Өлшем бірліктері

 

  1. Ежелгі Рим бірліктері. Мұсылман өлшем бірліктері.
  2. Ұзындық, биіктік, салмақ өлшемдері.
  3. Ақша өлшемдері. Өлшем бірліктерін жетілдіру шаралары.

Уақыт туралы түсінік адамдарда белгілі бір табиғат құбылыстарымен байланысты қоғамдық дамудың алғашқы сатыларында-ақ пайда болды, ал шаруашылық тіршілігінің мұқтаждары уақыт өлшем бірлігін орнатып, оларды есепке алу қажеттігін тудырды. Адамдар әрқашан уақыт аралығындағыны қабылдады, күн мен түннің ауысуын біліп отырды, қоршаған ортаның әсерімен байланысты жыл мерзімдерін айырды. Бірақ уақыттың арнаулы есебі және оны іс жүзінде қолдану, бері келе дамыған қоғамда, егіншіліктің, мал шаруашылығының сауда мен теңізге жүзудің пайда болуымен байланысты шығады.

Адамзат тарихында уақыт өлшеудің алғашқы өлшем бірлігі күн тәуліктері, яғни белгілі бір нүктедегі Күннің екі дәйекті жағдайының арасындағы уақыт кесіндісі болды. Өз осінің төңірегінде жер шарының айналуы жыл бойында бір қалыпты емес және оның элиптикалық күн маңы орбитадағы орнына байланысты болғандықтан, есептеп шығаруға қолайлы болу үшін өлшем бірлігіне әдетте орташа күн тәуліктерін, яғни идеальды дөңгелек орбитада біркелкі айналғанда ось төңірегіндегі айналымға Жердің жұмсай алатын уақыт кесіндісін алады. Тәулікті сағатқа, минут пен секундқа қазіргі бөлу өзінің шығу тегін есептеудің ежелгі вавилондық он-екілік жүйесінен алады.

Тәуліктер уақыттың біршама қысқа аралығы болып табылатындықтан, уақытты өлшеудің бірте-бірте неғұрлым ірі өлшемі ойластырылды. Алғашқы кездерде тәулік есебі саусақпен жүргізілді. Осының нәтижесінде уақытты өлшеудің он күндік (декада) және жиырма күндік өлшем бірліктері пайда болды. Астрономиялық құбылыстарға негізделген есептеу де орныға бастады. Уақытты өлшеу бірлігіне Айдың екі біркелкі фазасының аралығы алынды. Айсыз түндерден кейін жіңішке ай орағының пайда болуын байқау барлығынан оңай болғандықтан, осы сәт жаңа айдың басы делініп қабылданды. Осы уақыттың аяғында Күн мен Айдың жақындасуы болады деп саналды. Сондықтан да жаңа айдан жаңа айға дейінгі мерзім синодистік ай деп аталды («синодос» — «жақындасу» деген грек сөзінен). Бұл ай шамамен 29 1/2 тәулікке; ал бұдан арғы нақтылау бойынша — 29 тәулік 12 сағат 44 минут 2,9 секундқа тең болды. Ал фазаларының өзгерісі айды шамамен төрт тең бөлікке бөлуге мүмкіндік берді: бұлардың басы айдың тууына, аспан әлемінде жарты айдың тууына сонан соң толық ай мен тағы да жарты дөнгелекке, бірақ енді қарама-қарсы жаққа қараған жарты дөңгелекке сай келетін еді.

Шаруашылық тіршіліктің, әсіресе егіншілік пен мал шаруашылығының одан әрі дамуы жазғы және қысқы күн тұрақтауы мен көктемгі және күзгі күн теңесуімен анықталатын маусым бойынша уақытты есептеу қажеттігін тудырды. Жыл мерзімінің тұрақты ауысып отыруы енді ежелгі дүние астрономдарына жұлдызды аспан бойынша Күн қозғалысымен, ал іс жүзінде Күн төңірегіндегі Жер қозғалысымен маусымдардың байланысын орнатуға мүмкіндік берді. Уақытты өлшеудің тағы да бір өлшем бірлігі — Жердің Күн айналасында толық айналуына сәйкес келетін жыл осылай келіп шықты. Астрономиялық жылдың ұзақтығы 365 1/4 тәулік, ал кейінірек нақтылағанда — 365 тәулік 5 сағат 48 минут 46 секунд болып анықталды.

Бекіту сұрақтары:

  1. «Күлтегін ескерт мен «Білге-Қаған» ескерт-ң текстерін жазған автор
  2. Түркі мемлекетті қанша уақыт өмір сурді
  3. Уақыт өлшемі туралы ғылым
  4. Уақыт есебінің жуйесі

Қолданылатын әдебиеттер:

  1. Пронштейн А.Л. Использование вспомогательных исторических дисциплин при работе над источниками .М, 1967
  2. ПронштейнА.Л. Методика исторических источниковедении. М,1967
  3. Проблемы антротопонимики. М, 1970

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *