Пет­роград­тағы Қазан төңкерісі

 

1917 жы­лы 25 қазан­да Ре­сей им­пе­ри­ясы­ның ас­та­насы Пет­роград қала­сын­да Қазан төңкерісінің нәти­жесінде мем­ле­кет билігі Кеңес­тердің қолы­на көшті. Қазан төңкерісінің иде­оло­гы, яғни бас­шы­сы В. И. Ульянов (Ле­нин) бол­ды.

Қазан төңкерісінен кейін билікті қолы­на алған Кеңес­тер «Ре­сей ха­лықта­ры құқықта­рының дек­ла­раци­ясын» қабыл­да­ды. Осы­дан кейін Кеңес­тердің «Ре­сей мен Шығыс­тың бар­лық еңбекші мұсыл­манда­рына» үндеуі жа­ри­ялан­ды. Аталған үнде­уде ха­лықтар­дың діни сенімдері мен ұлттық мүдде­леріне ешкім тиіспейтіні, бар­лық ха­лықтар­дың құқықта­ры бірдей бо­латы­ны ту­ралы ай­тылған.

1917–1918 жыл­да­ры Қазақстан­да Кеңес­тер өкіметі кейбір өңірлер­де күрес нәти­жесінде, ал енді бір жер­лерде бейбіт түрде ор­на­ды.

Қазан төңкерісінен кейінгі Қазақстан­дағы ұлттық үкімет­тер

1917 жы­лы қара­шада Орын­бор конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс нәти­жесінде Ду­тов басқарған «Әске­ри үкімет» билікті қолы­на ал­ды.

1917 жы­лы 15 қара­шада Таш­кент­те болған мұсыл­ман де­путат­та­ры Кеңес­терінің өлкелік съезінде жаңа үкімет «Түркістан Ха­лық Ко­мис­сарла­ры Кеңесі» ор­на­ды. Бұл үкіметтің Кеңесі құра­мын­да мұсыл­мандар болған жоқ. 1917 жы­лы 22 қара­шада Қоқанд қала­сын­да болған бүкіл түркістан­дық IV съез­де Түркістан ав­то­номи­ясы, яғни Түркістан үкіметі құрылғаны ту­ралы жа­ри­ялан­ды. Бұл үкімет кейбір де­рек­терде «Қоқанд ав­то­номи­ясы» деп атал­ды. Алғашқы бас­шы­сы М. Ты­ныш­ба­ев, одан кейін бас­шы қыз­метін Мұста­фа Шоқай атқар­ды.

1917 жы­лы 5–13 жел­тоқсан­да Орын­бор қала­сын­да жал­пы қазақ съезі бол­ды. Съезді М. Шоқай басқар­ды.

Съез­де Алаш ав­то­номи­ясын құру ту­ралы қаулы қабыл­данды.

Алаш­лорда­ның 25 мүше­ден тұра­тын Уақыт­ша Ха­лық Кеңесі құрыл­ды.

Ав­то­номия ор­та­лығы Се­мей қала­сын­да ор­на­ласа­тын бол­ды.

Ала­шор­да үкіметінің төрағасы бо­лып Ә. Бөкей­ха­нов сай­лан­ды. «Қазақ» га­зетінде «Алаш» пар­ти­ясы­ның 10 бөлімнен тұра­тын бағдар­ла­масы жа­ри­ялан­ды.

«Алаш» пар­ти­ясы­ның бағдар­ла­масы:

  1. басқару түрі;
  2. ав­то­номия;
  3. аза­мат­тық негізгі құқықта­ры;
  4. дін ұста­ну ту­ралы мәсе­ле;
  5. сот­тар ту­ралы;
  6. қорғаныс;
  7. са­лық;
  8. жұмыс­шы мәсе­лесі;
  9. ха­лық ағар­ту;
  10. жер мәсе­лесі.

Кеңес­тер билігі Сыр­да­ри­яда

1917 жы­лы 30 қазан­да Пе­ровскіде билік бейбіт жағдай­да жұмыс­шы сол­дат де­путат­та­рының қолы­на көшті. 1917 жы­лы 1 қара­шада 4 күнге со­зылған шайқас негізінде Таш­кент­те Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі 1917 жы­лы қара­шада Шым­кент­те (бейбіт түрде), 1917 жы­лы 7 қара­шада Түркістан­да ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Торғай об­лы­сын­да

Торғай об­лы­сын­да ата­ман Ду­тов бас­таған қазақтар мен Ә. Бөкей­ха­нов бас­таған Ала­шор­да және эсер­лер Кеңес өкіметіне қар­сы күресті. Бірақ олар жеңіліске ұшы­рады. 1917 жы­лы 25 жел­тоқсан­да Қос­та­най­да күрес нәти­жесінде кеңес­тер билігі ор­на­ды. (бас­шы­сы В. М. Чек­ша­ров).

1918 жы­лы 8 қаңтар­да Кеңес­тер Ақтөбе­де билікке келді (бас­шы­сы В. Ф. Зин­ченко).

1918 жы­лы қаңтар­да Торғай, Ырғыз уез­дерінде Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1918 жы­лы 18 қаңтар­да Орын­борда Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Солтүстік және Шығыс Қазақстан­да

Бұл өңірлер­де Кеңес өкіметі күрес нәти­жесінде ор­на­ды.

1917 жы­лы 22 қара­шада Пет­ро­павл­да Кеңес­тер билігін қолы­на алған Уақыт­ша Ре­волю­ци­ялық Ко­митет билікке келді (бас­шы­сы И. Д. Ду­бинин).

1917 жы­лы 25 жел­тоқсан­да Ақмо­лада Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1917 жы­лы жел­тоқсан­да Кеңес өкіметі Көкше­та­уда ор­на­ды.

1918 жы­лы 2 қаңтар­да Ат­ба­сар­да Кеңес өкіметі ор­на­ды.

1918 жы­лы 18 қаңтар­да Өске­мен­де билік Кеңес­тердің қолы­на көшті.

1918 жы­лы 19 қаңтар­да Пав­ло­дар­да күрес нәти­жесінде билік Кеңес­тердің қолы­на көшті.

1918 жы­лы 17 ақпан­да Се­мей­де Кеңес­тер билігі үкімет ба­сына келді.

Кеңес­тер билігі Ба­тыс Қазақстан­да

1918 жы­лы 15 қаңтар­да Орал­да Кеңес өкіметі ор­на­ды. Бірақ осы жыл­дың на­уры­зын­да ақ гвар­ди­яшы­лар конт­рре­волю­ци­ялық төңкеріс жа­сап, Кеңес­терді биліктен тай­дыр­ды. Орал­да Кеңес өкіметі аза­мат соғысы жыл­да­рын­да ғана ор­на­ды.

1917 жы­лы 2 жел­тоқсан­да Бөкей ор­да­сын­да Кеңес өкіметі ор­на­ды.

Кеңес­тер билігі Жетісу­да

1918 жы­лы 3 на­урыз­да Вер­ный­да Кеңес өкіметі қару­лы көтеріліс нәти­жесінде ор­на­ды.

1918 жы­лы на­урыз айын­да Жетісу об­лы­сының бар­лық өлкесінде Кеңес­тер билігі ор­на­ды. Жетісу өңірінде Кеңес өкіметін ор­на­ту жо­лын­да Ж. Ба­ба­ев, А. Ро­зыба­ки­ев, Т. Бот­кин, Т. Өте­пов т. б. ре­волю­ци­онер­лер аян­бай күресті.

Со­ци­алистік эко­номи­ка және мәде­ни­ет

Кеңес­тер билігінің ор­на­уына бай­ла­ныс­ты Қазақстан­да жаңа үкіметтің басқару жүйелері құры­ла бас­та­ды. Бар­лық кеңес­тер іске кірісті. Кеңес­тер жа­нынан қар­жы, өнеркәсіп, жер, ағар­ту, әділет, ден­са­улық сақтау басқар­ма­лары жұмыс істеді.

1918 жы­лы 21 на­урыз­да Орын­борда кеңес­тердің I Торғай об­лыстық съезі бас­талды. Съез­де жергілікті басқару жүйесі, әле­уметтік мәсе­лелер жайын­да қаулы қабыл­данды. Бұл съездің қаулы­сы бойын­ша Алаш қозғалы­сының үнқағазы «Қазақ» га­зеті жа­был­ды.

1918 жы­лы 20 сәуірде Таш­кент­те Түркістан Кеңес­терінің V съезі бол­ды. Бұл съездің құра­мын­да Жетісу об­лы­сы бар Түркістан ав­то­номи­ялы Кеңестік со­ци­алистік рес­публи­касы құрыл­ды. 1918 жы­лы Кеңес өкіметі көпте­ген өнеркәсіп орын­да­ры мен банкілерді мем­ле­кет қара­мағына ал­ды.

Ха­лықты азақ-түлікпен қам­та­масыз ету жөнінде ша­ралар қол­да­ныл­ды.

1918 жы­лы Ақмо­ла мен Се­мей­де са­уда ісін жүргізу азық-түлік ко­митетіне жүктелді.

Кеңес өкіметі ағар­ту мәсе­лесі бойын­ша нақты ша­ралар­ды жүзе­ге асы­ра бас­та­ды.

С. Сей­фул­лин Ақмо­ла об­лы­сын­дағы, С. Меңде­шев Бөкей ор­да­сын­дағы білім бе­ру бөлімдерін басқар­ды.

Кеңес өкіметі Қазақ АКСР-ын құру мақса­тын­да қазақ бөлімін құрды. Бұл істер аза­мат соғысы­ның бас­та­лу­ына бай­ла­ныс­ты тоқтап қал­ды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *