АҚШАҒЫЛ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНІ

АҚШАҒЫЛ ПОЛИМЕТАЛЛ КЕНІ, Қарағанды обл. Шет ауд-нда орналасқан. Бұл жерден 1834 — 1918 ж. орыс және шетел концессионерлері мыс, қорғасын, мырыш өндірген. 1920 жылдан бастап А. п. к-н геологтар М.П. Русаков, Ф.И. Вольфсон, С.Г. Анкинович, т.б. зерггеген. Кен орны Балқаш к-нен солтүстікке қарай созылған Тасарал — Қызылеспе антиклинорийінің шығысын алып жатыр. Мұндағы кен линзалары ортаңғы палеозой гранитоидтары мен силурдің жанартаутекті-терригендік және карбонатты жыныстарының жапсарында қалыптасқан. Жапсарласу белдеміндегі тау жыныстары грейзеңделген. Онда мөлш. жоғары вольфрам, қалайы түзілген. Ал әктастар мәрмәрға айналған жапсарда магнетит-магнезиалды скарндар пайда болған. Оларға тарамды, сеппе не шомбал түрде кездесетін полиметалл кентастары шоғырланған. Кентасты минералдардан халькопирит, галенит, сфалерит, пирит, және висмут пен мышьяк минералдары, ал бейметалл минералдардан гранаттар, пироксендер, эпидот, везувиан, кальцит, кварц бар. Тотығу белдемінің минералдарынан — малахит, хризоколла, брошантит, каламин, смитсонит кездеседі. А. п. к. барланған қорының аздығына байланысты өндіріске қосылмаған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *