Протестантизм — Христиан дінінің реформация (ХҮІ) кезеңінде пайда болған үшінші түрі. Оның негізінде типологиялық айырмашылығы (православиядан, католицизмнен) игілік адамға шіркеу арқылы емес, тікелей Құдайдан беріледі, «арылуға» адамның жеке басының сенімі мен жаратушының шапағаты арқасында ғана қол жеткізеді. Осы догматикалык көзкарас протестан философиясының және теологиясының негізі болып калыптасты.
Протестант философиясының және теологиясының ортодоксиясыңың негізін шығарған адамдар М.Лютер (1483-1546) мен Ж.Кальвин (1509-1564) және т.б. М.Лютер адам мен Құдай арасындағы делдал ретіндегі шіркеу рөлін теріске шығарды. «Адамды қүткару», — деді Лютер: «Қайырымдылық істерді», күпиялықты, әдет-ғұрыпты орындауға байланысты емес, оның сенімінің шынайылылығына байланысты. Дүниеде екі түрлі әлем бар: «Құдай патшалығы» және «Кәдімгі өмір тіршілік патшалығы», біріншіде адамдарды ақтап, арылуға болатындығы, екіншіден, күнәлік шығады, бірак та оған қарсы іс-әрекеттер жасауға, тәртіптілік ендіруге болады.
ХІХ-ХХ гасырлардың басында протестан дінінің Либералды теология деген философиялық ағымы дамыды. Олардың атақты өкілдері лютеран теолог И.Землер (1721-1791), философ-теологтар Ф.Шлейермахер (1768-1831), Ф.Баур (1792-1860), Д.Штраус (1808-1874) және т.б. болды.
И.Землердің айтуынша, тарихтың сүрауларын зерттеуде теология ілімі керек емес. Таураттағы жазылған ғажайып туралы аңыз әңгімелер бүрмаланған шындык окиғалар, догмалык түрде теориялык деңгейге көтеру. Таурат ерте дәуірдің әдеби ескерткіші. И.Землер теизмге деисттік түсінік беріп, Құдайды бірінші козғаушы күш ретінде, философиялық абсолютке теңеп, күнделікті өмірге ешқандай әсерінің жоқтығын және дінді ақылмен теңестіруге талпынды.
Ф.Шлейермахердің философиясы, дін дегеніміз адамға айрықша берілген сфера, ол адамның субъектісімен байланысты. Ол сфера-болмыстың ішкі шығармашылық күші, ол барлык заттарда бар, оның негізі деді. Теологияның субъективтік жағын жоғары көтергендіктен XIX ғасырда Либералдық теологияның әлеуметтік жағдайы күшейе түсті. Екінші жағынан, теологияға философияның әсері күшейгендіктен, мынадай принциптері дамыды: субъектінің автономиясы, акыл бостандығы, жеке инициативу. Міне, осы факторлар «либералды теология» деген үғымдық ағымды пайда қылды.