АҚТҮКТІ ТАСПА

АҚТҮКТІ ТАСПАақтүкті астрагал (Аstragalus candidissimus) — бұршақ тұқымдасына жататын таспа туысының бір түрі, көп жылдық бұта, эндемик өсімдік. Қазақстанда Зайсан қазан шұңқырында, Балқаш — Алакөл ойысында кездеседі. Құмды жерлерде өседі. Биікт. 30 см-ге жуық. Сабағы түзу, тік, түкті, ұз. 12 — 20 см. Жапырақтары қысқа сағақты, ұз. 10 см-дей, эллипс тәрізді болады не дөңгелек үшкірлеу келеді, 7 — 12 жұп жапырақшалардан тұрады. Гүл түғыры берік, қысқа, үстіңгі беті ақ, кейде қара түкті, ал гүл шоғыры 9 — 15 гүлді, ұз. 2 — 3 см., дөңгелек, гүлдері жоғарғы жапырақ қолтығында орналасқан. Тостағаншасы да ақ киіздей түкті, қызғылт, күлгін түсті болады. А т. тұқымынан көбейеді. Маусым — шілде айларында гүлдеп, шілде — тамызда жеміс береді. Жемісі — жұмыртқа пішіндес бұршаққап. Жылдан-жылға азаюына байланысты А. т. қорғауға алынып, Қазақстанның “Қызыл кітабына” енгізілген. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *