АҚТЫШҚАҚ (Соlibacteriosis) — жаңа туған бұзауда болатын жұқпалы ауру. А. 19 ғ-дан белгілі. Қоздырғышы — ішек таяқшасы. Ол мал денесіне желіннің үрпісі арқылы енеді. Ауру жұққан бұзаудың іші өтеді, ыстығы көтеріліп, жем жемей, біртіндеп арықтап әлсірейді, емдемесе өледі. Емі — ауру бұзауға сүттің орнына физиол. ерітінді немесе жұмыртқа қосылған қою қара шай. Ауру малды антибиотиктермен (левомицитин, тетрациклин, биомицин, колимицин, полимиксин) емдеу жақсы нәтиже береді. Ауруды болдырмау үшін жаңа туған бұзаудың азығы мен күтіміне ерекше назар аударған жөн.