АҚЫЛЫ ОҚЫТУ — Қазақстан Республикасы оқу орындарында азаматтарға төлемді білім беру жүйесі. А. о. жүйесі мемл. стандарттан тыс қосымша білім беру жағдайында, оқушының, ата-ананың еркі мен қалауы негізінде жүргізіледі. Мемл. білім беру мекемелеріндегі А. о. тәртібі Қазақстан Респ-нда арнаулы ережемен бекітілген. Мемл. емес білім беру мекемелерінде оқыту ақылы негізде жүзеге асырылады. Қазақстан Респ. Конституциясында: “Жекеменшік білім беру мекемелеріндегі ақылы оқыту заңда белгіленген тәртіппен жүргізіледі” — деп көрсетілген (30- бап, 3-тармақ).
Ата-ана ұйғарымымен және екі жақты келісім бойынша жүргізілетін репетиторлық даярлық негізінде қосымша оқыту да А. о-ға жатады.