Ежелгі Қазақстандағы діни сенімдер

 

Кең байтақ Қазақстанның ұлы даласында ерте заманнан бастап көптеген діндер шығып, көптеген діндер таралып, өмір сүріп жатты. Олардың түрлеріне келетін болсақ, осы кездегі археологиялық, этнографиялық ғылымдарға сүйене отырып мынандай діндердің шығып таралғанын айта аламыз: Көк тәңірі (Теңрізм), Жер-Су, ¥май, Шаманизм, Митрайзм, Буддизм, Манихейшілік, Христиандық (несториандық) және Зороастризм. Ежелгі қазақ хандығының тікелей ата-тегі түріктерден таралды дейтін болсақ, ежелгі түріктердің басты Қүдайы Көк Тәңіріне сенгендіктен, қазақ халқының да алғагпқы сенімділігін «Тәңірлік» деп айта аламыз. Олай деп айту себебіміз, көшпенді түрік халқы үшін табиғат, оның ішінде Аспан, олардың өмір сүруіне тікелей байланысты болды. Көгілдір Аспан — ең жоғарғы әлемнің тірегі, тіршіліктің тірегі. Тіршіліктің тірегі Жер мен Су. Сонымен әлемді үстап, басқарушы – Тэңір.

Сонымен, табиғи күштерді пір түтудан, тәңірлік көп түсініктіктен бас Қүдайына айналуы.

Түрік халықтарының мифологиясының өзіндік ерекшелігі — Жер мен Аспанның тығыз байланыстығы. Ондай байланыстырушының дәнекері — алып Бәйтерек. Осы биік Бәйтерекпен эпос батырлары аспан денелеріне өрмелеп жете алатын болған. Аспан денелері сакралды киелі ретінде қарастырып қадірленген. Мысалы, «Оғызнама» эпосында Оғыз қаған өз балаларының атын Көк, Күн, Ай, Жұлдыз деп койған екен. Қазіргі қазақ халықтары балаларында Күнсұлу, Айсүлу, Жүлдыз, Шолпан деген аттар кеңінен колданылуда. Аспан мен Жердің үйлесімдік идеясы туралы Ш.Уэлихановтың жазғанына тоқталсақ: «Аспанда өмір сүретін адамдар бар. Олар тамақтарының астына белбеу буынады. Біз ортада, жер үстінде өмір сүреміз, белбеуді денеміздің ортасынан буамыз, ал күні, айы және жұлдыздары бар жер асты адамдарды белбеуді аяғына буалы».

Алғашқы дүниетанымдықта, адам өзін табиғаттың бір бөлігі ретінде қарастыра отырып, өздерін ғарыштық күшпен жасағандығын мойындады. Кеңістік пен Уақытты жакындастырып, мифологиялық көзқараспен дамыды.

Айқастыра тіркеп байлаған қой, ешкілер тобын айтады. Қазақстан еліне Христиан сонан соң Ислам дінінің тарауынан бастап қазақ халықтарында мәдени үлкен өзгерістер басталды.

Негізгі әдебиеттер: 2, 4, 6, 13, 18.

Қосымша әдебиеттер: 2, 4, 8.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *