Шығыс елдердің исламдық философиясы

 

Шығыс елдерінің исламдык философиясы Ираннан шығады десек те болады. IXғасырда атакты философ Наззам аль-Кинди грек және индустардың джайнизм философиясының әсерімеи дамыды.

Аль-Кинди(860-879) Ирак елінен шыкқан атақты философ және ғалым, Аристотельдің ілімін жалғастырушы. Өзі мутазалит мектебімен тығыз байланысты болды, арқа сүйеді. Аль-Кинди өзінің дүниетанымына негіз етіп жалпыға ортак «себептілік байланыс» идеясын алды, бұл идеяға орай, егер кез келген бір затты ақырына дейін ой елегінен өткізетін болса, онда бүл зат ондағы бүкіл ғаламдык нәрсені айнадағыдай тануга мүмкіндік береді. Осыған байланысты аль-Киндидің «Материя» туралы пікірі айрықша орын алады. Материя дегеніміз деді, — кабылдайтын, бірак өзі қабылданбайтын шындық. Ол әр түрлі күйге түсіп, бөлшектене береді, солай бола тұра өзі өз калпын да үнемі сактайды. Қандай нәрсе болмасын бәрі материядан құрылған. Материя жойылмайды, қарама-кайшылыкта бола алады, оның ешқандаи аныктамасы жоқ. Орта ғасырда өмір сүрген Әбу Наср Мухаммед эл-Фараби (870-950) өз еңбектерін араб тілінде араб әрпімен жазды. Өзі түркі тілінде біледі деп ұйғарады, себебі өзінің шыққан елі түрік болды.

Әл-Фараби дін туралы өзінің Платонын «Заң туралы» деген трактатына, соңынан «Дін туралы», «Китаб ал-Хуруф» және т.б. кітаптарының жинағын «Метафизика» ғылымы кіші трактаттарында карастырады. Осы трактаттарында Әбу-Наср Платонның дінге деген көзқарасын сынайды. Платон болса өзінің «идеялды» мемлекетінде барлык мемлекет азаматтарына дін керек деген көзкарасына қосылмайды. Ол біріншіден діни мистикаға қарсы болды, «Дін — деді, өз бетімен адамгершіліктің жолы бола алмайды, себебі діннің өзі философиядан шығады, діннің мазмұнын философия аныктайды».Дін өз бетімен білім алудың әдістемесі, ақиқат және практикалык жолдарды көрсете алмайды. Ең бір ақикаттық дүниетанымның шыңын көрсететін философия. Философия — өнегеліліктің теориясы, қоғамда адамдардың адамгершілік катынастарын реттеуші ілім. Тек философия ғана адамдарды ізгілікке, өнегелілікке, кайырымдылыққа және мемлекет басқаруда жол көрсететін ілім — деді.

Осы жағдайлардан аңғарғанымыздай, әл-Фараби дінге тікелей карсы шыкпағандығын, ғылымды, философияны діннен биік ұстағанын — сенімнен білімнің биіктігін көрсетеді.

Ислам философиясын ең бір үлкен жүйеге келтірген адам атақты философ (Авиценна) Ибн Сина (980-1037) — ғалым, дәрігер, орта ғасырдағы тәжік, философ. Ол да әл-Фарабиге үқсап, Аристотельдің философиясын неоплатониктермен косқысы келді. Бүхарада және Иранда өмір сүрген. Ибн Сина Ислам дінін жақтай тұра, көне дүние философиясы мен ғылымын, әсіресе, Аристотельдің философиясын неоплатониктермен қосуда еңбек етті.

Ол көптеген шығармалар ғылыми еңбектер жазды. Олардың көбі жоғалып, жойылып кетті. Бізге жеткен «Білім» кітабы (Даниш Намя), «Емдеу» кітабы, «Медицина каноны» жэне т.б. кітаптары бүкіл элемге белгілі. Оның негізгі философиялық көзхарасына токтасақ, ол тек бір Құдайдың абсолюттін негізі, калғандардың барлығы мүмкіндік, тек Қүдайдың қүдіретімен ғана шындықка айналады. Табиғат Қүдай эманация иерархиасымен ағып отырып, өз бетімен табиғат дамиды. Табиғат кеңістік пен уақытта өмір сүреді. Қүдай — бірінші қозғаушы күш, күнделікті дамуға араласпайды т.б.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *