Монголия мемлекеті

 

1.Монғол мемлекетінің құрылуы, үстемдігі, нәсілі, антропологиялық жағдайы.

2.Шыңғысхан. Солтүстік Қытайды, Кореяны жаулап алуы.

  1. Моңғолдардың Русьті жаулауы

     XVIII ғасырда дүниені дүр сілкіндірген мемлекет-Монғолия болды.Монғолияның даңқын бүкіл әлемге шығарған Шыңғыс хан мен оның балалары, немерелері болды.

XI ғасырдың басында қазіргі Монғолия монғол тілінде сөйлейтін тайпалардың мекеніне айналды.Онда бұрын тұрған түркі тілдес халықтар немесе қоныс аударуды немесе Монғолдарға сіңіп кетті.Монғолдар Байқал көлінен Ұлы Қытай қабырғалары, Енисей өзені мен Ертіс өзендері аралығында орналасты.Монғол халқының негізін Керейт, Меркіт, Найман, Тайшыжұрт, Татар тайпалық одақтары құрады.

Солтүстіктегі Монғолдар тоғайларда, ал оңтүстігіндегілер ашық  далада тұрды.Тоғайдағылардағы Монғолдар аң, балық аулаумен шұғылданса, оңтүстіктегілер мал бағып, көшпелі өмір сүрді.Әлеуметтік-экономикалық және мәдени даму деңгейі жағынан солтүстіктегі монғолдар оңтүстіктегі монғолдардан артта қалып қойған еді.Олар алғашқы қауымдық қоғамнан таптық қоғамға енді-енді өте бастаған болатын.Олардың үйлері ағаштан жасалды, киімдері аң терілерінен жасалатын.Бірте-бірте солтүстіктегі монғолдар мал бағумен де айналыса бастады.Мал басының көбеюі оларды тоғайдан шығуға мәжбүр етті.

Жалпы мәдениет деңгейі өте төмен болды:олар календарь дегенді білмеді.Кейбір Монғол руларының мәдениетіне батыста тұратын түркі тілдес ұйғыр халқы айтарлықтай ықпал етті. XIII ғасырға дейін монғолдардың өз жазуы болған жоқ.Монғол тайпаларының ішіндегі ең мәдениеттісі наймандар  ұйғыр жазуын қолданды.Дегенмен барлық монғол халқына оның мәдениетіне Азияның сол кездегі ең  озат елі-Қытай көп үлес қосты.

XIII ғасырға дейін монғол халқының көпшілігі шамандық  дінді ұстанды.Мәңгілік құдай деп «мәңгілік көк аспан» саналды.Монғолдар жер құдайын да, рухты да мойындап, аруақтарды да пір тұтып, сыйынды.

Монғол қоғамының өмірінде құлдар үлкен рөл атқарады.Құлдар жеткілікті болды.Соғыста қолға түскендер құлға айналдырылып отырған.

Монғол қоғамы алғашқы қоғамдық қауымнан құлдық қоғамға тоқтамай, феодалдық қоғамға көшті.Осы жолмен дамуына олардың дамыған феодаодық ел-Қытаймен көрші болуы да үлкен ықпал етті.

XII-XIII ғасырларда монғолияның қоғамдық өндірісіндегі басты фигура-ерікті шаруа-арат болды.Олардың ұсақ шауалары болды, табыстарын ұлғайта түсуге мүделлі  болды.Араттар әлі басыбайлы емес, ерікті шаруалар  болып қала берді.Монғолиядағы феодализмнің қалыптаса бастауына байланысты «нөкерлік» деген өмірге келді.Нөкер деген орыстардағы  «дружинник», қазақтардағы  «төлеңгіт» дегенді  білдіреді.

Нөкерлік XII ғасырдың аяғында кең қанат  жайып, елдің қоғамдық өмірінде үлкен рөл атқарды.Нөкерлердің басты міндеті еңбекшілер наразылығын басып, нояндар билігін нығайту, өз ноянының басқа нояндармен күресіне қатысу болды.Нөкерлер текті тұқымдардан таңдап алынды.Нөкерлер жер, жер шаруаларын алды.Бұл үлестер еуропалық бенефицидің баламасы болды.

Моңғол кең мағнасында-моңғол тілдерінде сөйлейтін барлық халықтардың тарихи атауы.Антропологиялық тұрғыдан  моңғол-негізінен манғол тектес нәсілдің орта азиялық типінің өкілдері.Монғол нәсілі азиялық-америкалық нәсіл-адамзат қауымының аса үлкен нәсілдерінің бірі.Бұл нәсілге жататын адамдардың шашы қара,қайратты болып келеді,көздері қара-қоңыр, терісі қара торы немесе сары түсті, бет сүйегі шығыңқы, мұрын қыры аласалау, беті жалпақтау, қалың қабақ,сүйегі ірі қырысты болады. Монғол нәсілдері бірнеше кішігірім нәсілдерге бөлінеді. Монғол этнонимі алғаш рет Тан дәуірінің (7-10ғғ) шежірелерінде кездеседі.Моңғолдың этникалық тарихында көп мәселе әлі анықталған жоқ, бірақ  монғол этникалық бірлестігі монғолия мен Солт-Шығыс Қытай жерлеріндегі ежелгі жергілікті тұрғындар негізінде қалыптасты деп осы жерлерді мекендеген ғұндармен дун-хулардың ұрпақтары көптеген ғасырлар бойы бірін-бірі ығыстырып, ауыстырып, ішінара ассимиляцияланып отырды.  10ғ бұл жерлердің едәуір бөлігі монғол тілдес қидандардың үстемдігінде болды. 13 ғасырдың басында бірнеше тайпалар мен хандықтар бірікті немесе Шыңғысханның үкімет билігіне күшпен біріктірілді де, біртұтас монғол мемлекеті құрылды. Осы мемлекет шеңберінде монғол халқы қалыптасады.15 ғасырда монғол батыс және шығыс топқа, ал шығыс топ 16 ғасырда солтүстік және оңтүстік топқа бөлінді. Ойрат деген атпен белгілі болған Батыс монғолия 17 ғасырдың 30 жылдарында Ойрат деген хандығын құрды. Оңтүстік монғолдардың діні Қытай Монғолияның құрамына кірді. Кейінен монғол жерлері Қытайдың құрамында Ішкі монғолия деп аталды.16 ғасыр мен17 ғасырдың басында монғол ламизимді қабылдады. Монғолдардың барлық топтарының негізгі кәсібі бұрын көшпелі, ал қазір жартылай отырықшы мал шаруашылығы, егіншілік, көмекшілік рөл атқарды.

Монғол үстемдігі 13 ғасырдың басындағы шапқыншылықтан кейін Қазақстанда тағы да басқа елдерде монғолдар билігі болды. Бұл үстемдік монғолдар  жаулап алған басқа да елдер сияқты қазақ зардабын тигізді. Елдің саяси және мәдени байланыстарын үзіп, шаруашылығын күйретті Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыстағы отырықшы аудандарының халқы қатты күйзелді. Отырар, Сауран, Сығанақұ, Жент т.б. қалалар қиратылып, Жетісу бойындағы қаларлар құрып кетті. Егістік алқаптар тапталып, халық талам-таражға ұшырады. Оңтүстік-шығыс Қазақстанға, әсіресе Жетісуға монғол көшпелілері ағылып келе бастады. Осының нәтижесінде үш монғол ұлысының ордасы Жетісуға, орталық және Оңтүстік Қазақстанға келіп орын тепті. Елдің саяси жағдайы ауырлай түсті. Қалалар мен егістік алқаптары мал жайылымдарына айналды.  Монғол басқыншыларының қоғамдық даму дәрежелері Қазақстанның отырықшы аудандарына қарағанда әлде қандай төмен еді. Монғолияда феодалдық қарым-қатынастар енді-енді дами бастаған болса, шапқыншылық қарсаңында Қазақстанның отырықшы аудандарында феодалдық қарым-қатынас едәуір дамығанды. Монғол үстемдігі қазақ халқының қалыптасуын және мемлекеттің пайда болуын кешеуілдетті. Қазақстан территориясы үш ұлысқа ( Қазақстан жеріндегі Жошы, Шағатай,Үгедей ұлыстарына) бөлінді. Сөйтіп бір-бірімен нашар байланысқан түрік рулары мен тайпаларының бір тұтас халқы мемлекет болып қалыптасу мүмкіндігі  жойылды. Елдің саяси-территориялық тұтастығы бұзылды. Жошы ұлысының территориясы Дешті-Қыпшақ даласының бір бөлігі солтүстік Хорезм, біраз бөлігі Шағатай ұлысы Іле өзенінің Оңтүстік бөлігімен Оңтүстік Қазақстанның отырықшы аудандарын, Үгедей ұлысының- Жетісудің Солтүстік-Шығыс бөлігі  мен Тарғабатайды қамтыды. Монғол үстемдігі Қазақстан территориясындағы көптеген этникалық топтарды сапырылыстырып жіберді.Монғолдардың Түрік тайпаларымен араласуы нәтижесінде жаңа этникалық топтар пайда болды. 13 ғасырда Монғол ұлыстары арасындағы феодалдық тартыстар салдарынан ұлыстар ғана емес, этникалық топтарда ұсақталып кетті.Дегенмен Монғол үстемдігі әкелген бұл саяси экономикалық қиыншылықтар ұзаққа созылмады. 13-14 ғасырлардың арасында Ақ Орда қарамағында Оңтүстік  Қазақстан, әсіресе  Сырдария жағалауындағы аймақтаргүлденіп, қалалар қалпына келтірілді, отырықшылық мәдениеті мен қолөнері жанданды. Жетісудің мал шаруашылығы өрге басты. Отырықшы халықтармен сауда-саттық қалпына келтірілді. Ақ Орда құрлығынан кейін елдің саяси жағдайының жақсаруы және Жетісуда Ионғол мемлекетінің пайда болуы Қазақстанның экономикалық қарым-қатынасының  ұлғаюына игі әсерін тигізді. Шаруашылықтағы бұл ілгері басу, өндіріситік күштердің нығаюы және феодалдық қарым-қатынастардың күшеюі жергілікті түріктердің және түріктенген үстем тап-феодалдардың  экономикалық және саяси жағдайын жақсартты. Олар монғол билеушілеріне  қарсы шыққан халық наразылығын пайдаланып, Алтын Орда мен Шағатай ұлысындағы  Шығыс Дешті-Қыпшақ  мемлекеті мен Жетісуда феодалдық саяси үстемдік алуға ұмтылды.Шыңғыс әулетінің өкілдері басқарған бұл күрес салдарынан Ақ Орда 14 асырда Алтын Орда құрамынан бөлініп шығып, Орталық және Оңтүстік Қазақстанда өз алдына билік құрды, әрі 14 ғасырдың орта шенінде Оңтүстік Шығыс Қазақстан мен Қырғызстанда Манғол мемлекетінің құрылуын тездетті. Ақ Орда мен Ммоғолстан мемлекетінің пайда болуы түрік тайпалары мен түріктенген монғол тайпаларының бірігуін, халық болып қалыптасу процесін жылдамдатты, жергілікті тай      палар мен халықтардың Моңғол үстемдігі зардаптарынан біртіндеп арылып, өз алдына халық, мемлекет болып қалыптасуына игі әсер етті.

XII ғасырдан бастап монғол тайпалары қазіргі кең-байтақ монғол жерін мекендеді. Жері Орталық Азиядан Байқал көліне, Енисей және Ертіс өзенінен Гоби құмына дейін созылып жатты. Монғол жерінде монғол, татар, керей, найман және меркіт тайпалары өмір сүрген. XII ғасырдың екінші жартысында Далай-Нұр және Бұйыр-Нұр көлінің жағасын тата (орыс деректерінде «татар» атауымен белгілі) тайпасы мекен еткен. Олардың батысында Тола көлінде керей, олардан батыста, Алтай тауының етегінде наймандар қоныстанған. Онон өзені бойында, татар тайпасы жерінің солтүстігінде монғолдар көшіп-қонып жүрген. Монғол жерінде тұрған тайпалар ежелден мал бағумен, аң аулаумен айналысқан. 1155 жылы Есугей баһадүр отбасында ер бала дүниеге келеді. Есугейдің руы қият, ал әйелі олқұн руының қызы болған. Есугей баһадүр 1155 жылы татар тайпасына шабуыл жасап, Темучин атты батырын қолға түсіреді. Сол жылы дүниеге келген баласының есімін Темучин деп қояды. Жастайынан қиындық көріп өскен Темучин өте қайратты және өжет болып өседі. Темучин ер жеткен кезде монғол тайпасының керейіт, меркіт және татар тайпаларымен ұзаққа созылған соғысы басталды. Монғолдар 1203 жылы керейлерді, одан кейін татарлар мен меркіттерді жеңеді. Содан керейіттер мен меркіттер батысқа көшіп кетуге мәжбүр болады. Олар қазіргі қазақ даласына қоныстанады. 12041205 жылы өзінің көрші тайпаларын жеңіп, жерін кеңейте түседі.

1206 жылы көктемде Онон өзенінің бойында монғол тайпаларының құрылтай жиыны болып, Темучинді ақ тудың аясында хан деп жариялайды. Осы жиында Темучиннің ата-анасы қойған атын өзгертіп, Шыңғысхан деп атайды. Шыңғысхан бүкіл монғол тайпаларының басшысы болады. XIII ғасырдың басында Шыңғысхан Сібір халықтарының жері мен Қытай елін жаулап алып, Ұлы Монғол империясын құрды. Шыңғысханның Қытайға жорығында Жалайыр тайпасынан шыққан ұлы колбасшы Мұкали (11701223) ерен ерлігімен көзге түсті. Шыңғысхан батысқа аттанғанда Мұқалиды өзінің орнына Солтүстік Қытайдың билеушісі етіп қалдырған. Оған Го Ван деген ең жоғарғы атақ берген. «Го ван» — ұлы кінәз, қазіргі генералиссимус атағын білдіреді.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы. Монғол империясын Шыңғыс ұрпақтары биледі. Ең жоғарғы әміршісі Ұлы хан болды. Ұлы хан мемлекет басшысы ретінде әскери заң шығаруға және әкімшілік билік жүргізуге құқылы болды. Монғол империясының саяси өмірінде Шыңғыс ұрпақтарының жалпы империялык жиналысы — құрылтай (хурилтай, хурилта) зор рөл атқарды. Құрылтай ресми түрде жоғарғы өкімет билігінің жоғары органы болды, құрылтайда ірі әскери мөселелер, ішкі саясат, Шыңғыс ұрпақтары арасында өлкелерді бөлу мәселелері шешіліп отырды. Құрылтайда хан жариялау және оны салтанатты түрде таққа отырғызу рәсімдері жасалды. Құрылтайды шақыру мерзімі күні бұрын белгіленіп, үлыстарға хабаршы жіберу арқылы жария етілді. Құрылтай көктемде шакырылды. Құрылтай іс жүзінде Шыңғыс ұрпақтары әскербасыларының және азаматтық әкімшілік басшылары қабылдаған шешімдерін бекітті. Империя әміршісінің билігін шектемеді. 1259 жылы Мөңке қаған өлгеннен кейін жалпымонғолдық құрылтайлар шақыру тоқтатылды. Монғол империясында құрылтайдың орнына ақсүйектер кеңесі шақырылып түрған. «Кеңес» сөзінің екінші мағынасы «той» дегенді білдірген. «Тойға» Шыңғысханның ұрпақтары, әскербасылар, билеушілер мен есімі елге белгілі әйелдер де қатысты. Тойдың негізгі мақсаты өзара қырқыстарға жол бермеу болды. 1269 жылы осындай басқосу Талас өңірінде өтті.

Монғол мемлекетінің саяси құрылымы

«Яса» («Жаса») — XIII ғасырдың басында Монғол мемлекеті мемлекет баскару үшін ортақ, жазбаша баянды етілген күкықтық нормалар мен заң ережелерін бекітті. Зандар мен ережелердің жиынтығы Шыңғысханның «Ұлы ясасы» деп аталды. Ясаның талабын орындамаған хан тұқымының мүшелері қатаң жазаланатын болды. Монғол хандары «Ясаны» ел басқаруда үзақ жылдар бойы басшылыққа алып отырды. Алайда «Ясаның» қағидалары жергілікті халықтың әдет-ғұрпы мен құқығына сәйкес келмейтін еді. Осының негізінде «Яса» заңын талап етушілер мен оны орындауға тиіс карапайым халық арасында қақтығыстар болып тұрды.

Шыңғысханның Қазақстан, Орта Азия және Кавказ жерін жаулап алуы

Шыңғысхан Қытайды жаулап алғаннан кейін, батыс елдерге бірнеше рет саудагерлер мен елшілерін жіберіп, барлау жүргізе бастайды. Жетісу өңіріне монғолдар 1211 жылы келіп кіреді. 1216 жылы Жошы бастаған қалың қол керейлерді бағындыру үшін Торғай даласына дейін барады. Осы жорығында монғол әскерлері тұңғыш рет Мұхаммед хорезмшах әскерлерімен соғысады. 1218 жылы Орта Азияға Шыңғысхан сауда керуенін жібереді, олар Отырар қаласына келген кезде Ғайырхан саудагерлерден күмәнданып, олардың бәрін өлтіруге бұйрық береді. Бұл хабарды естіген Шыңғысхан Орта Азияға 200 мың әскермен жорыққа аттанады. 1219 жылы Ертіс өзенінің бойында әскерлерін тынықтырып, Балқаш көлінің оңтүстігі — Жетісу арқылы Отырар каласына жақындай түседі. Қалаға жақындағанда Шыңғысхан әскерлерін бірнеше түменге бөледі. (Он мың әскер бір түмен деп аталған). Отырар қаласын алуға Үгедей мен Шағатайды қалдырады. Жошы қалған түмендерімен Сыр өзенінің төменгі ағысындағы Жент және Янгикент қалаларын алуға аттанады. Шыңғысхан кіші баласы Тулуймен (Төлей) Бұхара қаласына жүріп кетеді. 1219 жылдың күзінде монғол әскерлері Отырар қаласына келеді. Отырар өмірі Ғайырхан 20 мың әскерімен қаланы қорғауға дайындалады. Отырарды қоршап алған монғол әскерлері бірнеше ай бойына қаланы ала алмайды. Алты айға созылған соғыстан кейін Отырар қаласы құлайды. Монғолдар қала халқын қырып, қаланы жермен-жексен етеді.Заманында Отырар қаласы қазақ жеріндегі ең ірі қалалардың бірі болған. Бұл жерде ғұлама ойшыл, данышпан ғалым Әбу Насыр әл-Фараби туған. Қаланың орны күні бүгінге дейін сақталып, Қазақстан ғалымдары жыл сайын археологиялық қазба жұмыстарын жүргізіп келеді. «Отырардың күйреуі» атты кинофильм түсірілді. Көптеген зерттеулердің нәтижесінде ғылыми кітаптар жазылды. Отырар қаласы құлағаннан кейін 1220 жылы Шағатай мен Үгедей Бұхара жолында Шыңғысхан әскерлеріне қосылып, Орта Азия қалаларын жаулап ала бастайды.

Монғол шапқыншылығы басталғанда қазақ даласында, Орта Азия жерінде феодалдык бытыраңқылық күшейіп келе жатқан болатын. Шыңғысхан Хорезм мемлекетін де жеңіп, өзіне бағындырды. Бұхара, Самарқан қалаларының халқы ерлікпен корғанып, қарсылық көрсетті. Хорезм астанасы Үргеніштің түрғындары жеті ай бойына ерлікпен қорғанды. Шыңғысхан бастаған монғол-татар әскерлері 1220 жылдың мамыр айында бүкіл Мауараннахр аймағын өзіне бағындырды. 1221 жылы Мерв, Хорасан қалаларын алып, Орта Азияны өзіне каратты, 1221 жылы көктемде Шыңғысхан Өмудария өзенінен өтіп, Ауғанстан мен Солтүстік Үнді жеріне барады. XIII ғасырда Қазақстан мен Орта Азия жерінде монғол-татар үстемдігі орнайды. Қырғын соғыс пен ұзақ жылдарға созылған езгі жергілікті халықты күйзеліске ұшыратты.

Орта Азияны жаулап алғаннан кейін Шыңғысхан жіберген әскерлер Кавказға аттанады. Солтүстік Ираннан кейін монғол-татар әскерлері Әзірбайжан жеріне кіреді. Жолындағы Марага, Нахичеван, Байлакан қалаларын жаулап алады. Шемаха қаласы қатты қарсылық көрсетеді. Армян-грузин әскерлерін жеңіп, Жебе мен Сүбедей әскерлері Дағыстан арқылы Дербент қаласына келіп, Солтүстік Кавказ жеріне аяқ басады. Осы жерде қыпшақтармен кездеседі. 1223 жылы 31 мамырда Қалқа өзенінің жағасына шығып, орыс даласына жақындайды. Қалқа өзенінің бойында монғолдарға орыс-қыпшақ әскерлері біршама қарсылық көрсетеді. Бірақ орыс жеріндегі феодалдық бытыраңқылық орыс әскерлерінің бірігіп соғысуына кедергі болады. Орыстардың қыпшақтармен келісе алмауы салдарынан Қалқа өзенінің бойында монғол-татар әскері жеңіске жетеді. 1225 жылы Шыңғысхан өзінің астанасы Қарақорымға келеді. 1226 жылы Таңғұт патшалығына жорық жасайды. Бұл жорықта Шыңғысхан ірі жеңіске жетіп, Таңғұт патшасын өзіне бағындырады. Жорықтан қайтып келгеннен кейін аң аулап жүргенде аттан құлап, мертігеді. Сол жығылғаннан тұра алмаған Шыңғысхан 1227 жылы 72 жасында дүние салады. Өзінің көзі тірісінде айтып кеткеніндей, баласы Үгедей таққа отырады. 1235 жылы Қарақорымда болған құрылтай жиналысы ендігі шабуылды батысқа қарай бастауға, жаңа жерлерді бағындыруға шешім қабылдайды. Жорықты бастау Жошының баласы Батуға (Батый) тапсырылады. Көп кешікпей 1236 жылы Батудың Орыс жеріне жорығы басталады.

1227 ж. Шыңғыс хан қайтыс болды. Ол өлгеннен кейін 1235 ж. Қарақорымда өткен монгол ақсүйектерінің құрылтай жиналысы Шығыс Еуропаға жаңа жорық жасауға шешім қабылдады. Оны Жошының ұлы Бату басқаратын болды. Бату хан әскері еріксіз тайпалар өкілдерінен құралды. Басқару қызметтерін монгол феодалдары иеленді. Бату хан әскері 1236 жылы Камадағы Бұлғарды, Мордваларды талқандап, 1237-1240 жж. орыс жерлеріне келді. Рязань, Мәскеу, Владимир түбінде күшті шайқастар болды.

1239 ж. басында монғолдар Еділ өзенінің ту сыртынан орыс жеріне екінші жорыққа аттанды. 1240 ж. күзде Киев алынды. Монголдар Польша, Венгрия, Чехияны талады. Енді монгол жері батыста -Днестрге, шығыста Ертіске, оңтүстікте Солтүстік Кавказға дейін жетті. Бату хан иеліктері құрамына оңтүстік-шығыста Солтүстік хорезм мен Сырдың төмен жағындағы жерлер енді. Орыс кінәздықтары да Бату ханға тәуелді бодан болды.

Осындай аса зор мемлекет шығыс деректемелерінде Көк Орда, орыс жылнамаларында Алтын Орда деп атанды. Алғашында Алтын Орда Монголия империясына оның бір ұлысы ретінде енген еді, ал 15 ғ. 1460 жж. кейін ол дербес ел болып бөлінді. Алтын Орда халқы этникалық жағынан біркелкі болған жоқ. Отырықшы аймақтарда Еділ бұлғарлары, қала қыпшақтары, орыстар, армяндар, ежелгі хазарлар, хорезмдіктер тұрды. Ал далалық аймағында қыпшақ, найман, қоңырат т.б. мекендеді.

1377 ж. Мәскеудің ұлы кнәзы Дмитрий мен Суздаль-Нижегород кнәзының әскерлері Қазанға жорық жасады. Рязань кнәздығына шабуыл жасаған татарларды 1378 ж. орыстар Вожа өзені бойында (Оканың оң саласы) талқандады.

1380 ж. Алтын Орда нояны Мамай үлкен әскер күшімен орыстарға қарсы шабуылға шықты. Орыс кнәздықтарының біріккен күштері Непрядва (Донның оң сапасы) өзені жағасында, Куликово даласы деп аталатын жерде 1380 ж. 8 қыркүйекте Мамай әскерінің тас-талқанын шығарды. Бұл Алтын Орданың құлауын тездетті.

Әдебиеттер:

  1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
  2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
  3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
  4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

  1. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *