АҚШОҚЫ — Шығыс Қазақстан

АҚШОҚЫ — Шығыс Қазақстан обл-ндағы Абай ауд-ның солтүстігінде орналасқан тау. Солт.-шығыстан оңт.-батысқа қарай 40 км-ге созылып жатыр, енді жері 10 км. Ең биік жері — Майлықара шоқысы (571 м). А. девон граниттері мен гранодиориттерінен және жоғарғы протерозойдың негізгі эффузивтерінен түзілген. Тау беткейлері сайлармен тілімденген. Етектерінде бұлақ көп. А-ның қара қоңыр топырағында бетеге, селеу, жусансайларында шалғындық өсімдіктер, тал, бұталар өседі. Жазғы мал жайылымы ретінде пайдаланылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *