Конфессиядан тыс синкреттік діни философия

 

Конфессионалды діндер деп шіркеудің діни жоралары мен жарғысын (жауап беретін) канағаттандыратын ойлау образы мен көзкарасты айтатын болса, ал конфессиядан тыс синкреттік діндер деп, керісінше, белгілі бір діни ағымдардың ортодоксиялық шіркеу догмаларына және белгілі бір жарғысына бағынбайтын әр түрлі діни ағымдарды айтамыз. Мүндай ағымдарға мистикалық, оккультивтік, спиритуалистік және баска осыларға ұксас түрлерді айтады. Олардың барлығының ортак ерекшелігі: әр түрлі діни ағымдардың элементтерінің синтезі және ғылымға немесе жай қарапайым көзкарастарға бейімделген қауымдық ағымдар. Олардың көптеген түрлері оккульттік мистикалык философиясы мен синкретикалық діни көзқарастан түрады.

Мистицизм (гр.-кұпия) — дүниедегі діни-идеалистік көзкарас болғандықтан, табиғаттантыс күштергедеген сенімменкұрастырылады. Мистицизм — діни қауымдардың күпия жораларының міндетті де маңызды элементі түріндей көрінісі. Мистицизмнің тамыры ерте дәуірдегі магия, астрология, мантикидан шығады. Мистика кандай бір дін болмасын оның негізгі атрибутиві және де идеалистік философияларға да (әсіресе неотомизмге, персонализмге және экзистенциолизмнің кейбір формаларына) тән. Мысалы, мистік -философтар белгісіз бір мистикалык интуицияны, «рухани тәжірибені» танымның ең жоғарғы формасы деп есептеді: онда субъект пен объектіге бөлу жойылады және дүниенің алғашқы рухани негізі жаратушының «шындығы» ашылады. Сонымен, мистиканын көлемі мынандай түсінік (түрлік) элементтерден тұрады: 1) табиғат пен қоғамда құдіретті күштердің барына: адам тағдырына, әр түрлі окиғалардың күні бұрын болжауға болатындығына сену; 2) діни-философиялық ілім-теософия («Қүдайды тану»), антропософия («адамтану»); 3) Шығыс ғибадаттары (табынушылық) — буддизм, брахманизм, йога, доосизм, дзен, суфизм, иудаизм (каббала и хасийизм); 4) жабайы діндердің сенімділігінің осы кездегі түрлері: pyx, спиритизм, оккультизм; 5) тұрмыстық магия формасы — бал ашу, рымшылдық. Осылардың кейбіреулеріне кыска токталайық.

Оккультизм (лат. -жасырын, кастерлі) — дүниеде аса құдіретті, ғылыми зерттеуге келмейтін ғажайыптар мен күштердің бар екенін мойындайтын және солармен өзара іс-қимылдың ерекше «тәжірибелік» әдістерін жасайтын ілімді (магия, спиритизм) білдіретін (термин) ұғым. Оккульттік түсініктің де тамыры ерте дәуір заманынан келе жатқан рухани құдіретті күшке сену. Оның тікелей тамыры магия десек те болады. Оккультизм барлык ғылымды экзотериялык (көрер көзге оғаш) табиғат пен әлемнің сыртқы формасын зерттеу мен экзотериялық құбылыстың ішкі, терең жасырын негізін зерттеуші, ондай зерттеу тек «дарынды» адамдардың колынан келеді, оларға әлемнің «үлы жасырын сыры» ашылады.

Агрила Неттесхеймскийдің «Жасырын сыр философиясы туралы» шығармасында (1533) оккультивтік түсініктер егжей-тегжей баяндалған, осының аркасында бұл «термин» кеңінен қолданылатын болды.

Ерте дәуірден келе жатқан мистикалық діннің бір бөлігі болып осы заманға жеткен діни ілімдер спиритизм және спиритуализм деп айтамыз.

Спиоитизм(лат. -рух) — өлген адамдардың жаны, олар о дүниеге кетіп дербес өмір сүреді. Олар қажетті уақытта тірі адамдардың өміріне келіп өздерінің әсерлерін тигізіп отырады. Олармен қатынас жасайтын адамдар, олармен ортақ тіл табысып (медиумдар) қатынаса алады. Ондай қатынасты «шакыруды» «спиритистік сеанс» деп атайтындықтан спиритизм ұғымы шығады. Рухпен катынасудың әдеттегі формалары: санасыз, тек дағды бойынша сөз сөйлеу (автоматическая речь), дағдылы жазу, құрамсыз сөздер айту; спиртер рухтары көзге көрінетін етіп осы дүниеге келтіру), әр түрлі заттарды қозғалту (апорт), ойын аспаптарының өзінен өзі ойнауы жэне г.б.

Спритуализм (лат. -рух) — идеалистік философиялық ағым ретінде карастыруға болады.Себебі рух барлық реалды өмірдің негізі ретінде карастырылады: шындык, болмыс (абсолют) рухани заттар сол рухани дүниенің көрінісі. Реалды заттар — идеялдык жалпының көлеңкесі (Платон), әлем — абсолютті рухтык көрінісі (Гегель) және т.с.с. Екінші тұрғыдан айтсак, спиритуализм — дүниенің алғаш негізініңтін (термин) үғым руханилығы туралы идеалистік ілім. Материалдық дүние — Қүдай және оның кабілеттерінің көрініс тәсілі, ал екіншілері үшін ол — адам санасының иллюзиясы.

Эзотериалық (гр. -сырткы) — мистикалык ілімді айтады. Эзотерикалык ілім тек белгілі адамдарға ғана арналған, «мамандарға»ғана түсінікті жартылай жасырын діндерді айтады. Көптеген ғасырлар бойы эзотерикалык білім күдіретті түрде, күлия сакталып, кейбір ерекше тұлғаларға ғана белгілі болды. Жасырын ілімге — еврей — каббала, ерте ғасырдагы грек — мистерия мектептері, гностикалық алхимиктер т.б. ілімдер жатады. Қазіргі кезде жасырын ілімдерге масондар, теософия жэне антропософия Агни Йога ілімдері жатады.

Теософия негізі – космос, эволюция рухы және жоғары даналык ілімнің барлығы. «Ғылыми» тәсілдермен күдіретті даналықты тануға, оны жеке адамның колына жеткізуге және ең ақырында өлімнен кейін адамды «жұмақтай шаттыкка» бөлеуге талаптанады. Бұган «жасырын күштерді», жеке бастык рухани-кұдіретті өзегін айқындау арқылы тек кұпиялы білімдерге (эзоториялык ілімдерге) ие болған теософияның «ұсталары» ғана жете алады. Қысқаша айтқанда, эклектикалык тұрғыдан түрлі Шығыс және Батыс діндері мен идеалистік жүйелерін (негізінде буддалык, индустік және үнділік діни-философиялық ойдың баска да бағыттарын) өз бойына сіңірген теософия дүние және адам туралы ғылымға қарсы мистикалы-қияли түсініктердің жиынтығы болып табылады.

Антропософия (лат. -pyx, жан) адамдардың, жануарлардың өміріне, заттар мен қоршаған дүниенің құбылыстарына ыкпал етеді-міс, әруактарға және рухтарға сену. Антропософия — мистикалық ілім, оның негізделетіні әрбір адамда жасырын, қолданбаған күш бар, ол күш қолдана білсе, ол табиғаттың кұдіретті күштерін ашып, игере алады, оған мысал, «адамзаттың окытушылары» — Будда, Заротустра, Платон, Христос, олар адамзаттың ең жоғарғы рухани күшіне ие болғандар.

Агни Йоганемесе тірі этика — философия-этикалык ілім. Бұл ілім синкретикалык діни-философиялық ағымнан шығып тарады. Агни деп космостық (ғарыштық) энергияны адамның ішкі дүниесін өзгертіп, оның психикасын жоғары деңгейге көтеру. Ондай дәрежеде адам ең жоғарғы ғарыштық болмыска ие боладьт. Ғарыштык энергияны бойына тараткан адам — Агни Йогаға немесе ғарыштық Отанның Иогасына жетеді. Осының арқасында «Тірі этикалык» түсінік шығады. Тірі этикалық ілімді кұрастырғандар Е.И.Рерих (Шапошников) (1879-1955) және оның әйелі Н.К.Рериха (1874-1947). Тірі этика, діни философияның синтезі: ғылым, дін, Батыс жэне Шығыс мәдениетінің коспасы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *