АҚ ТЫРНА

АҚ ТЫРНА (Grus leucogeranus) — тырналар тұқымдасының бір түріҚазақстанның батыс және орт. аймақтарын көктемгі (сәуір — мамыржәне күзгі (тамыз — қазан) ұшу кезінде қоныстайды. Бұл кезде Наурызым қорығында, Ырғыз және Торғай өз-дері мен Арал т. жағалауында жиі кездеседіҚанатының ұз. 57 — 66 см, салм. 10 кг боладыҚауырсыны бірыңғай ақ, тек қанатының ұшы ғана қара, ал басының алдыңғы жағытұмсығы және аяғы қызғылт келедіҰясын жерге саладымекиені мен қоразы 1-2 жұмыртқаны кезектесіп басадыНегізінен, су жағасындағы өсімдіктермен қоректенедіКейде ұсақ кеміргіштердібалықгар мен қосмекенділерді азық етеді. А. т-ның тіршілігі толық зерттелмегенСанының күрт азаюына байланысты қорғауға алынған. Халықаралық табиғат қорғау одағының және Қазақстанның “ Қызыл кітабына” енгізілген. 1981 жылдан Халықаралық “Ақ тырна” жобасына сәйкес Ресейдің Окскі қорығындаАмериканың БарабуГерманияның Вальсроде питомнигінде қолдан өсірілуде. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *