Жапония

 

1.ІХ-ХІІғғ Сегунаттың орнауы. Самурайлар

2.Ходзе әулетінің билікке келуі

3.Жапонияда Токугава режимінің орнауы.

Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы

1.ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда феодалдық қоғамның қалыптасуы аяқталды. Бұл кезеңде Жапонияда мұрагерлік жер иелігі қалыптасты. Жер иеліктері — сёэн деп аталды. Мұрагерлік жер иеліктері салықтан босатылды. Мұнда шаруалардың екі түрі жұмыс істеді. Біріншісі бас бостандығы жоқ, тәуелді шаруа болды, екіншісі мемлекеттік шаруа деп аталды. Тәуелді шаруалар феодалдар жерінде қызмет атқарып, жер иелеріне толық тәуелді болды. Мемлекеттік шаруалар император сарайына тиісті жерде жұмыс істеді. Қызмет жасаумен қатар, император қазынасына салық та төлеп отырды.

Жапон қоғамында феодалдардың да бірнеше әлеуметтік тобы болды. Ең ірі феодалды даймё деп атады. Даймё қарауында кішігірім жер иеленушілер болды. Ірі және орташа феодалдардың жер иеліктерінде оларға бағынышты әскери адамдар — самурайлар қызмет атқарды. Самурай жапон феодалдық қоғамындағы негізгі кәсіби, әскери топ болды. Самурайлар да кейіннен ұсақ жер иелеріне айналды. Олар жерді өздерінің бастьщтарынан сыйльщқа алу негізінде иеленді.

Саяси құрылысы

Жапонияда VII ғасырдан бастап орталық императорлық өкімет билігі орнады. Ең жоғарғы билік және барлық жер иелігі микадо қолында болды. ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда императорлық билік біртіндеп әлсіреп, жаңа әлеуметтік топ — сегундар билігі күшейді. Сегун — микадоның бірінші министрі немесе оның уәзірі қызметін атқарды. 1192 жылдан бастап сегундардың саяси билігі күшейіп, император елдегі діни басшы ретінде ғана сақталып калды. Солтүстік жапон феодалы Минамото самурайлардың күшімен император әскерін жеңіп шығады. Ел астанасы Киото қаласын басып алып, сегундардың үстемдігін орнатады. Жапонияда көп уақытқа дейін минамото әулетінен шыққан сегундар билік құрды. Минамото жасақшылары қарсыластардан тартып алған жерлерді өзара бөліске салып, кейін олардың көбі ірі феодалдар — даймёларға айналды. Үстемдік етуші феодалдар табы — «әскери-поместьелік» жер иелері (буси, самурай) елдің негізгі жер бөлігін қолында ұстап, өздерінің мемлекеттік басқару әкімшілігін құрды. Сөйтіп ХІ-ХІІІ ғасырлар аралығында Жапонияда мұрагерлік биліктің екі түрі болды. Бірі — императорлық,екіншісі — сегундық. Мемлекеттің басында сегун тұрды. Ол әскери өкімет басшысы әрі самурайлардың қолбасшысы болды. 1199 ж. Минамото өлген соң үкімет билігін Ходзе Токимаса иеленді. Жапонияда әскери-феодалдық мемлекет құрылды.

Шаруалардың жағдайы

Шаруаларды қанау бұрынғыдан да күшейе түсті. Феодалдар әр түрлі сылтаулар тауып, жаңа салықтар енгізіп отырды. Феодалдар арасындағы қырқыстар да шаруалар тұрмысын тұралата түсті. Шаруашылықтар өзара соғыстардан күйзеліске ұшырады. Мұның бәрі шаруалар наразылығын күшейтіп, көтеріліс жиі болып тұрды. 1428 жылы ең ірі көтеріліс Киото қаласының маңында болды. Олар қарыздарды жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы шықты. Көтеріліс «самурайлар жойылсын» ұранымен өтті. 1441 жылғы шаруалар көтерілісін кедейленген самурайлар — рониндерде қолдады. Ямасиро ауылында көтерілісшілер жеңіске жетіп, 7 жылға жуық өз биліктерін орнатқан кездері де болды. Олар өз өскерін құрып, халық жиналысын шақырып, өздерінің заңдарын бекітіп отырды. Халық жиналысы 36 адамнан тұрды. Олар салық мөлшерін анықтап, шіркеу иелеріне салықты ұлғайтты. Шаруалар көтерілісі XVI ғасырда да тоқтаған жоқ. 1532 жылы Киото, Харима, Исэ, Тайба қалаларында кедейлер көтерілісі болды. XVI ғасырда Жапонияда сегундық билік әлсіреп, феодалдық бытыраңқылық елдің бірнеше дербес кінәздікке бөлінуіне дейін жеткізді.

Қалалардың дамуы

ХІ-ХІІІ ғасырларда Жапонияда қалалар саны өсті. Қалалар қолөнер орталығына айналды. Жапония қолөнершілері ертеден жібек матадан киім-кешектер тігетін. Жапондар ата-бабасынан бері темірден, алтыннан, күмістен әр түрлі заттар жасай Самурай. білген. Күні бүгінге дейін жапон семсері әлемге әйгілі болып келеді. Жапон семсері көп елдерге шығарылып отырған. Мысалы, 1483 жылы шетелге 67 мың семсер сатылған. Жапондар Корея, Қытай, Филиппин аралдарымен сауда-саттық қатынас жасап отырған. Елдегі ірі калалар — астанасы Киото, Сакаи, Хиого, Хаката, Нагасаки т.б.

Біртұтас мемлекеттің құрылуы

Жапонияның бір орталыққа бағынатын күшті мемлекетке айналуына, феодалдық құрылысты нығайтуға феодалдар мүдделі болды. Олар мұндай үкімет өзара қырқысты, шаруалар көтерілістерін тоқтатады, өсімқор буржуазияның өсіп бара жатқан беделін шектейді деп үміттенді. XVI ғасырдың соңы Жапонияда капитализмнің белгісі — сауда буржуазиясы қалыптаса бастаған кез болатын. 1568-1582 жылдары елді біріктіру ісін феодал Ода Нобунага басқарды. Аз ғана уақыттың ішінде ол орталық Хонсю аралы жерін өзіне бағындырды. 1573 жылы Асикага әулетінің ең соңғы сегунын биліктен кетіреді. Ода Нобунага 1580 жылы Жапонияның жартысын біріктірді. Жапонияның ең бай қаласы Сакаиды бағындырды. Нобунаганың ісін алға апарған досы Тоётоми Хидэёси (1583-1598) елді біріктіру ісін жалғастырды. Хидэёси елде қатаң тәртіп орнатты. Ол шаруаларды жерге бекітетін, басы ауған жаққа кетуіне тыйым салатын заңдар шығарды. Сырт елдермен басқыншылық саясат жүргізіп, 1592 жылы Корея еліне екі рет жорық ұйымдастырды. Оңтүстік Корея жерін уақытша бағындырды.

1598 жылы Хидэёеи өлгеннен кейін Жапонияны біріктірумен Токугава (1598-1616) айналысты. 1603 жылы ол елді біріктіруді аяқтап, сегун деген атақ алды. Токугава әулетінің сегундары Жапонияны 1867-1869 жылдардағы буржуазиялық революцияға дейін 265 жыл биледі.

ХІ-ХІІІ ғасырлардағы Жапонияның саяси құрылысы

Жапонияда бір орталыққа бағынатын мемлекет орнағаннан кейін, елге шетелдіктердің келуіне тыйым салынды. Еуропалықтардың Жапониядағы істеріне үзілді-кесілді шек қойылды. Жапонияның басқа елдермен қатынасын осылай жасанды түрде үзіп тастау екі жарым ғасыр бойы сақталды. Бұл — феодалдық монархияның өсіп келе жатқан буржуазияға саяси шектеу қойып, феодалдық қоғамды сақтап қалуға жасаған шаралары еді. Жапонияның өзін-өзі оқшаулау саясаты халқының ұлттық ерекшелігінің дамуына жол ашты.

 

3.Қазіргі Жапония аумағына адамдар неолит дәуірінде қоныстана бастаған. Алғашқы тұрғындар Азия құрлығынан топ-топ болып қоныс аударған деген жорамал бар. Олар жер өңдеумен, мал шаруасымен айналысқан (Дзёмон және Яёи мәдениеттері). Б.з.б. 2 ғ-дан бастап тайпалар одағы қалыптасып, ямато тайпалық одағы негізінде ежелгі Жапон мемлекеті пайда болды. Орталық мемлекеттік билік күшейіп, ямато билеушілері Қытай императорына бірнеше елшілік аттандырды және осы кезден бастап ел ішінде будда діні тарай бастады. Ямато патшалары өздерін ”тэнно” деп атады және бұл атау күні бүгінге дейін император деген ұғымды білдіреді. 645 жылы болған төңкерісінен кейін «Тайка» реформаларының нәтижесінде құл иелену жойылып, жалдамалы шаруалар мен ірі жер иелері пайда болды. 710 жылы алғашқы тұрақты астана Нара салынып, 784 жылы орталық Нагаоку, 794 жылы Хэйан қалаларына көшірілді. 11 ғасырдада ірі-ірі әскери топтар арасында билік үшін күрес басталып, 1192 жылдан бастап үкімет билігі тек сөз жүзінде ғана сақталды. Сёгундер елді әскербасыларының (буси) көмегімен басқарды. Бусилардың төменгі бөлігі ұсақ жер иелерінен тұрып, самурай деп аталды. Қытай мен Кореяны басып алған Шыңғыс хан империясы 1274 жылы және 1288 жылы екі рет Жапонияға сәтсіз жорық жасады. Елде 13 ғасырдан бастап сауда және қолөнер бірлестіктері (дза) көптеп құрыла бастады. Қалалардың саны өсті. 15 — 16 ғасырларда Қытай және Кореямен арадағы сауда дамыды. Кен орындары (алтын, күміс, мыс) пайда болды. Жапония жеріне алғаш рет еуропалықтар (1542 жылы португалдар, 1584 жылы испандар), христиан миссионерлері келе бастады. Иэясу Токугава (1542 — 1616) елдің бірігуін аяқтап, 1603 жылы сегун болып жарияланды. Токугава әулетінің билігі 1867 жылға дейін созылды. Аймақ билеушілері (даймё) үлкен жасақ ұстады. Оларға самурайлар қызмет етіп, еңбектері үшін күріш түрінде жалақы алды. Даймелердің үстінен қатаң бақылау орнатылды. Халық 4 әлеуметтік жікке (самурайлар, шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер) бөлінді. Үкімет еуропалықтарға қарсы арнайы заңдар шығарып, олардың елге келуіне және христиан дінін насихаттауына тыйым салды. 1641 жылдан Қытай мен Голландия көпестері үшін Нагасаки (Дэсима) порты ашылды. 18 ғасырдың аяқ кезінен бастап мануфактуралар (жібек өңдеу, қағаз, т.б.) пайда болып, нарықтық қатынастар дами бастады. 1850 — 1860 жылы Жапония АҚШ және еуропа мемлекеттердің қысымымен шетелдіктер үшін жаңа порттар ашуға мәжбүр болды.

Әдебиеттер:

  1. История средних веков. Т,1.М., 1997.
  2. История средних веков. Т,1.М., 2000.
  3. История средних веков: Европа и Азия. Минск. 2000.
  4. История стран Азии и Африки в средние века. М.1968.

5.Т.Тортаев Орта ғасырлар тарихы. Алматы.1999.

  1. В.А.Федосик, А.А. Прохоров, И.О. Евтухов. Материалы по истории древнего мира средних веков. Минск. 2004

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *