Мақсаты. Пән және курс мақсаты, негізгі оқу материалы, негізгі проблематика. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы, Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының хронологиялық шегі ,сабақ жүргізу, мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану жайлы білімді меңгерту
Жоспар:
- Пән және курс мақсаты. Негізгі оқу материалы. Негізгі проблематика. Қазақ мемлекетінің құрылу тарихы.
- Көшпепді дала цивилизациясының мәнін (маңызын) ашып көрсету.
- Қазақстанның ежелгі және ортағасырлық тарихының хронологиялық шегі (рамкасы).
- Сабақ жүргізудің интерактивтік түрі. Қосымша мөліметтер. Хрестоматиялар.
- Мұражайлар мен көрмелердің мүмкіндіктерін пайдалану.
Пән , курсаралық,курсшілік байланыстарды жүзеге асырудың әдістемелік жолдары. Мұғалім сабаққа дайындала отырып, пэн, курсаралық , куршілік байланысты жүзеге асыратын қай жерінде, қалай етіп жүзеге асыратынын белгілейді. Ең тиімді әдіс оқушылармен әңгімелесу, осы арқылы олардың басқа пэннен, тарих курстарынан, немесе осы курстың өзінен, бүрын оқыған, немесе қазір оқып жатқан мэселелері еске түсіріледі.Оқушыларға берілетін сүрақ оларды ойландыратындай, кейде проблемалық сипатты да болуы керек.Әңгімелесу әдісінің артықшылығы оқушыларды ойландырады, бү_рын алған білімдерін қайта еске түсіріп, жүйеге келтіреді, олардың білім деңгейін анықтауға мүмкіндік береді, оқушылар бір-бірін толықтырады, көбі қатысады.Әрине бүл әдісті пайдалану сыныптың дайындық дэрежесіне байланысты.Демек, барлық сыныпта бірдей, әрі үнемі пайдалануға болмайды деген сөз. Мұндай байланыстарды жүзеге асыруға оқулық мәтіні, тарихи қүжат, көркем эдебиет үзіндісі, тарих дэптеріндегі жазулар, кестелердегі сандық мәліметтер, оқу фильмдерінің үзінділері т.б. қүралдар көмектеседі.Сыныпта қйындық туса жүмысты жеңілден бастап, мүғалім үлгісін көрсетіп, бірте-бірте күрделендіруі тиіс.
Егер де пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру кезінде мүғалім белгілі бір үғыммен жүмыс істеитін болса оған алдын ала назар аударған дүрыс. Тарих сабақтарында көбірек кездесетін үғымдарды үш топқа бөлуге болады олар: белгілі тарихи дэуірге тэн жеке нақты тарихи қүбылыстарды білдіретін ұғымдар мэселен, терімшілер, тас қүралдар, ру т.б.Бүлар онша күрделі емес, көбін бір сабақта — ақ толық түсіндіруге болады.Екінші топқа жататындар жалпы тарихи үғымдар, олар нағыз тарихи үғымдар болып есептелінеді.Бүлардың қатарына , қүлдар, шаруалар, эскери демократия, хан, бай, феодал сияқтылар жатады.Бүлар бірнеше сабақтарда түсіндіріледі жэне біртіндеп жаңа белгілермен толыға түседі. Үшінші топқа жататын ұғымдар элеуметтік тарихқа қатысты үғымдар. Бүлар тарихи үрдістің жалпы байланыстары мен заңдылықтарын корсетеді. Мэселен тап, мемлекет, мэдениет, өндіргіш күштьер, өндірістік қатынастар осындай үғымдар. Бүлар күрделі үғымдар қатарына жатады жэне бүкүл тарих курсында кездесіп отырады. Бүларда қоғамдық кү-рылысқа, оның даму кезеңдеріне байланысты жаңа белгілермен күрделене түседі. Бүл үғымдар қоғамтану, қүқық негіздері, экономикалық география пэндерінде де кездеседі.
Қоғамдық негізде ұйымдастырылған мектеп мұражайлары балаларда жоғары адамгершілікті қалыптастыруда, қоғамдық саяси белсенділікті дамытуды, жалпы білім шеңберлерін кеңейтуді өзіне басты мақсат етіп қояды. Мектеп мұражайларын ұйымдастыру процесінде оқушылар өлке тану жұмысына қатыстырылады, өз өлкесінің табиғат байлықтарын, халықтың экономикасын, тарихын оның революциялық, жауынгерлік және еңбек дәстүрлерін зерттеп біледі. Мектеп мұражайы балалардың танымдық қабілеттерін дамытуға көмектеседі. Оқушылар әдебиеттермен, анықтамалармен, документтермен жұмыс істейді, архив материалдармен танысады, материал жинауда халықтың көмегімен сұрайды, байқау, талдау жасауды үйренеді, тәжірибе алмасады, өз білімдерін ортаға салады үйренеді, еңбек мәдениетенің дағдыларына ие болады. Мұражайда жұмыс істей жүріп балалар практикада қолдануды үйренеді. Мектеп мұражайларының сабаққа қолданатын документті материалдарын оқу процесінде жандандырады, оның мазмқнын нақтылай түседі, білімді тиянақты меңгеруге көмектеседі, оқушыларға үлкен эмоциялдық ықпал жасайды.
Мектеп мұражайы – халық халық мұражайларының бірі болып есептеледі. Мұражайдың негізгі белгісі — түп нұсқа материалдар қорының, табиғатпен қоғам тарихы ескерткіштерінің ( документтер, хаттар, күнделіктер, материалдар коллекциясы, қару, еңбек құралдары, халықтың тұрмыс, мәдени бұйымдары тағы сол сияқты ) болуы. Қазіргі уақытта мектептерде мұражайлардың төмендегідей профильмдер бар: өлке тану ( осы қаланың, селоның, ауданның тағы басқа, табиғаты мен тарихының экспозициялары ), тарихи ( тарихи – революциялық, әскери – патриоттық ), ғылыми – жаратылыстық, көркем ( өнер тану, әдебиет ). Кейбір мектептерде мұнымен қатар мемориалдық мұражайларда да бар. Мектеп мұражайларының неғұрлым кең тараған профильдері – тарихи – революциялық және өлке тану мұражайлары.
Тарихи – революциялық мұражайлар өз өлкесіндегі революциялық қозғалыстың тарихын ашады, адамдардың ерлік істері туралы материалдар жинақталады.
Әскери – тарихи мұражайлар ( жауынгерлік даңқ мұражайлары ) адамдарының ерліктерін жаңғыртатын тарих беттерін елестетеді, жас өспірімдерге, Отанды қорғауға әзір болуды тәрбиелейді, Жауынгерлік даңқ мұражайларының девизі – « Ешкім де ұмытылған жоқ, ешнәрсе де ұмытылмайды ». Жауынгерлік даңқ мұражайы негізінен осы территориядағы жауынгерлердің өмірімен байланысты.
Өлке тану мұражайларында өз өлкесінің табиғаты, тарихы, экономикасы, мәдениеті туралы материалдар болады, оқушыларда патриоттық сезімін тәрбиелейді, оларды халық өмірімен жақындатады, өндірістік ұжым қызметтерімен таныстырады.
Мектептің политехникалық мұражайы бірнеше жыл бойы ұйымдастырылады. Ол алғашында мектеп өлке тану мұражайының политехникалық бұрышы немесе бөлімі болуы мүмкін. Экспонаттары ең алдымен облыс, аудан өнеркәсібінің басты салалары және ауыл шаруашылығының негізгі бағыттары туралы баяндауы қажет. Шағын профильді, мектеп тарихы мұражайын құру тиімді болып табылады. Олар оқушыларды озат мұғалімдердің , мектеп түлектері — өндіріс жаңашылдарының, Ұлы Отан соғысына қатысқандардың, даңқты еңбек ерлерінің қызметтерімен, жергілікті ұйымның тарихымен таныстырады.
Барлық пән мұғалімдері оқу жылына, жарты жылға немесе оқу тоқсанына перспективалық жоспар жасағанда оқушылардың мұражайда жұмыс істеуін және мұражай материалдарын оқу программасына сәйкес пайдалануды ескертулері қажет. Мектептің тарихи мұражайының документтік, түп нұсқа материалдары тарих пен қоғам тану пәні мұғалімдеріне тарихтың басты кезеңдерін, қоғам дамуының негізгі заңдарын баяндауға көмектеседі. Мысалы кезкелген бір бөлімді оқытқанда мұғалім мұражайдың нақты матреиалдары негізінде еңбекші халықтың тұрмысын, жұмысшы табының экономикалық және саяси бостандық үшін күресін, қала мен ауыл көпшілік бұқараның өрлеуін көрсетеді. Ол сабақта ержүрек ұрпағы, даңқты, жұмысшылар өнеркәсібінің тарихы туралы документтерді пайдаланады.
Мектеп мұражайын құру – мұғалімдер мен оқушылар ұжымының еңбегінің нәтижесі. Мұражай – тек қана өткендегінің құнды материалдарының, қасиетті заттарының қоймасы емес. Ол қазіргі заманмен жанды байланысты нығайтуға, бүгінгі күнді көрсете білуге, біздің еліміздің болашақ перспективасын ашуға жәрдемдеседі.
Мұражайда ( оқу программасына сәйкес ) мұғалімдердің басқаруымен оқушылар сабақта тарататын материалдар әзірлейді, жорықтар мен экспедициялардың материалдар бойынша тақырыптық кинофильм мен диафильмдер жасалады, мұражай экспозицияларының тақырыптары бойынша ең жақсы деген жұмыстар ( өлең, шығарма, сурет, скульптура, графика т.с.с ) ұсынылады. Сынып жетекшілері, ұйымдарға мектеп мұражайының тақырыптары бойынша экскурсиялар мен жорықтар дұрыс жоспарлап, өткізуге, мұражай экспозицияларын әңгімелер, диспуттар өткізу үшін пайдалануға көмектесулері тиіс. Мектептерге мұражайлар ұйымдастыруға едәуір көмекті мектептен тыс мекемелер – сарайлары мен үйлері, жас туристер, техниктер, натуралистер станциялары көрсетіге міндетті, әсіресе балалар активінің ішінен безендіруші, экскурсия жетекшісі, тілші, лекторлар дайындауға міндетті.