Мектеп лекциясы

 

  1. Мазмұндаманың /дәрістің/ иллюстрациялық түсіндірмелік және проблемалық сипаты.
  2. Тарихты оқытудағы әңгімелесу рөлі. Әңгіме түрлері және оған қойылатын талап.
  3. Тарихта анықтама мен көркемдік әдебиеттің рөлі мен оларды оқу процесінде қолдану мүмкіндігі.
  4. Материалды баяндауды мүғалімнің түрлі білім деректерін пайдалануы. Ауызша баяндау процесінде оқушылардың танымдық шығармашылығын ұйымдастыру.

 

Дәрістер — мүғалімдср соңғы уақытга жоғары сыныптарда дөріс оқуға әуестеніп алды. Дегенмен, әдістеме ғылымы классиктерінің мсктеп дәрісі — мазмүндау нысаны емес, тарих сабағының бір түрі, оны жүргізудің ерекше әдісі деген түжырымы естен шыкдауы керек. Сондықтан мектеп дәрісі ерекше өдістемені қажет етеді. Өйткені айтылғанды жазып отыру үшін дөріс тындау нәтиже бермейді. Дөріс барысында кітап оқығанда және кітапты конспектілегенде атқарылатын жүмыстар жасалуы тиіс. Дәрістің мақсаты — тындау, талдау, басты мөселені бөліп алу, конспектілеу ептілігін дамыту. Сол үшін бастапқы кезде оқушыларды тарих оқулығын конспектілеуге үйрету қажет.

Келесі кезекте оқушыларды ауызша сөзді конспектілеуге үйретуге болады. Түсіндірудің алдында мүғалім оқушыларға түсінікті және жазбаларының бірізді болуы үшін қысқаша жоспарды айтып жаздырады. Материалдың белгілі бір бөлігін баяндаған мүғалім оқушылардың қатысуымсн нсгізгі ойды айқындайды, жазатын мәтіннін, нобайьш жасайды. Матсриалды баяидау барысында оқушылардьщ жазу жылдамдығын кдцағалау қажет. Оқуіиылардьщ қалай жазып отырғанын да эр кез қадагалау орынды, қажет болса жазтан мәтінін оқыту, қатесі болса түзету, тіпті жазу барысында қандай сөздерді қысқартуі’а болатындығы ескертіледі. Олар келссі сабақта ез жазбаларын окл отырып, басты мөселенің қайсысы назардан тыс қалғандығын, екінші кезекгсгі қандай деректерді жазбай қоюға болатындытъша көз жеткізеді. Мазмүнына және дидактикалық міидстіис байланысты мсктсп лекциясы мынадай түрге бөлінеді. 1) курс бөлімінің негізгі мәселелерімен алғаш рет таньтстыратын кіріспе лекция; 2) теориялық материал және негізгі деректердіі қамтитын тақырыптық дәріс; 3) тарих курсы бойъшша негізгі мәселелерді оқушылардьщ жадында жаңғыртатын қайталау — жинақтау дөрісі. Кейде дөріс мазмүны оны тыңдау барысында жаңа тарихи деректер, жақа үғымдар мен есімдерді арнайы кестеге енгізіп отыруға мүмкіндік береді.

Түсіндіру — басты деректер мен теориялық материалды мазмұндаудың кең таралған тәсілдерінің бірі. Бұл түсінік, ұғым, баға, қорытынды, тұжырым түрінде игерілетін ақпараттың бөлігі. Үғым (салық, жасақ) мен себеп-салдарлы байланыстардың мәнін (Қазақ Ордасының құрылуының алғы шарттары) мұғалім түсіндірудің көмегімен аша алады. Осы тәсілдің көмегімен тарихи деректер мен құбылыстардың мәні мен маңызы, ішкі байланыстарының зандылығы ашылады. Түсіндіруде деректерді талдау барысында жасалған бір тұжырым екіншісінен ерекшеленіп тұрады.

Түсіндіру әдісі оқушылар үшін оңай болғандықтан ол барлық сыныптарда қолданылады. Тарихи білім дайын күйінде беріледі, оқушылар оларды түсініп, есте сақтай білуі керек. Бұл тәсілдің кемшілігі оқушылардың өздігінше танымдық әрекетін шектейтіндігінде.

Пікір (пікір білдіре отырып мазмұндау) себеп-салдарлы байланыс пен ұғымның негізгі белгісін анықтауда қолданылатын түсіндірудің нұсқасы. Бұл тәсіл мұғалімнің оқушыларға ойлау барысы, деректерді талдау үлгісін көрсетуге мүмкіндік береді. Мұғалім оқушылардың ойын белсенді танымдық әрекетке жетелейді. Пікір білдіру оқушылардың назарын аударатындай мәселе қоюмен қатар жүруі мүмкін. Мұғалім әрбір мәселеге ой толғауы, деректерді салыстырған пікір түрінде жауап береді. Нәтижесінде оқушылар оқу материалының теориялық мазмұнын қиналмай игереді.

Бұл тәсілмен бірге қисынды сұлба, оқу жаднамасы, мәтіндік кесте, жапсырма сияқты оқыту құралдары қолданылады.

Мұғалімнің мәселелік мазмұндауынан туындаған міндеттерді оқушылар бұрынғы алған білімдеріне сүйеніп, өз бетінше шешуі тиіс.

Әрине, өзекті мәселені мазмұндау барысында теориялық білімдерді игеру басты мақсат емес, бұл жердегі басты мақсат оқушылардың оқу процесіне деген жеке қабілеттерін қалыптастыру.

Өзекті мәселені іздену әдісін дерегі мол немесе күрделі материалды игеру немесе уақыт тапшы жағдайларда қолдану тиімсіз. Сол сияқты бүл әдіс мұғалім мен оқушы арасында тығыз байланыс болмаған жағдайда да нәтиже бермейді.

Окушылардың ақыл-ой дағдылары мен тәсілдері

Ақыл — ой әрекетінің тәсілдері оқу жұмысы тәсілдерінің тасасында, елеусіз көрінеді. Дағдылардың әрбір тобын игеру қарапайым ұйғарымдарды орындауды талап етеді. Ойлау әрекетінің алғашқы дағдыларын оқушылар 4-5 сыныптардан бастап қолданады. Мұғалім оларды тархи оқиғаларды кім? (не?) қандай? неге? қалай? не үшін?деген сұрақтарға жауап беру арқылы мазмұндауға үйретеді.

Теориялық материалды оқып-үйрену тәсілдерінің жүйесіне сөздік-үғымдық ойлау тәсілдері де енеді. Оған талдау және жинақтау, салыстыру, топтастыру, дәлелдеу, ең маңыздысын бөліп алу, тұжырым қалыптастыру, қиялдау мен есте сақтау әдістері жатады.

Окушылардың ақьш-ой дағдылары сыныптан сыныпқа өткен сайын күрделене түседі. Олардың негізгі тізімі мынадай: 5 сыньш — жеке оқиғаларды салыстыра алу, деректерді суреттеу дағдылары; 6 сынып — тарихи деректерді жинақтап, талдап, қарапайым қорытындылар жасау, елдерді табиғи жағдайларын, еңбек, мәдениет ескерткіштерін салыстырмалы түрде суреттей алу; 7-сынып — қоғамның әлеуметтік топтарының басты белгілерін анықтау; бір үлгідегі құбылыс, процестерді салыстыру; оқиғалардың себебін жинақтап, маңызын анықтау; өз тұжырымдарын түрлі дерек көздерімен дәлелдеу;

Тарихи түсініктерді қалыптастыру. Тарихи пәннің көптеген пэндерден ерекшелігі — негізінен өте ертедегі фактілерді, оқиғаларды баяндайтындығында. Оларды қүр атап айта салсақ оқушыды ешқандай білім қалыптаспайд. Білімді қалыптастыру үшін өткен оқиғаның, фактінің бейнесін оқушының көз алдына келтіре отырып, оларда сол оқиға туралы түсінік қалыптастыруымыз керек. Ал, түсініктер сезу, сезіну арқылы қалыптасады, ол екі тэсілдің көмегімен жүзеге асады: көру арқылы — демек көрнекі, техникалық т.б. көрінетін күралдар көмегімен жэне мүғалімнің тарихи фактіні суреттей, сипаттай айтуымен. Бүл міндеті жүзеге асыру үшін қандай факті, оқиға туралы тарихи түсінік қалыптастыратынымызды біліуіміз кеерк. Тарихи түсініктер үш түрлі объектілер туралы қалыптасуы тиіс.

а) қоғамның өткендегі барлық тарихын, фактілерді қамтитын: материалдық
өмір — тү-рмыс (еңбек қүралдары, адамдар кэсібі, шаруашылықтың түрлі
салалары т.б.), элеуметтік — саяси өмір (эртүолі таптардың өкілдері: қүл, феодал,
капиталист, жүмысшы, мемлекттікң қүрылыс т.б.), тарихи қайраткерлер, соғыс
тарихының оқиғалары (қару — жарақ, шайқас алаңын әскрлердің орналасуы),
тарихи — мэдени өмір (халық тү-рмысы, өнер т.б.) т.б. туралы түсініктер.

э) тарихи уақыт туралы (тарихи оқиғаның белгілі бір уақытта болуы, оқиғалардың реті, үлақтығы) түсінік қалыптастыру қоғамның пәрмеңці дамуын түсінуге мүмкіндік береді.

б) тарихи кеңестік туралы (тарихи оқиғаны сол эрекет — қимыл болған жермен
байланыстыру, тарихи оқиғаны монолизациялау — жергіліктендіру…) тарихи
география — географиялық ортаның оқиғаның, қогамның, мемлекеттің т.б.
дамуына қалай эсер ететіні туралы түсінік қалыптастырады.

в)    тарихи қозғалыс.

Сонымен тарихты оқыту барысында үш түрлі түсінік қалыптастырады екен.

Осы түсініктерді қалыптастырудың әдістемесін білу де маңызды. Өйткені ол үшін көптеген эдіс , тэсілдер қолданылады: ауызша эдістермен қатар, көрнекі қүрал, эсіресі — бояулы суреттер, схемалар, кестелер, аппликациялар, сынып тақтасы қосымша эдебиет т.б. Бірақ та оларды қолдану: 5-6, 7-8, 9-11 сыныптарда түрліше.

Тарихи үғымдарды қалыптастыру. Кез келген пэнді, ғылымды білу, меңгеру деген, оның үғымдар жүйесін меңгғру деген сөз. Мектеп қабырғасында оқушылар тарих пэнін жеті жыл оқығанда оларды 300-дей үғым қалыптастырады. Әрине олар тек тарих пэнінің үғымдары емес. Тарихи білімді меңгеруде үғымдарды қалыптастыру маңызды орын алады.

Оқыту барысында тарихи түсінік те үғым да қатар қалыптаса береді. Бірақ айыр- машылығы мынада. Тарихи түсінік эр оқушыда түрліше қалыптасуы мүмкін, ал үғым бэрінде бірдей қалыптасады немесе қалыптасуы тиіс.

 

Өзіндік бақылау сұрақтары:

  1. Тарих сабағында түсіндіру және пікір айту тәсілдерін қалай
    қолдануға болады?
  2. Тарихи оқиғалар мен құбылыстарды салыстырудың түрлері
    мен тәсілдерін ата.
  3. Тарих сабағында өзекті мәселе қою қалай іске асырылады?
  4. Ақыл-ой тәсілдері мен дағдыларын ата және оларға анықтама
    бер
  5. Теориялық материалды оқып-үйренудегі оқушылардың әрекеті
    қалай ұйымдастырылады?
  6. Тарих сабақтарында дәрісті қалай ұцымдастыруға болады?

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *