Түркі және қазіргі мүсылман философиясы ментеологиясы.
ІХ-ХІІ ғасырларда Суфизмнің дамуы Ислам мәдениетінің дамуына сәйкес келген кезі еді. Бірінші дервиштік Ордендерінің өкілдері: Ахмет Иассауи(XII), Б.Накшбанди(1318) болды. Түрік — қазақ елінен шыкқан атакты суфист Қожа Ахмет Иассауиге (1105-1166) тоқталсақ, оны Орта Азия жеріндегі «дервиштің классикалык» түрін ендірген, Ислам мәдениетінің казак жерінде дамуына үлес қосқан, бірінші Қүранды араб әрпімен түрік тілінде Орта Азияға таныстырған адам ретінде қарастырамыз.
Яссауи Ахметтің дүниетанымдык, фалсафалық көзкарасының негізін екі философиялық категория мен немесе екі ұғымдык «кал» және «хал», олардың тұтастык түсінігін «хак» аркылы қүрастырады. «Кал» ілімі тек сана-сезіммен танылатын теориялық білім жүйесін камти отырып адам жаратушы хак тағаланың бір бөлшегі болып карастырылады. Осы тұтастықка жету, сіңу (фанэ), бірігу (таухид) мақсатында адамның өмір мәні белгіленеді. Иассауидің «хал» ілімі хак жолындағы белгі, нышандарды танытатын амал-әрекеттер жиынтығын камтиды. Сонымен, «кал» ілімнің теориясы болса, «хал» сол ілімнің дәрістемесі деп есептейміз.
Иассауи ілімі бойынша, жаратылыс бір және жалғыз Хак (бір уа барым) — абсолют pyx — болмыс жаратылысын белгілейді. Ал, болмыс Хак мәнінің материалдық дүниедегі шексіз әр түрлі образдарда көрінуі болып табылады. Адам болса, осы болмысты тарату себебі, максаты және де нәтижесі ретінде қарастырылады. Адам өз табиғатында Хакқа тән, рухани және материалдық дүниеге тән нәпсілік қасиеттерді қамтиды. Яғни, Хақ мәнін қамтыған рух адамның батинын (ішкі дүниесін) белгілесе, материя адамның закиріп (сыртқы көрінісін) белгілейді.
Иассауи ілімі «Хал» ілімін дамытуға, зерттеуге үлкен көңіл бөлді. Оның көзкарасы бойынша, хаққа жету жолында адам төрт асудан өтуі керек: Шариғат, тариқат, мағрифат, хақиқат. Бүл төрт асудың әрқайсысында он макамнан бар, сөйтіп, дәруіштіктің қырық мақамы белгіленеді. Әр этаптың мағынасын Құдайға деген махаббат аркылы сезінуге көңіл бөлінді.
Жалпы, Иассауидің діни-философиялық, дүниетанымдық көзқарасы «Диуан хикмет» өлеңдер жинағында қарасты Сондыктан оның хикметтерін философиялык лирика деп атауымызға болады.
Қожа Ахмет Иассауи мектебінен тәрбие алған атақты сопылар: Сүлеймен Бақырғани Хакім ата (1186 ж.о.), Мансұр б. Арслан — баба (1197 ж.о.), Лұқман Перенде Ыскак баба (1239 ж.о.) сиякты атакты сопылар есімі әлемге аян болғанымен, олардың шығармалары бізге толық жеткен жок. Олардан дәстүрлі тамыр алған накшбаидийа, иқанийа, бекташийа атты сопылық ағымдар әлі де болса өздерінің зерттеушілерін күтуде.