Кино-фото құжаттарын, кезеңдік баспа материалдарын пайдалану

 

Жоспар:

  1. Кино, бейне таспа, Баспадағы тарихи мәліметтермен жұмыс әдістері.
  2. Баспа мәтіндері Қазақстан тарихы бойынша білім (Қазақстан Республикасы құжаттары, тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиеті).
  3. Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекілік.

 

Заттарды көріп қабылдау арқылы оқыту үрдісінде оқушыларда бейнелік ұғым қалыптасады. Көрнекі құралдар  оқушылардың сабақты қызығып тыңдауын қамтамасыз етеді және материалды түсіну жолдарын оңайлатады. Көрнекі құралдарды қолдануға байланысты былай бөлуге болады :

Табиғи көрнекі құралдар – бұл әлі өзгертілмеген табиғи түрдегі көрнекі құралдар болып табылады, оған: түрлі өсімдіктер, жануарлар мен жәндіктер, олардың коллекциялары, машина, оның детальдары жатады.

Эксперименттік көрнекі құралдар – оған эксперименттік тәжірибелер, лабараториялық жұмыстар жатады.

Көлемдік көрнекі құралдар – оған геометриялық фигуралар, макеттер, тұлыптар жатады.

Бейнелеуші көрнекі құралдар – оған түрлі фотосуреттер, таблицалар жатады.

Техникалық көрнекі құралдар – оған оқу фильмдері, диапозитивтер, диафильмдер, фильмоскоп, эпидоскоптар арқылы көрсетілетін көрнекіліктер жатады. Дыбысты көрнекі құралдардан әр тақырыпқа байланысты, радио, теледидар, үнтаспаны пайдалануға болады. Компьютер.

Символды көрнекі құралдар – географиялық, тарихи, зоологиялық карталар, жоспарлар жатады. (экономикалық, саяси, физикалық, схемалық, тақырыптық, мылқау карталар).

Графикалық көрнекі құралдар – оған, сызбалар, диаграммалар, таблицалар, үлгілер, сызықпен түсірілген бейнелер жатады.

Ішкі көрнекілік – мұғалімнің сөзі арқылы құрылтын бейнелер.

Жалпы көрнекіліктерді қазіргі таңда сыртқы белгілеріне қарай:

  • баспа, экранды, дыбыстық

 Мазмұнына қарай:

  • пәндік, бейнелеуші және шартты-графикалық деп бөледі.

Көрнекілік әдістер екі үлкен топқа бөлінеді. Олар : иллюстрация әдісі және демонстрация әдістері.

       Демонстрация әдісі (көрсету) — түрлі құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Нысананы көрсету оның сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысы). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Демонстрациялау көбінесе оқушылардың іс тәжірибелік оқу әрекетімен ұштаса жүргізіледі. Оқытуды бұлай ұйымдастыру оқушылардың оқу материалын жеңіл әрі терең ұғынуына мүмкіндік туғызады, олардың ойлау әрекетін жандандырып, қосымша ақпараттар береді. Демонстрациялық көрнекі құралдарға :

  • Экранды және экранды дыбыстық : ( техникалық оқыту құралдары), оқу киносы, диапозитив, диафильм, радио, үнтаспа, киноскоп, кинопроектор, диапроектор, эпипроектор, графопроектор, эпидоскоп, теледидар, видеофильм, компьютер (мультимедиа) секілді техника құралдары қолданылады.
  • Заттар мен құбылыстарды қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады, онда табиғат, оның құбылыстары, жан-жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары, заттардың муляждары, макеттер, модальдер, экспонаттар қолданылады.

Оқытудың көрсету құралдарын қолдануға қойылатын талаптар :

  • көрсету құралымен жұмыс жасай білу керек.
  • көрсету құралдары, көрсетілетін заттар пайдалануға дайын болу керек.
  • көрсетіліп отырған материал барлық оқушыға көрінетіндей болу керек.
  • көрсету құралдарымен жұмыста техникалық қауіпсіздік ережесін сақтау керек.
  • көрсету құралын сабақ барысында қажетті уақытта ғана қолдану керек.
  • сабақ барысында көрсету құралдарын 10-15 минут шамасында ғана қолдану керек.
  • Қолданылатын көрнекіліктер оқушының жас ерекшелігіне сай болу керек.

Иллюстрация әдісі – демонстрация әдісімен тығыз байланысты. Бұл әдісті иллюстративті құралдарды көрсетуде қолданады. Бұл әдістің нәтижелі болуы оның қолдану тәсілдерін оқытушының қаншалықты меңгергеніне байланысты болып келеді. Ол арқылы оқу материалын табысты игеріп, ғылыми ұғымдарды жеңіл меңгеруге септігін тигізеді. Иллюстративті құралдарға:

  • Бейнелеушілік: картиналар, аппликациялар, суреттер, тақтаға жазу, сызу, шиырмалар, плакаттар жатады.
  • Шартты-графикалық: карталар, сызбалар, графиктер, таблицалар, планшеттер, картасхемалар жатады.
  • Таратпа материалдар: карточкалар, перфокарталар, оқу лотолары, суретті-карточкалар, шығармашылық үлгідегі тапсырмалар.т.б жатады.

Қандай ғылымда болмасын өзінің  ұғымдары болады.

Ұғым – заттар мен құбылыстардың мәнді ерекшеліктерін, байланыстарын және қатынастарын, олардың қарама-қайшылығы мен дамуы үрдісінде бейнелейтін ой формасы, белгілі бір класқа жататын заттардың жалпы және тек соларға ғана тән ерекшеліктерін жинақтап көрсететін ой немесе ой жүйесі. Ғылыми ұғымдар заттар мен құбылыстардың мәнді және қажетті қасиеттерін бейнелейді, ал оны белгілейтін сөз бен таңбалар (формулалар) ғылыми термин болып табылады.

Ұғымдарды реттеу жолдары:

  • Зерттеу тақырыбына сай қажетті ұғымдарды жинақтау, оларды мағынасына қарай бөлу.
  • Олардың мән-мағынасын ашып, білу, түсіну.

Өзіндік бақылау сұрақтары:

1.Кино, бейне таспаны қазақстан тарихы сабақтарында қалай пайдалануға болады?

2.Қазақстан тарихы бойынша тарихи қүжаттар, мектептегі тарихи хрестоматиялар коркем әдебиетпен жұмыс түрлері қандай?

3.Қазақстан тарихы бойынша көрнекі құралдарды классификациялау (топтастыру) пәндік көрнекілік, (бейнелеу) суретті көрнекілік, шартты-графикалық (схемалық) көрнекіліктерге сипаттама беріңіз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *