен дараланып отырады. Бұл ретте, Абай Құнанбаев, Әсет Найманбайұлы, Кенен Әзірбаев, Шашубай Қошқарбайұлы, Иса Байзақов, Нартай Бекежанов, Сәкен Сейфуллин, Қасым Аманжолов сияқты жазба ақындардың әндері мейлінше дара саз-сарынымен, қазақтың дәстүрлі ән өнерінің қадір-қасиетін сақтай отырып, әрқайсысының өзіндік әуен-нақыш қалыптастыруымен ерекшеленеді. Қазақ ақын-композиторларының әндері қазақ ән өнерінің көкжиегін кеңейткен, әуен-сазын байытқан, тақырып өресін ұзартқан рухани құбылыс ретінде назар аударады.

Бүгінгі таңда өнер түрлерінің сараланып, өнер жанрлары орныққанына қарамастан қазақ ақын-жазушыларының тамаша ән-күй шығаратын дәстүрі әлі де жалғасып келеді. Мыс., Кәкімбек Салықов, Мұхтар Шаханов, Ілия Жақанов, Ақселеу Сейдімбек, Бәкір Тәжібаев, Жәнібек Кәрменов, Қажытай Ильясов, Жұматай Жақыпбайұлы, Исраил Сапарбай сияқты ақын-жазушылардың ән-күйлері ел ішіне кеңінен тараған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *