АҚШАМ СОҚЫР

 АҚШАМ СОҚЫР  коздің жарық жеткіліксіз жағдайда, ымырт жабылып, қараңғы түскен кезде және түнде нашар көруі. Оның симпомдық  және эссенциялық түрлері бар. Симптомдық түрі көзінің тор және тамырлы қабықтарында немесе көру нервісінде органик. ауруы бар адамдарда (ретинитхориоретинитглаукома, көру нервісінің семуі, тор қабығының пигменттік әлсіреуі, өте жоғары миопиялық кемістік) байқалады. Эссенциялық А. с . — көздің қараңғыда көрмеуі. Ол ішкен астың құнарсыздығынан, әсіресе, тамақ құрамында А және В(рибофлавин) витаминдерінің жоқтығынан көктем айларында жиірек болады. А. с. тұқым қуалауы да мүмкін. Көздің көруін жақсарту үшін сырқатты уақтысында ұқыпты емдеу керек. Сондай-ақ құрамында А, В, витаминдері мол тамақ ішкен жөн. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *