- VIІғ Арабия әлеуметтік-экономикалық дамуы.
- Араб халифаты. Омеялар. Аббасилер
- Мамлюктар мемлекеті.
Ежелгі араб феодалдық мемлекетінің құрылуы
Арабия түбегінің жер көлемі — 3 млн шаршы шақырым. Жерінің көбін құм басып жатыр. Тек орталық бөлігі мен Йемен жері шаруашылыққа колайлы. Ежелден Арабия түбегін арабтар қоныстанып келді. Халқы егіншілікпен және мал бағумен айналысады. Суармалы егін шаруашылығы басым. Құнарлы көкорай жерде бау-бақша-, жеміс-жидек өсіріледі.Отырықшылықпен қатар, арабтар көшпелі мал шаруашылығымен шұғылданды. Қалаларда колөнер мен сауда дамыды. Ең ірі калалары — Неджран, Мекке, Таиф т.б. сауда орталықтарына айналды.
Біздің заманымыздың III ғасырында Арабия түбегінде Лахмид патшалығы өмір сүрді. Лахмид әулетінің билеушілері тұсында бұл патшалық дамыған ірі мемлекетке айналды. Лахмид патшалығының күшейген кезі — IV ғасырдың аяғы мен V ғасырдың басы. Бұл патшалық VII ғасырдың басына дейін Сасанилік Иранға тәуелді болды.
Арабияда өндіргіш күштердің өсуі, феодалдық шаруашылықтың дамуы, мүлік теңсіздігінің тереңдеуі, сондай-ақ, жаңа жерлерді жаулап алу ірі мемлекет кұруға негіз болды. Арабтарды біріктіру идеясын уағыздау кең етек алды. Ислам идеясын таратушы Мұхаммед пайғамбар (570-632) Меккеде туып-өскен. Ол өзін Алланың жердегі елшісі деп жариялап, арабтарды ислам дініне енуге уағыздады.
Мұхаммед пайғамбардың діни уағыздарына қарсы болған Меккеқаласының билеушілері қасиетті Қағбаны басып алып, Пайғамбардың қаладан кетуін талап етті. Меккеқаласында өзіне қолдау таппағаннан кейін Мұхаммед пайғамбар Арабияның екінші қаласы Ясрибке (қазіргі Медине) барып паналауға мәжбүр болады. Сол жерде Медине халқынан қолдау алып, Меккеге қарсы жорыққа дайындалады. Осы жорықта жеңіске жеткен Мұхаммед Меккені ислам дінінің орталығы деп жариялайды. Қағба әрбір мұсылман жылына бір рет барып, Алла алдында өз парызын өтеуге тиісті қасиетті орынға айналады.
VII — IX ғасырларда арабтардың жаулап алуы
Жер мемлекеттік меншік саналып, Аллаға адал қызмет атқарған адамдарға беріліп отырды. Жер алғаны үшін оның иесі «үшір» салығын төлеуге міндетті еді. Малшылар да белгілі мөлшерде салық төлеп отырды. Мұхаммед пайғамбардың билігімен өз мемлекетіне адал қызмет атқарғандарға берілген жер икта (бөлік) деп аталды. Мұхаммед Арабия түбегін түгелдей бағындырып, Ислам мемлекетін Құрды. Пайғамбар өлгеннен кейін оның ізбасарларына халиф (пайғамбар ісін жалғастырушы, жолын қуушы деген мағынаны білдіреді) деген атақ берілді. Сөйтіп Араб халифаты деген ірі мемлекетті Мұхаммед пайғамбардың серіктері Әбу Бәкір, Омар, Осман, Әли т.б. басқарды. Араб халифаты Иран, Сирия, Иордан, Армения, Египет, Вавилон жерлерін, 648 жылы Солтүстік Африкадағы Ливияны, 711-18 жылдары Гибралтар бұғазы арқылы Пиреней түбегіндегі Испанияны жаулап алып, Франция жеріне дейін жетті. Шығыста Араб халифаты Орта Азия жерін жаулап, Мерв (Мары) қаласы халифаттың орталығына айналды. Сөйтіп Үндістаннан Атлант мұхиты жағалауына дейінгі жер Араб халифаты мемлекетіне бағындырылды. Араб халифаты жаулап алған жеріндегі барлық халықтарға ислам дінін таратты.
Араб халифатының саяси басқару жүйесі
Барлық жаулап алынған жер мемлекеттік меншікке айналдырылды. 661-750 жылдары билік басына Омейя әулеті келді. Омейя халифатының жері бес жергілікті басқару аймағына бөлінді. Бірінші аймағына — Иран, Ирак, Шығыс Арабия, Хорасан және Орта Азия жері; екінші аймағына — Хиджаз, Йемен, Орталық Арабия; үшінші аймағына — Армения мен Әзірбайжан, Кіші Азияның шығыс бөлігі; төртінші аймағына — Египет, Ливия, Триполи; бесінші аймағына Батыс Африка және Испания кірді. Әрбір аймақты басқаруға халифтың үкімімен әмір тағайындалды. Әрбір әмірдің екі орынбасары болды. Бірінші орынбасары әмірлікте салық және қаржы мәселесімен, екіншісі дін ісімен айналысты. Халифатқа қарамағындағы аймақты басқарып тұру үшін өте көп әскер керек болды. Бүкіл халифаттағы әскердің басшысы халифтың өзі болып, бас қолбасшы рөлін атқарды. Әрбір әмірлікте жергілікті әскери басқару жүйесі жүргізілді. Әскер бастығы дәрежесі жағынан аймақтағы екінші адам болып саналды. Омейя әулетінің негізгі әлеуметтік тірегі арабтың феодалданған ақсүйектері болды.
Омейя әулеті билік құрған Араб халифатында қоғамдық мекемелер мен мешіттер салуға көп көңіл бөлінді. Сауда және қолөнер айтарлықтай дамыды. Сауда айналымына алтын динар мен күміс дирхем енгізілді.
Омейя әулеті басқарған Араб халифаты орта ғасырлардағы ең ірі мемлекеттердің бірі болды. Бірақ ұзақ жылға созылған ішкі бақталастық Араб халифатын әлсіретті. 750 жылы Әбу Мүслім бастаған көтерілістің нәтижесінде Омейя әулеті билік басынан қуылып, оның орнына Аббас әулеті келді. Мұхаммед пайғамбардың немере ағасы Аббастан тарадық дейтін араб халифтары әулеті үстемдік құрған алғашқы жүз жылда халифаттағы феодалдық қатынас күшейіп, сауда өрістеді. Аббасилік халифат әсіресе һарун ар-Рашид (768-809) пен Мамун (813-833) тұсында кемеліне келді. Халифат Азия, Африка, Еуропа құрлықтарын қамтыған әлемдік державаға айналды. Бұл құрлықтардағы халықтардың өздеріне тән тарихи, мәдени, діни ерекшеліктері болды. Олар әр түрлі тілде сөйлеп, өз салт-дәстүрлерін ұстанды. Бұл сияқты ала-құлалық түбінде әлемдік державаның күйреуіне әкеліп соғатын. Мұндай тағдырдан Халифат та қашып құтыла алмады. VIII-X ғасырларда Халифат бірнеше тәуелсіз мемлекеттерге ыдырап кетті. Олардың ішіндегі ірілері Бағдад халифаты (750-1258), Фатимилер халифаты (909-1071), Кордова халифаты (756-1031), Саманилер мемлекеті (875-999) т. б. болды.
1258 ж. Шыңғысханның немересі Хулагу хан басқарған монғол әскері Бағдадты басып алды. Аббас әулетінің соңғы халифі Мустасим өлтірілді де, Араб халифаты мемлекет ретінде жойылды.
Араб халифаты — халифалар басқарған араб-мұсылман мемлекеттерінің Еуропа елдеріндегі атауы. Мұхаммед пайғамбар Батыс Арабияда құрған мұсылман қауымы (Умма) Араб халифатының ең алғашқы түп негізі болды. 632 — 56 жылдардағы халифаттың астанасы —Медине қаласы Араб жорықтарының бірінші кезеңінде халифаттың құрамына Ирак, Иран түгел дерлік, Кавказ сыртының басым бөлігі, Сирия, Палестина, Египет кірді, ал екінші кезеңінде оған Солт. Африка, Пиреней түбегінің көп бөлігі, Орта Азия, Табарстан, Джурджан (Горган), Синд қосылды. Халифат тұсында ислам дінінде сунниттер мен шииттердің, хариджиттердің алғашқы діни-саяси ағымдары және түрлі халифаттар (Омейя әулеті халифаты (929 — 1031), Аббас әулеті халифаты (750), Фатима әулеті халифаты (909 — 1171), Кордова халифаты), Сасани, Тулуни, Әли әулеті, Тахир әулеті, Самани әулеті т.б. билеген мемл-тер мен жергілікті әмірліктер пайда болды. 1258 ж. Хулагу хан бастаған монғол әскерлері Бағдадты алып, Аббас әулетінен шыққан соңғы халиф Мұстасимді өлтіргеннен кейін А. х. мемл. ретінде жойылды. Халифат– халифтар басқарған, құқықтық жүйесі исламның сүнниттік тармағына негізделген мемлекеттердің жалпы атауы. Алғаш Батыс Арабияда 632 – 56 жылы Мұхаммед Пайғамбардың басшылығымен құрылған. Қазақстаннан халифат құрамына кейбір оңтүстік аймақтар (Фараб, Испиджаб, Яссы, — халифалар басқарған ортағасырлық араб мемлекеттері. Мұсылман теократиясына негізделді. Халифаттың түпкі негізі 7 ғасырларда Батыс Арабияда Мұхаммед пайғамбар (ғ.с.) құрған мұсылман қауымы — умма болды. Арабтардың жаулап алулары нәтижесінде халифат Арабия түбегін, Иран, Иракты, Орталық Азия мен Кавказдың көпшілік бөлігін,Сирия, Палестина, Египет, Солтүстік Африка, Пиреней түбегінің басым бөлігін, Синдті қамтыған орасан зор мемлекетке айналды (қ. Араб халифаты Арабтардың Орталық Азияға жорықтары). Омейя әулеті (661 — 750) мен Аббас әулеті (750 — 1258) кезінде халифат құл иеленушілік және патриархалдық тәртіптер сақталған, феодалдық қатынастар басым дамыған мемлекет болды. 7 — 10 ғасырларда халифатта дүниежүзілік мәдениеттің дамуында маңызы зор болған жарқын да сан алуан мәдениет қалыптасты (қ.Араб мәдениеті). 9 ғасырда құрамына кірген мемлекеттердің экономикасының дамуының әркелкілігі, аймақтар арасындағы шаруашылық байланыстардың әлсіздігі, жер-жердегі халифатқа қарсы көтерілістер, билеушілердің өзара тақ таласы мемлекеттің ыдырауын және іс жүзінде дербес ұлттардың құрылуын тездетті. 10 ғасырдың 1-жартысынан бастап Фатима әулетінің (909 — 1171), Испанияда Омейялар (929 — 1031) мен Аббастардың Халифаттары өмір сүрді. Фатима әулеті халифтері өз қолдарына діни, зайырлы биліктерді қатар шоғырландырды. Аббас әулеті халифтары 945 жылы Бағдадты Буилер жаулап алғаннан кейін зайырлық биліктен айрылды. 1055 жылы Бағдадтағы Буилер билігін салжұқтар алмастырды. Салжұқтардың біртұтас мемлекеті ыдырағаннан кейін (1118) Аббас әулеті Тигр мен Евфрат алабында жаңа Халифат құрды. 1258 жылы Бағдадты моңғолдар басып алғаннан кейін Халифат мемлекет ретінде өмір сүруін тоқтатты. Алайда Египетті 1517 жылы түріктер жаулап алғанға дейін Аббас әулеті халифтері Каирде тұрып, өздерінің діни беделімен жергілікті сұлтандарды және басқа да мұсылман елдерінің билеушілеріне ықпал етті, оларға қаржы жағынан көмектесті. Кейін түрік сұлтандары өздерін халифтер деп атай бастады. Олар мұны Египетті жаулап алғаннан кейін Аббас әулетінің соңғы өкілінен мұраға алғандықтарымен түсіндірді. Түрік Халифатын 1924 жылы наурызда республикаТүркия жойды.
Әдебиеттер:
- История средних веков. Т,1.М., 1997.
- История средних веков. Т,1.М., 2000.
- История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
- История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.
5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.
- В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004