Үндістандағы Ұлы Моғолдар әулеті Делиді басып алған және тонаған, жаулап алушы самарқандық әмірші Темірден басталады. Бабыр 1526 жылы Лоди әулетінен шыққан соңғы әкімді жеңіп, Дели мен Аграны жаулап алады. Оның ұлы Хумаюның тұсында (1508 – 1556) моғолдар билігі басталды. Ұлы Моғолдар патшалығы Хумаюнның ұлы Акбар тұсында (1556 – 1605) гүлденді. Акбар өзінің әкесі мен атасы сияқты өнер қамқоршысы ғана болып қойған жоқ, ол сонымен бірге аса зор ұйымдастырушылық қабілеттерімен көзге түскен және бір жақты діншіл адам да емес – ті. Ол өзіне бағынышты индуистермен де тіл таба білді. Акбар билеген кезеңдегі көптеген құрылыстар олардан бұрынғы дәуірлердегі ғимараттарға тән қатаң және ұстамды бағыттан өзгеше, мейлінше жаңа стиль туындылары болып келген. Бұл жаңа стиль әр түрлі формалармен, Раджпуттар тұқымынан шыққан билеушілерге негізделген үнділік сарай дәстүрлеріне барынша үнде, көрікті, сән – салтанатымен ерекшеленеді. Ұлы Моғолдар дәуіріндегі тамаша құрылыстардың бірі – Аграның солтүстік батысындағы Сикандрада орналасқан Акбар кесенесі осы стиль үлгісі болып табылады.
Бұл кесене Акбар әмірімен салына бастайды да, мұрагер ұлы билік жүргізіп тұрған кезде, яғни 1613 жылы аяқталды. Оның басқа кесенелерден ерекшелігі – буддалық сәулет концепциясына орай жоспарланғандығы. Ол ұзынша формалы үлкен баққа орналасқан, зор қақпалар арқылы тартылған жолдары бар, оларға симметриялы орналасқан екі жақтағы дуалда да дәл осындай, бірақ жалған қақпалар жасалған. Ұшы сүйірленіп бітетін, мейлінше жарасымды күмбезбен көмкерілген негізгі ғимарат жебе тәріздес арқа кесіп өтетін үш қабаттан тұрады. Үшінші, үстіңгі қабаты құрылысты түйіндейтін ашық терасса тәрізді, үсті жабылмаған, алайда бұрыштарында әрқайсысы төрт төрттен сүйрік бағандармен көтерілген төрт күмбезі бар. Бұл кесененің негізгі құрылысы. Мәрмәр мозайкадан салынған ішкі албар тас қорған мен ауланың сыртқы қабырғасынан бөлектеген айналма жолмен қоршалған. Екінші терасса Акбардың ақ мәрмәрден жасалған келісті саркофагы тұр. Сикандраға жақын жерде, Аграның солтүстік батысына қарай, шамамен отыз шақырым қашықтықта Акбардың әмірімен салынған резиденция болған Фатхпур Сикри қаласы бар.
Бүкіл Үндістандағы көрнекті құрылыстардың бірі салынған Фатхруп Сикридегі соборлық мешіт мейлінше әсем кешен болып табылады. Ауласының аумағы 181х158 шаршы метр, мешітінің үш күмбезі бар. Аулада ақ мәрмәрден жасаған Селим Чишти шейхтың және Ислам ханның кесенелері бар. Ауланың оңтүстік жағында айбынды да керемет келісті, өз алдында дербес құрылыс саналатын «Әсемдік қақпасы» (43х20м) орнатылған.
Бүгінде Үндістан сәулетінің аса үздік ескертеіші болып саналатын, Шаһ Жаһан өзінің сүйікті жары Мумтаз Махал құрметіне салдырған Аградағы Тәжі-Махал озық ойдың үлгісіндей әсем ескерткіш. Бұл кесене аңыздарда айтылатындай парсы сәулетшісінің жобасы бойынша салынса да, оның таңғажайып көрнісі Үндістандағы сәулеттік өнер ескерткіштеріне ортақ фантастикалық ирреальдық сипатта өзінің керемет жарасымын тапқан. Бұл тек қана үнділік ескерткіштерге тән сәулеттік өнер үлгісі болып табылады. Тәжі Махал үлкен саябақтың ортасында орналасқан, қай жағынан қарасаңыз да өзінің мұнараларға ұқсас күмбездерімен көз жауын алып мұндалап тұрады.
Әдебиеттерде ағылшындар өздерінің Үндістандағы отаршылдық билігі кезінде көптеген тамаша сәулет туындыларын бұзып, материалдарын пайдаланғаны айтылған. Моғолдар кезеңіндегі сәулеттік ғимараттар үшін бірден бір құрылыс материалы ақ мәрмәр араластырылған қызыл құмтас болғандығы дәлелденді, Мәселен, Дели мен Аградағы сарайлар мен форттардың көпшілігі сол қызыл құмтастан салынған.
Моғолдар дәуіріндегі кескіндеменің осы заманғы үнді кескіндемесінің дамуына әсері болды. Үнділік кескіннің жоғары дәрежеде болғанына Аджанта қабырғаларында сақталған жұрнақтар, Декандағы, сол сияқты Кинчипурамдағы (Кайласанатхи храмы), Танджурдағы, Андхра Прадештегі Лапакши храмы мен Виджаянагардағы храмның кескіндеме үлгілері дәлел.
Үнді кескіндеме өнерінің ең жоғарғы даму дәрежесі Моғолдар кезеңінде болды. Бұл өнердің өркендеуі Акбар билігі кезінде басталды жіне ол күндердің аса үлгілі туындылары біздерге жетіп отыр. Моғолдардың мемлекеттік мектебі мен Декан мектептерінде, Раджастхан мен Пахари мектептерінде өз туындыларын мүсіндеген көптеген суретшілердің есімдері белгілі. Көп жағдайда жекелеген миниатюра қолжазбаларында оның таңбасы мен салған суретші есімі қатар тұрғандықтан, оларды миниатюраның даму хронологиясына қосуға мүмкіндік бар.
Моғолдар кезеңіндегі кескіндеме дамуына көне үнділік мұраның негіз болғандығы мәлім. Гуджараттан табылған 1127-1288 жылдары жазылғаны көрсетілген, джайндық кескіндеменің басталу кезеңіне жататын кітаптар – осындай туындылар. Бұларға Аджанта кескіні елес берерліктей сұлу әйелдер қимылы мен көркін, бет әлпетін бейнелеуі тән болып келеді. Сонымен, бірге халықтың рухтағы безендіру мейлінше дөрекі бейнелер, айталық, аса үлкейтілген сүйір мұрынды бет-пішіндер де бар.
1427 жыл деп белгіленген және сексен бес миниатюрамен безендірілген «Шаһнаме» қолжазбасы ең көне мұсылман туындыларының бірі болып саналады. Ол Дели музейінде сақталған.
Джайындық безендірудің Солтүстік және Орталық Үндістанның шығыс бөлігінде кең тарағанына Джайпурда табылған «Кальпасутра» (1465) дәлел болады.Мұнда да «Кальпасутрамен» байланыстырылады. Сарай маңындағы тамаққа талғамшы адамдарға арналып, шамамен 1500-1510 жылдары шығарылған, өзінше бір көркемделген аспаздық кітап «Нимад-наме» Мальвадан табылды.
Сонымен қатар Солтүстік Үндістанның жекелеген облыстарында, Джаунпурда, Аудха мен Патнада кескіндеменің жергілікті мектептері жұмыс істей бастады. Таж – Махал – үнді, моғол сәулет өнерінің ғана емес, дүние жүзілік сәулет өнерінің шарықтау шегі.
Гректердің идеялары Европаға арабтар арқылы таралды. Ежелгі гректердің барлық еңбектері бізге араб тілінен латын тіліне аудармалары бойынша таныс. Араб ғалымдары антикалық дәуірдің идеяларын сақтай біліп, оларды ортағасырлық Европаға жеткізе білді. Ортағасырлық арабтар, кейін римдіктер ие болған ертедегі гректер философиясы мен білімін тек игеріп қана қоймай, сонымен қатар аса ірі ғылыми жетістіктерге де жетті. Араб әлемінде әсіресе 900 – 1200 ж.ж. аралығы ғылым мен өнер шарықтап тұрған дәуір болды. Араб ойшылдары алгебраны ойлап тапты. Тіпті олардың ақындары бірінші болып математикамен айналысып, кейін ақын болып өлең шығарды. үлкен қалалардың көркейіп, өсуі медицинаның дамуына ықпал етті. Қазіргі Өзбекстанның жерінен шыққан Абу Али Ибн Синаның (Авиценна) «Медицина канондары» атты еңбегі XІV ғасырға дейін дерлік барлық дәрігерлер үшін канондар ретінде пайдаланылды.
Араб ойшылдары ғылымға тек қана методологиялық нұсқаулар ғана емес, сондай – ақ көптеген терминдер енгізді: аль хебри — алгебра, аль хемия- алхимия, аль хогол-алкоголь және т.б. Ғылыми құбылыстар әдетте көптеген латын және грек сөздерімен белгіленеді де, олар көп жағдайда терминдер ретінде қалыптасады. Ал араб оқымыстылары болса сол терминдерді ойлап тапты, ал кейін латын тіліне аударылды. Әрбір ғылымның тек өзіне ғана тән түсініктері мен терминдерден құралған тілі болатындығы белгілі. Грек тілінің көптеген сөздері латын сөздерімен қатар ғылыми терминдер түрінде қолданылады. Бірақ терминдердің өзін арабтар ойлап шығарған.
Білім ұрпақтан ұрпаққа кітаптар арқылы жеткізілді, кітаптар қолмен көшіріліп отырды. Кітаптарды көшірумен жазба жазушылар айналысты. Осы себепті кітаптар өте аз болды және өте қымбат тұрды. Қағаз бен кітап басып шығару пайда болысымен, кітапты қолмен көшіруші бір жылда жаза алмайтын парақты, кітапты басып шығарушы бір күнде басып шығара алатын дәрежеге жетті. Кітаптар мен брошюралар көпшіліктің қолына тиді, бұл жағдай жаңа идеялардың кеңінен таралуына тікелей әсер етті.
Ең алғашқы басылым VІІІ ғасырда Жапонияда жарық көрді деп есептеледі. Бұл ойып жазылған ағаш қалыптардан көшіріліп басылған, түрлі суреттер, қолтаңбалар салынған дұғалар болды. («Алмас сутра – б.э.д. 868 жылы ең алғашқы басылып шыққан кітап). Осындай қалыпты жасап шығаруға өте көп уақыт қажет болды, оның үстіне бұл қалып тек бір ғана бетті басып шығаруға мүмкіндік берді. Шамамен, 1045 жылы Қытайдың императорлық сотының мүшесі Ли Чен құрамалы шрифтті ойлап тапты. Ол әрбір қытай иероглифін саздан жасап, олардың әрқайсысын темірден жасалған арнайы рамаға орналастырды. Бұл белгілерді қажетінше құрастырып, қайта бөлшектеп, орналастырып, жаңа беттер жасауға болатын еді.
XV ғасырда қытайдың баспа тәсілдерімен таныс емес, немістің алғашқы баспашысы Иоганн Гутенберг (1400-1468 ж.) баспа шрифтерін өз бетінше жеке құрастырып шығарды. Ол әрбір әріпті темірден құйып жасады. Сөздерді құрайтын әріптер бір ағаш рамаға жиналып, преске орналастырылды, осыдан кейін оларға бояу жағылып, бір парақ қағаз салынды. Осындай әдіс бір беттің мыңдаған экземплярын шығарып, одан кейін келесі беттерді басып шығаруға мүмкіндік берді. 1500 жылға қарай Италияда –100, ал Испанияда – 30 баспа станоктары іске қосылып, қызмет еті.
Қолданылған әдебиеттер тізімі:
1.История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. Ред.кол.: Ф.М.Ацамба.,З.Г.Лапина, М.С.Майер. –М.,МГУ, 1987
2.Семенов В.Ф. История средних веков.-М.,1970.
3.Всемирная История 12-томах. Т.2-3. М.,1957.
4.Васильев Л.С. История Востока. В 2-х томах, Т-1. М., 1998.
5.История Востока В 3-х томах /ІІ-том Восток в средние века М.,РАН-1995