- Шотландық экономист әрі философ Адам Смиттің экономикалық теориясының мәні:
Адам өзінің жеке мүддесін ойлай отырып қоғамды жақсарта түседі және байытады
- ХVІІ- ХVІІІ ғасырларда қоғамды қайта құруды насихаттағандар:
Ағартушылар
- Солтүстік Америкадағы ағылшындардың алғашқы мекені:
Виргиния
- Солтүстік Америка отарларының тәуелсіздік үшін соғысы болған жылдар:
1775-1783 ж.
- Отары бар мемлекет:
Метрополия
- АҚШ-тың үшінші президенті Томас Джефферсонның тарихта қалдырған еңбегі:
«Тәуелсіздік декларациясы»
- 1778 ж. АҚШ-тың Франциямен одақтық келісім жасауға қол жеткізген дипломат:
Бенжамин Франклин
- АҚШ-тың тұңғыш президенті:
Д.Вашингтон
- 1783ж. АҚШ пен Англия арасындағы келісімшарттың басты нәтижесі:
Құрама Штаттар тәуелсіз мемлекет ретінде ресми танылды
- 1787 ж. АҚШ Конституциясының толығымен демократиялық сипатта болмау себебі:
Қара түстілерді құлдыққа алудың заңдастырылуы
- Құлдықты жоюды жақтағандар:
Аболиционистер
- АҚШ Конституциясы қабылданған жыл:
1787 ж.
- ХVІІ ғ. Франциядағы сословиелік уәкілдіктің жоғарғы мекемесі:
Бас штаттар
- Француз буржуазиялық революциясының бастамасы болған оқиға:
Бастилияның алынуы
- 1789 ж. Француз революциясының басты саяси жетістігі:
Абсолюттік монархияның құлауы
- Тарихта тұңғыш рет «Адам және азамат құқықтарының декларациясын» қабылдаған республика:
Франция
- 1792 ж. Пруссия мен Австрияның Францияға қарсы одақ құру себебі:
Француз революциясын тұншықтыру үшін
- 1792 ж. 22 қыркүйектегі Франция тарихындағы маңызды оқиға:
Францияның республика болып жариялануы
- 1793 ж. Жирондықтар құлағаннан кейін саяси билікке келгендер:
Якобиншілдер
- Францияда 1799ж. 9-қарашада болған оқиға:
Мемлекеттік төңкеріс
- Француз буржуазиялық революциясының тарихи маңызы:
Абсолюттік монархия жойылды
- ХVІІІ ғасырдың І ширегінде Ресей экономикасына тән жағдай:
Батыс елдерінен техникасы мен экономикасы жағынан артта болды
- Ресейдің болашақ астанасы – Санк-Петербург қаласының құрылысы басталған жыл:
1703 ж.
- Солтүстік соғыста Ресейдің ұлы держава ретінде беделінің өсуіне ықпал еткен шайқас:
Полтава шайқасы
- 1721 ж. Ресей мен Швеция арасында қол қойылған бейбітшілік келісімі:
Ништад келісімі
- Еуропалық ойлауды орыс дәстүрімен алғаш сабақтастыра білген орыс патшасы:
І Петр
- 1703 ж. Ресейде шыға бастаған алғашқы жүйелі газет:
«Ведомости»
- І Петр ұйымдастырған Петербургтегі алғашқы орыс мұражайы:
Кунсткамера
- І Петр жүргізген үздіксіз соғыстардың жалпы ұлттық мақсаты:
Ресейдің теңізге шығу жолына ие болу
- 1700 ж. 9 тамызда Ресей соғыс жариялаған мемлекет:
Швеция
- Орыс тарихшысы В.О.Ключевскийдің 1725-1761 ж. аралығындағы Ресей тарихын атауы:
«Сарайлар төңкерісі дәуірі»
- 1773-1775 жылдары Ресейде болған көтерілістің басшысы:
Е.Пугачев
- 12 томдық шығармалар жинағы жарық көрген және балаларға арналған ертегілер, педагогикалық ойлар, өмірбаяндық естеліктер жазған орыс патшасы:
ІІ Екатерина
- І Петр Боярлар думасын таратып, орнына құрған мемлекеттік ұйым:
Сенат
- 1700-1721 жылдары болған соғыс:
Солтүстік соғыс
- ХVІІ ғ. алғашқы ширегінде Үндістанның солтүстігінде өмір сүрген мемлекет:
Дели сұлтандығы
- ХVІ ғ. Солтүстік Үндістан мен Ауғанстанда Ұлы Моғолдар мемлекетін құрған қолбасшы:
Бабыр
- Орта ғасырда Үндістандағы діни орындардың меншігіндегі жер:
Вакф
- ХVІІІ ғ. ортасында Үндістанды отарлау үшін соғысқан мемлекеттер:
Англия мен Франция
705.ХІV-ХV ғ. Кіші Азиядағы және Балқандағы барлық византиялық аумақтарды жаулап алған мемлекет:
Осман империясы
- ХVІІ ғ. Осман империясының әскери күш-қуаты мен өкімет билігінің әлсіреуіне себеп болған басты жағдай:
Сипахилік жүйенің ыдырауы
- 1730 ж. Стамбулда қала кедейлерінің көтерілісін бастаған:
Патрон Халил
- ХVІІІ ғ. ІІ жартысында Англия мен Францияның «осман мұрасын» бөлісуде ІІ Екатерина патшайымның саясатына қарсы шығу себебі:
Ресейдің Балқан мен Жерорта теңізінде күшейіп кетуінен қауіптенді
- ХVІІІ ғ. Цин империясының ұстанған сыртқы саясаты:
Оқшаулану саясаты
- 1628-1644 жы. Қытайдағы шаруалар көтерілісінің басшысы:
Ли Цзычэн
- Цин империясы құлаған жыл:
1912 ж.
- 1757 ж. бастап Қытай императоры Цяньлунның еуропалықтарға байланысты ұстанған саясаты:
Қытайға келуіне тыйым салды
- Жоңғар хандығының негізі қаланған жыл:
1635 ж.
- Жоңғар мемлекетінің алғашқы ханы:
Батыр сұлтан
- ХVІІ ғ. Жапонияда билікті қолында ұстаған әскери адамдар:
Сегундар
- ХVІІ ғ. аяғынан бастап билік құруда «шығыстық король», «батыстық техника» принципін ұстанған мемлекет:
Жапония
- Аларих бастаған вестготтар Римді басып алған жыл:
410 жыл
- 476 жылы Батыс Рим императорына қарсы шыққан қолбасшы:
Одоакр
- Суассон қаласының маңындағы франктердің римдіктерді талқандау жылы:
486 жыл
- Франк мемлекетінде салық жинайтын, әскерге басшылық жасайтын, сот ісін жүргізетін басшы:
Король
- Франк мемлекетінде толық иелік-аллодтың иелері:
Жасақ басшылары мен нөкерлер
- 732 жылы араб әскерлерінің франктерден жеңілген жері:
Пуатье
- Франк империясының королі Ұлы Карл билік еткен жылдар:
768-814 жылдар
- Франк королі Ұлы Карл император болып жарияланған жыл:
800 жыл
- Ұлы Карл өлгеннен кейін, 843 жылы құрылған мемлекеттер:
Франция, Германия, Италия
- V-X ғасырлардағы византиялық императордың атағы:
Василевс
- Император Юстиниан билік құрған кезең:
527-565 жылдар аралығы
- VII ғасырдың 70- жылдары Византияның солтүстік-шығысында құрылған алғашқы славян мемлекеті:
Болгар патшалығы
- 661-750 жылдары Араб халифатында Омейя әулеті тұсындағы әкімшілік бөлініс:
5 жергілікті аймақ
- «Замана тарихы» атты 30 томдық тарихи-географиялық энциклопедияның авторы:
Әл-Масуди
- Эфталит-ақ ғұндардың қазақ даласындағы көшпелі ғұндардан негізгі айырмашылығы:
Иран тілінде сөйлеуі
- Эфталит тайпаларының бірігіп, ірі мемлекет құрған кезеңі:
V ғасыр
- « Феод» сөзінің мағынасы:
Cыйға берілген жер үлесі
- Феодалдық құрылыстың ең басты белгісі:
Жердің негізгі табыс пен байлық көзіне айналуы
- Әскери іспен айналысатын феодалдар:
Рыцарьлар
- Шаруалардың феодалдан алған жер үлестері үшін еңбекпен өтеу міндеткерлігі:
Барщина
- Германияда калалардың пайда болып, өсе бастаған кезеңі:
X-XI ғасырлар
- Реконкиста сөзінің мағынасы:
Арабтарға қарсы күрес
- Испаниядағы әлеуметтік топтар өкілдерінің жиналысы:
Кортес
- Ортағасырлық Италияда ірі феодалдардың атауы:
Гранттар
- Чомпилер сөзінің мағынасы:
Жалдамалы жұмысшылар
- XV ғасырда Еуропада ашылған университеттер саны:
65
- XII ғасырдағы Русьтегі ең елеулі поэзиялық шығарма:
«Игорь жорығы туралы жыр»
- Готикалық құрылыстар салынған кезең:
XII-XV ғасырлар
- Алғаш христиан шіркеуін басқарған:
Рим епископы
- Католик және православиелік шіркеулердің бөлінген жылы:
1054 жыл
- 1095 жылы осы қалада II Урбан папа Иерусалимді мұсылмандардан азат етуге шақырды:
Клермон
- Шығысқа жасалған крест жорықтарынын саны:
8
- Кресшілердің Иерусалимді алған жылы:
1099 жыл
- Жапонияда VII ғасырдан бастап барлық билік және барлық жер иелігін қолына алған:
Микадо
- Жапонияның бірігуі аяқталды:
Токугава тұсында
- Токугава әулеті сегундарының билік еткен мерзімі:
265 жыл
- IV-V ғасырларда Қытайда кең тараған дін:
Будда
- Пагода сөзінің мағынасы:
Бірнеше қабат биік будда діни мұнарасы
- Ұлы Моғол империясын құрған адам:
Бабыр
- Үнділердің киелі жануары:
Сиыр
- Осман империясындағы мешіт иелігіндегі жер:
Вакуф
- Ортағасырлық түрік әскерлерінің атауы:
Сипахилер
- Түркияда жазба әдебиетінің алғашқы үлгілері пайда болған кезең:
XIII ғасырда
- «Гайдуктер» сөзінің мағынасы:
Болгар және серб партизандары
- Хорезмшах мемлекетінің астанасы:
Үргеніш
- Моңғол шапқыншылығы алдында (1200-1220 жылдары) Хорезмде билік еткен шах:
II Мұхаммед
- XV ғасырда аспан әлемін бақылайтын орын- обсерватория- салынған қала:
Самарқан
- «Шахнама» поэмасынын авторы:
Фирдоуси
- Ж.Баласағұнидің атақты шығармасы:
«Құтадғу білік»
- «Манас» поэмасын тұңғыш хатқа түсірген қазақ ғалымы:
Ш.Уәлиханов
- Егіпет халқынын ислам дінін қабылдау кезеңі:
VII ғасырдың ортасында
- XI ғасырда «Білім үйі» ашылған қала:
Каир
- Киев Русінің ұсақ кінәздіктерге бөліну уақыты:
XII ғ.30-жылдары
- Мәскеу қаласы салынған жыл:
1147 жыл
- Францияда 1539 жылы мемлекеттік тіл ретінде француз тілін енгізген король:
I Франциск
- 1485-1603 ж.ж. Англияда билік еткен әулет:
Тюдорлар
- Германиядағы реформация көсемі:
М.Лютер
- XVI ғасырда Еуропадағы реформациянын мазмұны:
Католик шіркеуіне қарсы қозғалыс.
- XVII ғасырда Италияның Еуропадағы ең артта қалған мемлекет болуының басты себептері:
Саяси бытыраңқылық пен шет елдерге тәуелділігі
- Инк тайпаларының елі:
Перу
- Дүние жүзін айналып өткен тұңғыш саяхатшы:
Фернан Магеллан
- «Кім көп еңбек етсе, сол адам бақытты болады»- сөздерінің авторы:
Леонардо да Винчи
- Аса көрнекті суретші Рафаэль Сантидің картинасы:
«Сикст мадоннасы»
- «Гаргантюа мен Пантагрюэль» романының авторы:
Рабле Франсуа
- «Аспан денелерінің айналысы туралы» еңбектің авторы:
Н.Коперник
- Куликово шайқасы басталған күн:
8 қыркүйек 1380 жыл
- Украинаның Ресей қосылған жылы:
1654 жылы