АҚЫЛ

АҚЫЛ — адамды басқа тіршілік иелерінен ерекшелейтін аса маңызды қасиет. Ежелгі ойшылдар еңбектерінде ақылдың екі деңгейі болатыны айтылады. Ол — пайым және парасат. Пайым — ақылдың табиғи күші, ол әрбір адамға тән. Есі дұрыс әрбір адамның тіршілік дағдыларын қай дәрежеде меңгергендігіне байланысты ойлау жүйесінің ең төменгі буыны. Парасат — ойдың мүлдем жаңа таным- білімдерді қорыта алатын және шындықтың аса терең мәнін танып біле алатын жоғары жасампаздық қабілеті. Филос. тарихында ақылдың осы екі деңгейін зерттеуге неміс фолософы Кант зор үлес қосты. Ол ойлау жүйесінің үш қасиетін бөліп атайды: жалпыны тану қабілеті (тіршілік ережелерін белгілеуі немесе ұғып алуы) — пайымдылығы; ерекшені жалпымен байланыстыруы (яғни жеке жағдайларды жалпының ерекшелігіне ендіруі) — тұжырымдау қабілеті; ерекшені жалпы арқылы анықтау қабілеті (яғни принциптерді шығару қабілеті) — парасаттылығы. Интеллектуалдық таным қабілеті әр адамда әр түрлі, тіпті бір адамның өзінің түрлі өмір кезеңдерінде ол бірдей болмайды. Ойлау қабілетін дамыту, тәрбиелеу керек. Адам танымының табиғи прогресі туралы айта келіп Кант алдымен ақыл дамитынын: тәжірибенің негізінде ой айқын тұжырымдарға, сонан соң тұжырымдар көмегімен ұғымдарға жететінін, содан кейін бұл ұғымдардың негіздері және себеп-салдарлары ақылмен танылып, ең соңында ғылыми жүйеге келтірілетінін дәлелдейді. Сондықтан ақыл беруде (жас жеткіншектерге) дөл сол жолмен жүруге тиіс. Окытушы да өз тыңдаушысынан алдымен пайымдай алуды, сонан соң ақылдылықты, ең ақырында ғалымдық қасиеттерді күтуі керек. 

Ақыл-ой дамуының ең жоғарғы дәрежесі — даналық (өмірлік тәжірибеге сүйенетін терең ақыл). Адамның кейбір интеллектуалдык қызметтерін “жасанды интеллектіге” беру — компьютерлерді кеңінен қолдану да ақыл-ой қабілеттерін әрі қарай жетілдіреді. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *