Тарихты оқыту әдістері мен әдістемелік тәсілдер 

 

 

  1. Оқу әдістері туралы ұғым, тарихты оқыту әдістерінің жіктелісіне деген түрлі көзқарастар.
  2. Оқыту әдістерін таңдау критериясы. Оқытудың «әдісі»мен «тәсілдер» ұғымдарының қатынастылғы.
  3. Тарихты оқу процесіндегі әдістер мен тәсілдердің танымдық, тәрбиелік, дамытушылық ролі.
  4. Ауызша материал ролі: әңгіме, конспективті, образды, сюжетті әңгімелеу, картиналық жөне аналитикалық сипатау, түсіндіру ,талдау.

 

Негізгі ұғымдар мен терминдер:

Оқыту әдістері            кітаппен жұмыс                жаттығу

Оқыту тәсілдері          түсіндіру                        оқыту әдісін таңдау

Оқыту құралдары       көрнекілік әдіс               оқыту әдісін жетілдіру

Топтастыру, жіктеу    иллюстрация                            танымдық әдістер

Сөздік әдістер             демонстрация                          репродуктивті әдіс

Әңгіме                          бақылау                                  проблемалық әдіс

Әңгімелесу                   іс-тәжірибелік әдіс        эвристикалық әдіс

Пікірталас                    зертханалық жұмыс       түсіндірме-иллюст.әдіс

Дәрісбаян                     графикалық жұмыс       интерактивті әдістер

 

Оқыту әдістері дидактиканың негізгі құрамды бір бөлігі, себебі оқыту үрдісі оның мақсаты, мазмұны, әдістері, ұйымдастыру формаларының бірлігі болып табылады.

Әдіс /грекше «методос»-жол / ақиқатқа, шындыққа, мақсатқа жету жолдары. Оқыту әдісі- оқытушы мен оқушының жұмыс істеу әдісі, бірлесе жасайтын әрекеті, білім алу жолдары, ол арқылы білім, іскерлік, дағды қалыптасып, оқушылардың дүниетанымы мен қабілеті артады, таным процесі жетіледі.

Мұғалім оқыту әдістерінің көмегімен оқушыларға білім беріп, олардың тәжірибелік әрекетін ұйымдастыруда өзінің іс-әрекетін оқушылардың таным әрекетіне басшылық етумен байланыстырады.

Оқыту әдістері дегеніміз- оқытудың мақсатына жету жолы, белгілі жолмен тәртіпке салынған іс- әрекет;

Оқытудың мақсат, міндеттеріне сай, оның мазмұнын оқушыларға меңгертуде мұғалім мен оқушының қолданатын амал-тәсілдері мен құралдарының жиынтығы.

Оқыту нәтижесін арттыруда оқыту әдістерімен қатар оқу құралдарын да пайдаланады. Оқу құралдарына-оқу кітаптары, көрнекі, техникалық құралдар жатады.

1.Оқу кітаптары- оқулықтар, оқу-әдістемелік кітаптар, анықтамалар, сөздіктер, есептер жинағы т.б.

2.Көрнекі құралдар-кестелер, сызбалар, чертеждер, суреттер, фотосуреттер, альбомдар, тарихи, экономикалық карталар т.б.

3.Техникалық құралдар-үнтаспа, телеарна, бейнетаспа, компьютер т.б. жатады.

  • Оқыту тәсілдері -әдістің құрамды бөлігі.

Л.Н.Толстой: «Қандай мұғалім болмасын, әдістерді неғұрлым көп білуге тырысуға, көмекші шара ретінде қабыл алуға тиісті. Жаңа тәсілдерді ойлап табу жөнінде өзінің қабілетін дамыта беруге ұмтылуға тиісті»

Оқыту әдістерін топтастыру, оған сипаттамма беру /сызба/

Оқыту әдістерін топтастыру мәселесінде педагогикада ортақ пікір қалыптаспаған.Оқыту әдістерін топтастырудың 20-дан астам түрі бар. Кейбіреуіне тоқталсақ:

1.Оқушылардың таным белсенділігіне қарай / М,Н.Скаткин, И.Я.Лернер / :

-түсіндірме хабарлау әдісі

-репродуктивті әдіс

-проблемалық баяндау әдісі

-эвристикалық әдіс

2.Оқытудың мақсаттары мен құралдарына қарай / М.А.Данилов, Б.П.Есипов, Т.А.Ильина /:

жаңа білім беру әдісі

-білім-білік, дағдыларды қалыптастыру әдісі

-техникалық құралдармен жұмыс істеу әдісі

-өзіндік жұмыс істеу әдісі

-білімді тексеру әдісі

-проблемалық, программаланған оқыту әдісі

3.Тұтас педагогикалық әрекеттің тәсілдеріне қарай /Ю.К.Бабанский/.

-оқу-танымдық әрекеттерді ұйымдастыру

-оқуға ынталандыру

-оқытудағы бақылау және өзін-өзі баұылау әдістері

4.Әдістің логикалық және психологиялық сипатына қарай / Р.Г.Лемберг /:

-ауызша баяндау әдісі

-есеп шығару әдісі

-өнер құралдарын пайдалану әдісі

5.Мұғалім мен оқушылардың жасайтын әрекетінің ерекшеліктеріне қарай /В.Оконь/:

-жаңа білімді игеру әдісі

-өзіндік білім әдісі

-проблемалық әдіс

-практикалық әдіс

-көркем әдебиет пен өнер құралдарын пайдалану әдісі

Осылардың ішінде көп тарағаны —білім беру көздеріне сәйкес әдістер /И.Т.Огородников, С.И.Перовский, Е.Я.Голант,/

-сөздік немесе ауызша баяндау әдісі

-көрнекілік әдістер

-іс-тәжірибелік әдістер

Бұл әдістің ерекшелігі:егер мұғалім оқу материалын ауызша баяндаса, онда білім алу көзі мұғалімнің сөзі болып табылады немесе білім беруде көрнекіліктерді қолданса, онда білім алу көзі көрнекіліктер болып есептелінеді т.б.

Аксиомалық әдістер: индукция, дедукция, алгоритмдеу, анализ, синтез, салыстыру, жүйелеу.

Индукция — ойдың жекеден — жалпыға, фактілерден -қорытындыға қарай қозғалысы.

Дедукция — ойдың жалпыдан — жекеге, қорытындыдан — фактілерге қарай қозғалысы.

Синтез — бөліктерді тұтасқа ойша біріктіру.

Анализ — тұтасты жеке бөліктерге ойша бөлу.

Алгоритмдеу— нұсқауға, ережеге толықтай сүйеніп, міндеттерді бөліп, іс-әрекет стратегияларын анықтау.

Салыстыру — ұқсастықтарды және айырмашылықтарды табу.

Жүйелеу — заттарды, құбылыстарды топтарға бөлу.

 

Ақыл-ойдың түрлері:

Диалектикалық ойлау — құбылыстардағы қарама-қайшылықтардың бірлігін көру, даму бағыттарын анықтау, жаңаның пайда болуын көру, құбылыстардың өзара байланысын, пайда болу себептерін табу.

Логикалық ойлау — білімді өңдеудің логикалық тәсілдерімен байланысты. Талқылау, дәлелдеу, теріске шығару, қорытынды, болжам жасау тәсілдері байланыстарды табуға, жаңа білім алуға көмектесіп, білімді жүйеге келтіреді. Абстрактылы ойлау — адамға мәнсіз белгілерді көріп, жалпы және мәндіні бөлуге, абстрактылы үғым қалыптастыруға көмектеседі.

Категориялық ойлау — айырмашылықтары мен ұқсастықтары негізінде ұғымдарды топтарға біріктіру іскерлігі.

Теориялық ойлау — білімнің ғылыми негіздерін, даму принциптерін түсініп, заңдылықтарды көріп, құбылыстар арасындағы мәнді байланыстарды түсіну іскерлігі.

Зиялылық біліктілік оқушының сапалы білім алуына көмектеседі. Оқу іскерліктері жалпы — барлық оқу пәндерінде қолданылатын және арнайы — белгілі бір білім саласынан білім алуға керекті іскерліктерге бөлінеді. Бұл іскерліктер оқу бағдарламасында жазылады.

Жалпы (жалпы педагогикалық) іскерліктер — оқи білу, тыңдау, өз ойын ауызша баяндау, жазу, кітаппен жұмыс істей білу.

Арнайы іскерліктер — тез оқу, техникалық сызбалар, тарихи және жағрафиялық карталарды оқу, музыкалық шығармаларды тыңдау, сөздіктерді және анықтама әдебиеттерін қолдану. Бұл іскерліктерге оқушыларды үйрету керек. Оқулықтағы «Мәтінді баянда», «Жоспар жаса», «Дәлелде» деген тапсырмаларды орындату үшін мұғалім оқушы іс-әрекетінің стратегиясын белгілейді. Бұл: уақытты тиімді пайдалану, оңтайлы жұмыс ырғағы, жұмыстағы жүйелілік, жұмыс орнын тәртіппен ұстау, ақыл-ой іс-әрекетінің ережелерін білу, жұмысқа кірісе білу, жұмысты зейін қойып, мұқият атқару, қиыншылықтарды жеңе білу. Оқушы нақты оқу материалын — фактілерді, оқиғаларды, символдарды, терминдерді, есімдерді, заңдарды, теоремаларды меңгеріп, білім қорын жинақтайды.

2.Зиялылық іскерліктерді қалыптастыруға көмектесетін тапсырмалардың негізгі түрлері:

  • оқушының индуктивтік ойлауын дамытатын зерттеу сипатындағы тапсырмалар: бақылау, эксперимент жүргізу, саяхаттар, экспедициялар, ауылшаруашылық тәжірибелік жұмыстар, приборларды құрастыру, сурет бойынша сөйлем құрастыру, шығарма, рефераттар жазу, сурет салу, т.б.
  • логикалық және жинақтай ойлау іскерлігін дамытатын салыстыруға берілетін тапсырмалар: шығарма кейіпкерлерін, геометриялың фигураларды, оқиғаларды салыстыру.

ақыл-ойдың алгоритмдік түрін дамытатын тапсырмалар: оқиғаны жоспар бойынша баяндау, суретті үлгіге қарап сипаттау, есепті шығару жоспарын жасау, алгоритмдік нұсқамаларды пайдалану, оларды өз бетімен құрастыру.

  • талдауға байланысты тапсырмалар: заттарды, құбылысарды топқа бөлу.

Ғылыми әдеби кітаптармен жұмыс істегенде оқушылардың ақыл-ой мәдениеті байқалады. Оқушыларды жұмыс істеуге дағдыландыру үшін оларды кітаппен жүмыс істеудің көптеген тәсілдеріне үйрету қажет. Олар:

 кітап мазмұнын ұтымды пайдалану,

мәтіннің түсініксіз жерлерін бөлу,

мәтінге сұрақтар қою, оларға жауап қайыру,

жұмысты жоспарлау,

конспектілеу,

қысқаша желісін дайындау, т.б.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *