Ерте ислам өнері

 

Үндістанда мұсылмандық насихат, яғни үгіт іс-шаралары 711 – 713 жылдары жүргізілді. Үндістанды толық бағындырып, елдің мәдениетіне жаңаша бетбұрыс жасауға ықпал ету үшін халықты мұсылман дініне толықтай енгізу қажет болды. Бірақ мұсылмандар үнді мәдениет өнеріне айрықша әсер ете алмады. Сондықтан үнді – ислам өнеріндегі осы кезең, мұсылман халықтары мәдениетінің тарихында кездейсоқ құбылыс болып қалды.

Тұтас алғанда, ерте Ислам кезеңі, оған өкшелес Моғолдар кезеңі сияқты, үнді тарихының біртұтас құрамды бөлігі болып, сол кездегі мәдени дамуға ықпал жасады. Қалай болғанда да өнер саласында үнді – исламдық өзара ықпал өз жемістерін берді. Бұл кезде сәулет өнері біраз елеулі жетістікке жетті. Сонымен қатар қолөнері өркендеп, гүлденді.

Махмұд Газневи (998 – 1030) сұлтан ауғанның астанасы Кабулдан шығып, Солтүстік Үндістанға басып кірді, үнділік көркем ескерткіштерді құртып жіберді. Ғаламат діни құрылыстарды қиратты.

ХІ ғасырдағы тонаушылық пен талқандаулар, жаулап алушылардың шектен тыс қаталдық көрсетуі әйгілі әл-Бируни жазбаларынан мәлім болып отыр.

Самарқаннан шыққан Темір 1398 жылы Үндістанға баса көктеп кіріп, Делиді жаулап алды. ХV – ХVІ ғғ. Үндістанда Кашмир, Дели, т.б. ұсақ мұсылман мемлекеттері құрылды. Ерте ислам кезеңінде Моғол өкіметін Акбар билеген тұста салынған индустік және джайндық сәулет өнерінің көптеген ескерткіштері талқандалды, мүсіндер құрып кетті. Қазіргі мұражайларда сол дәуірдегі өнер үлгілері ретінде қойылған заттар – сол кездің шағын елді мекендерінде сақталып қалған жекелеген тас мүсіндері ғана. Сол кезде буддалық монахтар қудаланып, құрбан болған.

Ертеде ислам әкімдері билеген кезде көптеген діни ғимараттар – мешіттер мен мұнаралар, исламдық діни оқу орындары, керемет көрікті ескерткіш бейіттер, кесенелер салынды. Бұл кезде біртұтас қалалар пайда болды. Делиде көлемімен, маңыздылығымен ерекше есептелетін сәулет кешені сақталған. Делидегі биік күмбез Кутб – Минар (алып мұнарасы табанының диаметрі 16 м, биіктігі 70 м) 1794 жылы салынған.

Сонымен қатар Кутб – уд – дин Айбектің үлкен мешіті, Ала – уд – дин Хильджаның мазары мен медресесі, (1215 ж.) Ильтутмыштың кесенесі көтерілген.

Кутб – Минар мұнарасы қызыл құм тастан салынған. Мұнараның негізгі тұрқы ою — өнері жиырма төрт шығыңқы кернеумен бөлектенген. Олардың біреулері қырланып, шаршыланып келсе, екінші қабаты – тұтастай дөңгелек, үшінші қабаты – кілең тіктөртбұрыш. Ислам сәулетінде бұдан кейінгі биігрек мұнара – Каирдегі Хасан мешітінің мұнарасы болып саналды.

Үндістандық мұсылман өнерінде тек сәулет өнері дамып қойған жоқ, сонымен бірге кескіндемеге көңіл бөлінді. Үндістандағы мұсылман кескіндемесіндегі миниатюраның даму барысы исламдық пуриатанизмді үнділік рух біржолата жеңгендігін көрсетті.

Ислам сәулетінің көне ескерткіштері қатарына Аджмердегі (Раджастхан) мешітті жатқызуға болады. Ислам сәулет өнеріне тән қабір басындағы ескерткіштер, күмбездер өзіндік ерекшеліктерге ие. Үнділік ислам сәулет өнеріне тән негізгі белгі – қоршаған табиғатпен жарасып тұратындығы. Сондықтан да бақтардағы мешіт жанында орналасқан исламға тән мұнаралар сәулет құрылысында пайдаланылды, оның құрылымы өте жақсы дамыды. Үнді сәулеті мен оның сәндік бейнелеу өнері мұсылмандық ұлыстарға ықпал жасады. Ахмадабатағы көркемдік көзқарас тұрғысынан аса елеулі сәулет ескерткіші – Джами – Мазджид мешіті (1424 ж. салынған). Үндістандағы ерте ислам сәулет өнерінің інжу – маржаны – 1514 жылы салынған Рани Сепари мешіті, сонымен қатар Ахмад – шаһ (1414 ж.) мешіті. Сасарамдағы Шет – шаһ кесенесі мейлінше әсем және жақсы салынған (1540 – 1543). Бұл – иундар құмтасынан салынған сегіз қабырғалы кесене болатын.

ХҮІ-ХҮІІІ ғасырдың ортасындағы Индия мәдениеті түрлі этнолингвистикалық және конфессионалдық қауымдардың мәдениетінің жиынтығы, ерекше, жан-жақты және көпқырлы. Индия мәдениеті ең алдымен бай, көпғасырлық дәстүрге негізделді, индуизммен тығыз байланысты еді. ХІІІ – ХҮ ғғ. Орта Азия, Иран, т.б. мұсылман әлемінің елдерінен келген ислам мәдениетімен синтезі жүрді. 

  ХҮІ-ХҮІІІ ғғ. елдің мәдениетінің дамуында парсы тілі үлкен роль атқарды. Парсы тілі – Индиядағы мұсылман елдерінде ресми тіл болды. ХІІІ ғасырдан бастап жергілікті тіл мен әдебиет туындыларына ықпал етті. Осы кезеңдегі әдебиеттегі стиль күрделі, қарапайым адамдарға түсініксіз, ерекше болуымен айқындалды.

  Моғол империясында парсы тілінде жазған ақындар Мулла Джами Бихуд, Мир Джалауддин Саядат өмір сүрді. Абул – Фазл Аллмаидің ағасы Файзи ең көрнекті ақындардың бірі. Аурангзебтің ағасы Дара Шукох сопылардың философиясы мен діни ізденістерімен жақсы таныс болды. Оның ықпалымен санекриттен «Бхагавадгита» т.б. шығармалар парсы тіліне аударылды. Ведалар, упанишадаларды жақсы білген, «Бес кітап» пен «Жаңа өсиет» пен таныс болған Дара Шукох, «менің дінім – Жетпіс екі халықтың діні» — деді. Көзқарастары үшін қудаланып, жазаланды.

  Абдул – Кадир Бедиль (1644-1720) – философ – пантеист, индуизм философиясымен жақсы таныс, соңғы көрнекті парсы тілінде жазатын ақын.

  Моғол кезеңінде парсы тіліндегі тарихнама одан әрі дамыды. Шежірежел – проза жанрының ерекше бір түрі. Ғалым-тарихшылардың әлеуметтік және саяси көзқарастарын білдіретін құрал болды. Абдул – Фазл – Аллами – парсы тіліндегі көрнекті тарихшы. Оның көрнекті, көлемді «Акбар-наме» — сұлтан Акбар кезіндегі 1556-1593 жылдарды толық қамтиды. Соңғы бөлімінде «Аин – и  — Акбари» (Акбардың ұстанымдары) – сарай өмірі, Кархане – мемлекеттік шеберханалар мен қызметтер, армияны ұйымдастыру, Акбар реформалары, қызмет адамдарына арналған жадынамалар беріледі.

  Абул – Фазл тарихшы ретінде өз замандастары  — Низам уд – Дин Ахмад т.б. ықпал етті. Низам уд – Дин Ахмадтың көрнекті шығармасы «Таба – кат – и Акбари» («Акбардың разрядтары»). Абдул – Кадир ибн Мулук – Шах Бадауни – көрнекті тарихшылардың бірі, өзінің «Таңдаулы тарихтарында» («Мунтахаб ат – таварих») Акбардың реформаларына қарсы шығады. ХҮІІ ғ. бірінші жартысында көптеген тарихи шығармалар жазылып, билеушілер Джахангир мен Шах – Джаханға марапаттауларға негізделеді.

  Эпистолярлық жанр негізінде прозалық шығармалар дамыды. Аурангзебтің қамаудағы әкесі Шах – Джахан мен ұлдарына жазған хаттары ерекше құнды. Бабырнама

  Бабырдың немересі Бүлбадан – бегім әкесіне арнап «Хумаюн-наме» мемуарын жазды. Джахангир – сөз өнерінің хас шебері, өнердің бағасын білетін жан-жақты билеуші. «Джахангир – наме» мемуары құнды тарихи дерек.

  Парсы тілінің ықпалымен хиндустани тілі, әсіресе оның әдеби түрі – урду араб графикасын қабылдап дамыды. Урду әдебиетінің маңызды орталығы ХҮ ғ. бастап Деканның қалалары болды. Мухаммад Кули Кутб – шах және Ваджихаурду тілді поэзияның көрнеті өкілдері. ХҮІ ғ. соңы – ХҮІІ ғ. басында бұл қалалар әдебиет провинцияларына айналып, Дели орталық болды. Сафруддин Мухаммад Фаиз – көптеген Маснави және Газемилердің авторы. Оның ықпалымен қалыптасқан ақындар – Мир Таки Мир, Назир Акбарабади.

  ХҮІ-ХҮІІ ғғ. Индияның басқа – бенгали, маратхи – тілдерінде бай әдебиет қалыптасты. Бхакти идеялары ықпал етті. ХҮ – ХҮІІ ғғ. көрнекті бхакти – ақындар құтқарудың жолы құдайға сенім идеясын синкретизм идеясы үнді – мұсылман мәдени синтезінің жарқын  көрінісі. ХҮІ ғ. бхакти поэзиясының көрнекті өкілі сикхтар гуруы Нанак ХҮ ғ. атақты ақын – бхакты Кабира ықпалымен жазған өлеңдері «Ади Грантх» қасиетті кітабына кірді. Бенгалиядағы ақын-бхакт, діни қайраткер Чайтанья маратхида Намдев пен Экнатх. Хинди варианттарының бірінде Тулси Даса поэмасы «Рамаяна» жазылды, әлеуметтік утопияны білдіретін «Царство Рамы»  — әділеттілік патшалығын сипаттайды. «Рамаяна» поэмасының кейіпкерлері хинди тілді тұрғындардың арасында белгілі болды. Поэманың адамдардың, соның ішінде, ең төменгі топтағылардың да Құдай алдындағы теңдігін жырлауы қарапайым халыққа жақын да түсінікті еді.

  Аградан шыққан соқыр ақын, батыс хинди тілінде жазған – Сұрдас әлеуметтік теңдік утопиясын суреттеді. Оның «Гокуль деревнясы»  — адамдардың бәрі тең, әділеттілік үстем болған патриархалдық қауымдық идеал.

  Діни синкретизм идеясы саяси ой-пікірде де көрініс тапты. Жоғарыда айтылған тарауларда Абул – Фазл Аллами шығармашылығында және Акбардың діни саясатында көрінісі тапты.

  ХҮІ-ХҮІІ ғғ. үнді архитектурасында терең із қалдырды. Құрылыстарда екі жақты ықпал: жергілікті үндіс және ортаазиялық-ирандық архитектуралық стильдердің синтезі және құрылыс ішіндегі техникалық прогресс жолымен дамыды.

  Архитектуралық стильдердің синтезі әсіресе Акбар кезінде тұрғызылған құрылыстарға тән. Аградағы бекініс – қамал, Фатих пур – Сикридегі құрылыстарда раджпут бекіністерінің сәулет өнері мен индус, джайна храмдарының ықпалын білдіреді. Фатихпур – Сикри 1569-1585 жж. Акбардың резиденциясы болды. Сонымен бірге мұсылман кесенелеріне тән қатал формалармен бірге, үнді архитектуралық дәстүріне тән декордың байлығы да бар.

  ХҮІ ғ. екінші жартысындағы сәулет өнерінің маржаны Делидегі Хумаюннің кесенесі. Иран сәулет өнерінің үлгісімен парктің ортасында орналасқан. ХҮІ ғ. екінші жартысында фонтондар мен су көздеріне бай парктер салу өнері жоғары дамыды.

  Моғолдар кезеңінің құрылысшылары мәрмәрді жиі қолданған. Акбардың сарайлары мен қамалдары мәрмәрдан тұрғызылған, шеберлер өңдеуге күрделі тасты шебер өңдеп, одан шілтердей нәзік туындылар жасаған.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *