АҚША-КРЕДИТ САЯСАТЫ-— экономиканың тұрақтылығы мен тиімділігін қамтамасыз ету үшін үкіметтін ақша айналымы мен кредит саласында жүргізетін шаралары және оның бағыты. А.-к. с. экон. дамуды, ақшаның құнсыздануын тежеуді, халықты еңбекпен қамтамасыз етуді және төлем балансын теңестіруді реттеуге бағытталады. А.-к. с-н Ұлттық банк Қаржы министрлігімен тығыз байланыста жүргізеді. Үкімет айналымдағы ақша көлеміне процент мөлшерін көтеру немесе төмендету жолымен өзгеріс енгізіп отырады.
А.-к. с-ның төрт түрі бар: а) ақшаның құнсыздануы (айналымдағы ақшаның қадағалаусыз өсуі); б) дефляция (айналымдағы ақшаның күрт кемуі); г) рефляция (экон-ны көтеру мақсатында ақшаның құнсыздануына жол беру); д) дезинфляция (дефляцияның экон. қарқынын бәсеңдетуге бағытталған түрі). А.-к. с-н үкімет белгілегенмен, оны, негізінен, ұлттық (орталық) банк жүзеге асырады. Ұлттық банк қаржыландырудың бірыңғай мөлшерін белгілейді, ол ақша рыногының, сұраным мен кредиттер жөніндегі ұсыныстардың деңгейіне қарай анықталады.