Киев Русінің құрылуы

 

 

Мазмұны.

  1. Шығыс славян тайпалары

2.Киев Русінің құрылуы

3.Ежелгі Русь мемлекетінің мемлекеттік құрылысы

4.Киев Русінің христиан дінін қабылдауы

5.Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019 -1054)

6.Владимир Мономах 1113-1125ж.

           1.Шығыс славян тайпалары. VI ғасырда Киевтен Воронежге дейінгі орманды дала алқабын шығыс славян тайпалары мекендеген. Шығыс славян тайпаларының жерінде құрылған мемлекет «Русь» деп аталды. IX ғасырдың басында шығыс славян тайпалары екі мемлекеттік одақ құрды. Біріншісі — полян тайпаларының одағы, астанасы Киев қаласы, екіншісі — солтүстікте Ильмен көлінің маңындағы кривич және басқа тайпалар одағы. Шығыс славян шаруашылығының негізі егіншілік болған. Қара топырақты оңтүстіктегі жерлерді көбінесе қос өгіз жеккен соқамен, ал солтүстікте және орманды жерлерде бір ат жеккен соқамен жыртқан. Еккен егіндері: қарабидай, арпа, сұлы, тары, бұршақ, зығыр және шалқан. Егінді «тіршілік», яғни «жито» деп атаған.

Ежелгі Киев Русі

  1. Киев Русінің құрылуы

Киев Русі (882-1132)

882 жылы Рюрикович князьдерінің басшылығымен ірі шығысславяндық көшпенді князъдықтар: ильменских словен және полян князъдықтары біріктірілді. Нәтижесінде Рюрковичтер династиясы басқарған монархиялық ежелгірус мемлекеті – Киев Русі қалыптасты. 882 жылы біріккен мемлекет астанасы болып Киев қаласы тағайындалды. Сәтті әскери жорықтар мен дипломатиялық ықпал етулер арқылы жаңа мемлекет территориясына шығысславян тайпалары жерлері толығымен, жәнеде кейбір финно-угорлық, балтық, түрік тайпалары кірді. Ежелгі Рус мемлекеті сол кездегі, болжамдар бойынша, Еуроппада ең қуатты мемлекеттердің бірі болды. Шығыс Еуропада, Қара теңіз жағалауларында үстемдік үшін Византиямен күресіп отырды. 988 жылы Владимир князъі тұсында орыстар хрестиандықты қабылдады. Ярослав Көреген ең алғашқы орыс заңнамалық жинағы – Русская Правданы қабылдайды.

1132 жылы Мстислав қайтыс болғаннан кейін Ертеорыс мемлекеті бәрнеше князъдықтарға ыдырайды: Новогород жерлері, Владимиро-Суздаль князъдығы, Галицо-Волынь княздығы, Чернигов князъдығы, Рязан князъдығы, Полоц князъдығы және басқалары.

      Киев қаласы славян мемлекеті Киев Русінің астанасына айналды. Бұл мемлекет IX ғасырда құрылған болатын. Киев кінәздігінің жері бірте-бірте өсе берді. XI ғасырда Киев Русі Балтық теңізі мен Қара теңіздің, Днестр мен Еділдің аралығын алып жатты. Құдіретті кінәз Ярослав Мудрыйдың аты алысқа жайылды. Онымен одақ құру үшін Еуропаның көптеген елдерінен қымбат сыйлықтар алып, елшілер келіп жатты. Бұдан тоғыз жүз жылдай бұрын Ярослав Мудрый кезінде салынған үйлер Киевте және басқа қалаларда күні бүгінге дейін түр, олардың ең бірегейі — София соборы. Ол дала көшпелілерімен болған қанды шайкастың орнына салынған. Киев «орыс қалаларының анасы» деп аталды. Оның корғандары Днепрдің биік жағасында айбаттана бой созып, шіркеулерінің алтындатқан күмбездері күнге шағылысатын. Еңісте, айлақ қолтығында алыс- жақын елдерден келген жүздеген кемелер мен қайықтар тұратын. Кемелерге алуан түрлі тауарлар: гректің сәнді ыдыстары, Балтық бойынан әкелінген жақұт моншақтар, алтынмен аптап, күміспен күптеген айшықты әшекейлер, жүн маталар, теңіздің арғы бетінен келген шарап пен кептірілген жеміс т.б. тиелген. Шаңдақ жол алуан тілдегі сөздер естілетін сауда алаңына апарады. Онда алушылар мен сатушылар, карапайым жұрт сеңдей соғылысар еді. Көпестер мен қолөнершілер өз бұйымын мақтап, зар қағады. Топырлаған жұрттың арасынан әрең өтіп, шетелдік елшілер соборға карай бара жатар еді. Қаланың айлаққа тірелетін төменгі бөлігі — Подол (Етек) деп аталады. Мұнда қарапайым жұрт — қолөнершілер, ұсақ саудагерлер тұрады. Tap көшелерді бойлап ағаш үйлер, жер кепелер орналасқан. Днепр суының көктемгі жайылуынан сақтанып, үйлердің көпшілігі биік дөңге салынды. Соғыс қаупі төнген жағдайда Киев тұрғындары өз қаласын ерлікпен қорғады. Мұның өзі далалық аймақтан келген көшпелілердің шапқыншылығына қарсы үздіксіз күреске айналды. Олар бай қаланы шауып, тонап алуға тырысатын. Ең қатерлі әрі үрейлі дүрбелең XII ғасырдың орта шеніндегі монғол-татар басқыншылығы болды. Бұл шапкыншылықта қала түгел талқандалып, тұрғындары қырғынға ұшыраған еді.

IX ғасырдың екінші жартысында 862 жылы шығыс славян тайпалары өздерін басқару үшін Скандинавиядан (Солтүстік Еуропадан) Рюриктер тегінен шыққан князьдерді шақырды. Рюриктерді шақыруының негізгі себебі, біріншіден, сол кездегі Еуропада үстемдік жасап отырған викинг тайпасына тойтарыс беру үшін болса, екіншіден, «Ильмен көлінің бойындағы тайпалар арасындағы бақталастықты жою» деп жазады сол кездегі жылнамаларда.IX ғасырдың соңында Рюриктің туысы Олег Киевті жаулап алады. Киев князьдері Аскольд пен Дирді өлтіріп, 882 жылы древлян, северян және радимичтер тайпаларын бағындырды. Князь Олег Киев жерін 33 жыл бойы басқарды. Днепр өзенінің орта ағысында славян тайпаларын бағындырып, мемлекет құрды. Рюриктің баласы Игоръ (912-945) Олегтен кейін Киев Русі мемлекетін басқарды. Князь Игорьден бастап орыс князьдері Рюриктер әулетінен шыққан деп саналады. Киев Русіне Киев князі билік етті. Ол елді князьдер мен жасақшылардан құралған Кеңес (Боярлар Думасы) арқылы басқарды. Жасақтар үлкен жасақ және кіші жасақ деп бөлінді.                                                                                                                            Киев Русі мемлекетінің астанасы — ежелгі Киев қаласы. Оның іргесі осыдан 1,5 мың жыл бұрын қаланған. 945 жылы Игорьді древлян тайпалары салық жинау кезінде өлтіреді. Игорьдің жесірі Ольга кейіннен древляндардан күйеуінің кегін алады. Игорьдің баласы Святославтың (945-972) тұсында Киев Русінің қуаты артады. Әскери жорықтар жасап, көрші тайпаларды бағындыру арқылы мемлекеттің жері кеңейеді. Бірақ Киев князьдігінде бақталастық күшейіп, Святославтың екі баласы Ярополк пен Олег бірін-бірі өлтіріп, Киев Русі тағына кіші баласы Владимир отырады.

Ежелгі Киев Русі . Шаруа шаруашылықтарында жылқы, сиыр, қой, ешкі, шошқа, үй құстары өсірілген. Балық аулау, аңшылық және омарташылық ауыл шаруашылығының қосалқы бөлігі ретінде жүргізілген. Туыстас рулар бірлестігінен тайпалар құрылған. Әрбір тайпада қоғамдық маңызды мәселелерді шешетін вече (халық жиналысы) шақырылып отырған. Тайпалар басшылығына әскери көсем (князъ) сайланған.    

 

3.Ежелгі Русь мемлекетінің мемлекеттік құрылысы

 

                               
       
 
     
     
 
 
 
         
     
       
 
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                              

 

 

 

                       
     
 
     
   
       
     
 
 
       
 
 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Киев Русінің христиан дінін қабылдауы. Владимир (980-1015) кезінде Орыс мемлекеті күшейді. Киев Русі мен Византия арасындағы экономикалық және мәдени байланыс дамыды. Шығыс славяндар пұтқа табынған. Христиан діні үстемдікке ие болғаннан кейін шіркеу князьдерден ірі жерлерді сыйлыққа алды және мемлекеттік табыстардан ондық салық алып отырды. Киев Русінде Киев митрополитына (шіркеу басшысы) бағынатын епископтар (дінбасылары) басқаратын епархиялар (шіркеулік-әкімшілік) пайда болды. Христиан дінін қабылдағаниан кейін Киев Русінің халықаралық беделі өсе түсті.

Ярослав Мудрый тұсындағы Русь (1019 -1054). Ұлы князь Ярослав Мудрый Орыс мемлекетінің нығайып, гүлденуіне негіз қалады. Еділ бойына Ярославль қаласын салдырды. Мемлекет жері кеңейді. XI ғасырда ол солтүстік-батыста Ладога және Онега көлдерінен оңтүстікте Қара теңіз жағалауына дейін, Дунай сағасына, Карпат бойынан Дон өзенінің бас жағына, Еділ өзеніне дейінгі кеңбайтақ жерді алып жатты. Ярослав Мудрый орыс мәдениетінің дамуына жағдай жасады. Монастырьлар жанынан мектептер ашылды. Сәулет өнері дамыды. Киев қаласында алтын қақпалы София соборы салынды. Бұл собор Киев қаласында күні бүгінге дейін тұр. Ярослав Мудрый кезінде орыс саудагерлері Еуропа, Шығыс елдерімен сауда қатынастарын жасап отырды. Киев қаласы сауда орталығына айналды. Орыс тауарлары Бағдат, Александрия, Хорезм қалаларында сатыла бастады. Балқан түбегіндегі Сербия және Болгария, Чехия мен Словакия, Полыпа мемлекеттерімен мәдени және сауда қатынасы жасалды.

Владимир Мономах 1113-1125 жылдары Ярослав Мудрыйдың немересі Владимир Всеволодич Мономах Киевтің ұлы кінәзі болды. Ол ұлы кінәздік таққа отырмас бұрын да қыпшақтардан Русьті белсенді қорғаушы батыр ретінде халыққа танымал болатын. Мономах тек қолбасшы және мемлекет қайраткері ғана емес, сонымен бірге жазушы болды. Ол өз өмірінен «Владимир Мономахтың балаларына жазған өсиеті» атты кітап жазды. Осы шығармадан және жылнамадан біз кінәз Владимирдің өз өмірінде 83 жорыққа қатысқанын білеміз. Мономах Руське қыпшақ қолын бастап келген Олег Святославичпен ұзақ соғысты және 1097 жылы Любеч қаласында өткен съезде барлық кінәздердің арандатушы кінәз Олегті жазғыруын ұйымдастырды. Любечтегі съезд мынадай шешім қабылдады: «Өзара қырқысып, неге біз орыс жерін құртамыз, соны көріп қыпшақтар қуанады және олар біздің жерімізді бөлшектеп, құртқысы келеді. Осы күннен бастап ынтымақты болайық, орыс жерін сақтап қалайық!» Алайда бұл съезд кінәздер арасындағы қырқысуды тоқтата алған жоқ, бірақ Владимир Мономахтың осы жолдағы талпынысы замандастарының есінде қалды. Владимир Мономах қыпшақ хандарымен соғысқа қарсы орыс кінәздерін топтастырды. Оның Сарыхан Бұншақ және Түғырылды жеңгені туралы халық дастан шығарды, онда бұл хан Тұғырыл Змеевич деп аталған. Киевтің ұлы кінәзі Владимир қыпшақтарды біржола талқандап, біраз уақыт Русьті көшпелілердің шапқыншылығы қаупінен құтқарды. Қырық мың қыпшақ Солтүстік Кавказға көшіп барып, соңынан грузин патшасы Давидке қызмет етті. Владимир Мономахтың қыпшақтар тарапынан төнген қауіпке отыз жыл бойы қарсы тұруы, кінәздер арасындағы қырқысуларды тыюға талпынысы және қарызға белшесінен батқан қарапайым адамдарға қамқорлық жасауы бұл кінәзді кең танымал етті. 

Əдебиеттер:

  1. Чапек В.Н. «История России». Ростов-на-Дону, 2002 г.
  2. Ш. М. Мунчаев, В. М. Устинов. «История России». М., 2003 ж.
  3. Семенникова Л.И. «Россия в мировом сообществе цивилизаций». Брянск, 2000 г.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *