АҚШАТАУ

АҚШАТАУ — Сарыарқаның оңт.-шығысындағы жота. Шығыс Қазақстан обл-ндағы Абай, Аягөз ауд-ндары жерінде, Шыңғыстау жотасының оңтүстігінде орналасқан. Солт.-батыстан оңт.-шығысқа карай жалғаса созылып жатқан Қарақшы (биікт. 1151 м), Жалтұмсық (биікт. 1169 м), Қособа (биікт. 1304 м) сияқты бірнеше жеке таулар мен шоқылар тізбегінен тұрады. А- дың ең биік жері — Құдияр тауы (биікт. 1000 м). Оларды Арсалаң, Ақшатау өз-дерінің аңғарлары бөліп жатыр. Жотаның оңт.-батыс беткейі тіктеу, жартасты, биікт. 1300 м-ден 1000 м-ге дейін күрт төмендейді. Солт.-шығыс беткейі еңістеу, бірте-бірте көлбеуленіп жазыққа айналады. А. палеозойдың кварйит, құмтас, әктас, конгломерат, эффузиялық жыныстарынан құралған. Оңтүстігінен Балқыбек, Көксала, Қалғұтты, шығысынан Сарыбұлақ, солтүстігінен Шетембай, Терісайрық өз-дері бастау алады. Жотаның жалпақ төбелері мен беткейлерінің қоңыр топырағында далалық өсімдіктер, қараған, тобылғы, тасжарған, т.б. бұталар, сайларында шоқ қайың, көктерек, тал өседі. Мал жайылымына қолайлы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *