Католик дінінің философиясы

 

Католицизм философиясы Христиан дінінің батыстың ағымы болып бөлінгеннен соң шығады. «Католиктер» деген ұғы 150 ж. Христиан дінінің баска ағымдарына қарсы түрушы ағым ретінде пайда болды. Ал, олардың философиясы әулие Августи Аврелий Блаженның (354-430) ілімімен тығыз байланысты. Әулие Августиннің өзі католик философиясына дейін манихейстердің, скептиктердің жэне неоплатониктердің мектептерінен өтіп келді. Сол себептен католицизм философиясы да тамырымен ерте гасырдағы философиялық, діни теологиялық ілімдерден шыққан десек те болады. Ең бірінші, үлкен дәуір уағын Әулие Августың католицизм философиясына жаткызамыз. Олардың кайнар көзі Платоннан алынады. Екінші бір даму кезеңіне Әулие Фома Аквинскийдің дәуірін айтуға болады. Олардың кайнар көзі Аристотельден алынады.

Әулие Августиннің діни философиялык негізі: «күні бұрын болжау (тағдыр)», әрбір адамның тағдырын Қүдай күні бұрын болжап біреуге шаттык өмір, екіншілерге қарғыс өмір шешіп кояды. Құдай -жоғарғы болмыс. Қүдай дүниені жоқтан кажеттілікке байланысты емес, өз еркімен жаратты. Адамзаттың тарихы екі қарама-карсы патшадан тұрады: Құдайға карсы, жер бетіндегі қызыкқа әуесқойлар (светский мир) және Құдайлық патша. Құдайлык патша аспанда емес, жер бетіндегі «әділетті» патшаларды айтады (теократиялык мемлекет). Құдай әлемді жаратканда материалды формада жаратты, сонан кейін әрбір материалдык формалар жеке-жеке дамыды. Адамныц жанын Құдай жараткан. Жан мәңгі емес. Адам туған кезде Құдай оның жанын жоқтан кайтадан жаратады. Августиннің айтуынша, адамның ақыл есі дербес ойлар шығарады. Оның негізі — Құдай. Сол себептен Құдайдың болмысын (үғымды) адамның ойынан шығарып түсінуге болады, сондықтан идея объектіден шықпайды, ол — субъектінің жемісі. Оның онтологиялықілімінен және Құдай туралы, абсолюттік болмыс ретінде қостыруларынан неоплатонизмқұрастырылды.

Алғашқы иррационалдык жэне мистикалык дәнінен кейін католицизм философиясының жаңа ағымдык бастамасы шығады. Оны неотомизм немесе рационалдық дәстүрлік Аристотель мен орта ғасырдағы схолостикалық, атакты өкілі Фома Аквинскиймен (1225- 1274) байланыстырамыз.

Фома Аквинский Аристотель ілімін теологиялык тұрғыда түсіндірді, соның аркасында аристотелизмді Христиан дініне сай ыкшамдау нәтижесінде «томизмдік» ілім пайда болды. Оның негізгі шығармалары: «Мәжүсилерге қарсы сумма», «Теология суммасы» және баска. Оның негізгі философиялык ілімі: сенім мен сананың үйлесімділігі. Оның айтуынша, акыл Құдайдың болмысын саналы түрде дәлелдеп, сенімнің акиқаттығына карсы пікірді қабылдамайды, барлык өмір сүретін заттар Құдайдың қүдіреті бойынша қалыптасады.

Католицизм философиясы казіргі кезде екі ағымнан түрады: неотомизм және неосхолостицизм.

Неотомизм. Неотомизм — Фома Аквинскийдің іліміне негізделген католик шіркеуінің ресми философиялык кағидасы.. Неотомизм ресми түрде католик шіркеуінің философиясы (1879) деп жариялағаннан бастап, оның ішінен төрт ағым пайда болды: 1) дәстүрлі-философияның гнесология немесе тану процесімен шұғылданушылық және католик тарихыныңдогматтарының мәселелері; 2) Лувенский-томистік-метафизиканы жеке ғалымдармен біріктіру мәселесі; 3) трансценденталды-феноменология мәселесі; 4) экзистенциалды-томистік ілімнің аристотельдік идеяларын тазарту және «Өмір сүру» категориясын дамыту. көтерілуі аркылы ғана орындалады. Қазіргі неотомизм өзінің бейімдеушілік (модернизаторлык) табиғатымен католик шіркеуінін мақсатына сэйкес өзінің доктриндерін жүргізеді. Олар казіргі кезде көптеген философиялық агымдармен ортак тіл табысуда: экзистенциализм, феноменология, позитивизмдік ағымдары бар.

Неоавгустианство.Католицизм философиясында неотомизм ағымымен катар Неоавгустинианство арнаулы орын алады. Бұл ағым неосхолостицизм ағымына жатады. Болса да, Неоавгустинианство Аврелия Августиннің көптеген доктриндарынан бой тартып, XX ғ. өзіндік теологиялык ілімге айналды.

Тейярдизм.Католицизм философиясының негізгі жаңа ағымына Тейярдизмді жатқызамыз. Бүл ағымның басында П.Тейяр де Шарден (1881-1955) тұрады. Ол атақты палентолог, археолог, биолог болса да діни-философиялық мәселе оның негізгі ілімдік көзкарасы болды. Ол әлем туралы және адам туралы ортодоксалды томистік көзкарасқа қарсы болды. 60-шы жылдары оның модернистік көзкарастары көптеген діни ағымдарға әсерін тигізді.

Тейярдың философиялык категориясы «эволюционизм», осы үғым бойынша өзінің негізгі философиялык принциптерін дамытты. Оның айтуынша, әлем үздіксіз карапайымнан күрделіге, төменнен жоғарыға дамып, өзгеріп отырады. Сан салаға өзгеріп отыру процесінде жан пайда болған сапалық өзгерісті секіртпелі деп айтуға болады. Әрбір секіртпелік өзгеруді этап деп көрсетсек, алдыңғы этап соңғы этапты жокка (отрицание) шығару алқасына, соңғы этап эволюциялық жокка шығару дейміз. Эволюция белгілі бір нүктеден басталады, оны «Альфа нүктесі» деп айтамыз. Әлемнің ең бір киын қиыстау нүктелік дамуы келесі этаптан тұрады: неорганикалық табиғат (өмірдің шығу алды), органикалық материя (өмір), рухани әлем (ақыл, ноосфера) және Құдай (Омега нүктесі). Тейяр үшінші этаптык дамуға үлкен көңіл бөледі. Бүл этап адамның шығу және дамуынан тұрады. Сондықтан адам эволюцияның биологиясы, бірақ өткен этаптармен тығыз байланысты. Бұл этап осы әлемде айрықша орын алады, себебі осы деңгейде әлемнің дамуы ең шыңына жетеді, рух, ақыл, ой пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *