Буддизм Суддхонаның баласы Сиддхартхи Гаутаманың ілімінен (б.д.д. 563-483 жж.) таралған дін деп есептеледі.Буддизм дінінің шығу себебі сол кездегі Үнді мемлекетінің әлеуметтік-экономикалық жэне мәдени дағдарысқа үшырап жатқан кезі болатын. Будда діні, оның негізгі идеалды қөзқарастары таптық қоғамның шығуына, дамуына жол беріп отырды. Сол кездегі рулық-брахман дініне оппозиция болған Будда діні варна-касталық бөлуге қарсы шығып, елдердің басын біріктіруге талпынды.
Будданың ашқан өмір ақиқаты немесе ілімінің негізі — «азап шегу-шілік», ол төрт игілікті ақиқаттан түрады. Бірінші ақиқат, өмір сүру азап шегу болып табылады. Екіншіакиқат, азап шегудің себептері адамның тілегі мен қүмарлығына байланысты болды. Үшінші ақиқат, азаптан құтылудың жолдары – құмарлықтан құтылу. Төртінші акиқат, тілектер мен қүмарлыкты шешу үшін адамдар Будда көрсеткен жолдармен жүрулері керек. Ол жолдар мыналар: Буддаға деген қалтқысыз наным, дінге нұқсан келтірмей дұрыс талаптану, тәртіпті болу, кісі өлтірмеу, адамдармен соғыспай жақсы қарым-катынаста болу, өзін-өзі үстау және аңдып жүру. Қысқаша айтқанда, нирванаға жету. Нирвана деп адамның ерекше жайын білдіретін бүтіндей тыныштыққа бөленіп, айналаны қоршағандардың бәріне енжар караушылықты атаймыз. Соған жеткен адам қайта туудан қуылып, азап шегушілік тоқталады. Нирванаға тікелей жетудің сегіз сатысы болады: түзу көзкарас, түзу батылдық, түзу сөз, түзу жүріс-тұрыс, түзу тұрмыс қалпы, түзу күш салу (өзін-өзі үстай білу), түзу ықылас, түзу жұмылдыру.
Гаутама діни көзқарасына брахманизм және джайнизм діндері үл-кен әсер етті. Бірақ ол өз діни жолын тапты. Өзінің қатаң таукуалық тәр-тіп жолында медитация әрекеті мен сергектенуге жетті немесе Будда атағын алды. Буддалық дәрежеге жеткен соң, ол әріқарай тауқуалық (мүғалім-монах) жүмысын жүргізе берді. Ол Сангха (монах ордені) деген қауым қүрды. Ол орден халықтардың садақалык, қайырымдылық көрсетудің арқасында өмір сүрді.
Сангха болса, Будда ілімін (Дхарма) халықтарға жеткізу үшін жүмыс істеді. Алғашкы Сангха бірте-бірте өсіп, дами отырып «Әлемдік» буддизмге айналды. Алғашқы б.з.д. 300 ж. Сангхи бір қалыпта дами отырып, одан бірнеше ағымдар бөлініп шығып, айрықша мектептерге айналды. Біздің заманымыздың жаңа дәуірінің басында Сангханың әр түрлі ағымдарынан екі үлкен мектеп пайда болды. Олар: Хинаяна(кіші күйме) және Махаяна (үлкен күйме). Хинаяна Тхеравада(ескі өсиеттік жол) көз-қарасын дамытты. Махаяна әлемге деген жаңа көзқарастыкпен дамыды.
Қазіргі кезде буддизмнің үш ағымы бар. Олардың діні, әдет-ғұрыптары, догмалары бір-бірінен айрмашылығы өте зор десек те болады. Бүл ағымдар: 1) Үнді-буддизмі — Тхеравада, немесе оңтүстік жэне шығыс-оңтүстік буддизмі. 2) Дао-буддизмі — махаянанемесе үлкен күйме, Қиыр Шығыс буддизмі. 3) Тантрикалық буддизм — ваджраянанемесе орта азиялық буддизм.
1.Тхераведа ағымы — (ескі жол) будданың салт жолы. Үстаздың бейнесін жай қүрмет етудің орнына тәңірге айналдырылған Буддаға табыну Үндіде етек алды. Мифтік аңыз есебінде Гаутаманың жүрген жерлері, айтқан сөздері барлығы киелі ретінде көрсетіліп, сол жолмен жүру керек дейді. Қатардағы буддистерді сергектену жолындағы жүмыс, жақсы жиған еңбегі бойынша бағалайды. Сол себептен Оңтүстік және Шығыс-Оңтүстік Азиядағы монастырдің рольдері биік болды. Осыған байланысты Тхеравада ағымы немесе хинояна (кіші күйме) үнді мемлекетінен басқа елдерге жақсы таралған жоқ. .
- Махаяна ағымы (үлкен күме, үлы жол) — сергектенуге және нирванаға баратын жол, барлық адамға ашық, тек монах тәртібін сактау мен будда жолы және бодхисаттардың жәрдемі керек дейді. Сол себептен, бүл ағым бодхисаттарды пір тұтып, данышпандық рөлдерін өсіреді. Олар нирванаға қатардағы адамдарды жеткізуге жәрдем береді. Махаянада көптеген діни қауымдар пайда болды.
Жапониялық буддизмнің «Дзен» деген ағымы таралып, қатардағы будда адамдарының діні болды. «Дзен-буддизм» Шығыс Азияға таралған, жаңартылған түрі. Дзен-буддизм қос ағымдық сәулеленуді, ақиқатқа жетуді, саториді уағыздайды. Ішкі сезім, медитация арқылы сергектенуге, өмірдің шыңдығына жетуге болады дейді. Дзен — буддизмнің иррационализмі мен интуитивизмі, оның экзотикалық ғүрпы, әсіресе, соңғы он жылда Батыс Европа және Америка философтарының назарын аударуда.
- Ваджраяна немесе тантраяна ағымы (айрықша салт күймесі) б.ғ.д. II мыңыншы жылы шықты. Ол гуру (оқытушы, бастық) басшылығымен йогамен шүғылданады. Әрбір гуру өз әдістерімен йога жүйесін қолданады. Иоганы адамның ойын кірден тазарту, үяту деп түсіндіреді. Цзян хавай (1357-1419) қүрастырған Ламаизм ағымында әрбір гуру немесе басшы тірі құдай есебінде қабылданады. Ламаизм иерархиялық шіркеу жүйесі мемлекет жүйесіне үқсас, Шыңғысхан жасап кеткен жүйе.
Ламаизм будда дінінен бөлініп шықкын ағым. Бүл ағым екі бөлшектен түрады. Ламаизмнің сырткы табыну тәжірибесі тхеравадаға үқсап, ішкі жақсы тәжірибе жинау, рухани оқу жүрегі немесе ваджараяна ілімі бойынша, адамның ақылы космостық Будда денесімен қосылуы. Рухани жүрек эр түрлі күрылымнан түрады, ваджараментеңестіріле отырып, мәңгілік символы — түрақтылық және бүзылмайтындығы.
Ламаизм Буддизм дінінің кең таралған формасы есебінде қарас-тырылады. Ол көбінесе, Тибетке, Орта Монғолияға, Непалдың кейбір аймақтарына жэне Индияға таралды. Олардың монахтарын ламдар (жо-ғарғы, негізгі) деп атайды. Ламаизм алғаш VIII ғасырда Тибеттен шығып, XV ғасырда мемлекеттік шіркеу болып қалыптасты. Оның шіркеу басшысын, «далай-лама», (теңіз ламы) немесе «хушухты» деп атайды. Далай-ламалар Будданың жер бетіндегі образы, олар өлгеннен кейін де балалары арқылы өмірге келеді дейді. Ламаизм Тибетте тарау кезінен бастап, жергілікті шаман дінінің міндеттерін өзіне алды.Ламаизмге шаман дінінің мистикалык «тантр» ілімі жэне «сикырлық» салттары енді.
XIII ғасырда Моңғолия ханы Хубилай «қызыл бөрікші» жоғары лам етіп тағайындалды. «Пазел» — Қытай, Моңғолия, Тибет мемлекеттеріндегі барлық абыздардың басшысы болып табылды. ХҮ ғасырдан бастап, Тибеттегі будда дін орталығына айналды, ламаизм қауымдары өздерінің ламдарын Қүдай есебінде, әулиелер деп жариялады және олар коғам және мемлекет жүмыстарына араласты. 1550 жылы ламдардың басшысына далай-лама атағы берілді. Тибеттегі далай-ламаға Бандида хамо-лама деген атақ беріліп, ол бүкіл дүниежүзілік және рухани билікке ие болды. 1959 жылы Тибет астанасында Лхаста діни үлт көтерілісіне байланысты Бандида хамо-лама және 100 мыңдай тибеттер шетелге қашып кетуге мәжбүр болды. Қазіргі кездегі Банди хамо-лама Индия мемлекетінде түрады.
ХҮІІ ғасырда лама діні Моңғолия арқылы Буратияға, Ресейге енді. Ламдар мен бурят нойондары лама дінін бурят, калмақ және тувинстердің ішіне зор ынтамен таратты. 1991 ж. шілденің 10-ынан 31-іне дейін, Ұлан-Удэде ламаизмнің Ресейге тарағанына 250 жыл толғандығын той лады.
Орта Азия мен Қазақстан жеріне Будда діні Ү-ҮІ ғғ. таралды деп есептейді. XX ғасырдың екінші жартысында жүргізілген археологиялық зерттеу бойынша буддизмнің Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында және Қытаймен шекаралас Жоңғар қақпасының аймағында іздері табылды..
Қазіргі кезде буддистер Қазақстанда аз, Алматыда будда қауымы тіркелген. Оларға жергілікті бурят, қалмақ, монғолдар барады.