АҚШЕҢГЕЛДІ

АҚШЕҢГЕЛДІ — Оңт. Қазақстан обл-ның Шардара ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Шардара қ- нан солт-ке қарай 90 км жерде, жусан, көкпек, жүзгін, шөп араласа өскен шөлді далалық белдемде Шардара — Түркістан автомоб. жолының бойына жақын орналасқан. Ең жақын т.ж. стансасы — Арыс (54 км жерде). Тұрғыны 3,5 мың адам (1997). 1990 ж-ға дейін Қазақстанның 60 жылдығы атынд. ауыл аталды. Ауылда бұрынғы кеңшар негізінде ұйымдастырылған а. ш. өндірістік кооперативтері жұмыс істейді. Орта мектеп, клуб, медициналық пункт, кітапхана, т.б. бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *