Орта ғасырлар кезеңіндегі Азия және Африка елдерінің мәдениеті, даму ерекшеліктері

 

1         Шығыс ренессансы.

2   Ғылым, білімнің дамуы.

  1. Мәдениеттің даму ерекшелктері.

 

4.Дүние жүзілік мәдениетке қосқан үлесі.

 

Захиреддин Мұхаммед Бабыр атақты Ахмет Яссауи, Лұтфи, Әлішер Науаи тәрізді шығыс әде­биетінің құзар биік көгінде тұрған таланттардың бірі.

Бабыр өзбектің классикалық әдебиетін, әсіресе Әлішер Науаи­дың бай әдеби мұрасын ілгері да­мытқан ақын. Бұған Бабырдың лирикалық өлеңдері (жинағы) «Ба­бырнамасы», «Мұфассалы», «Ба­быр жазбалары», «Ғаріптер ісі» тағы да басқа толып жатқан шы­ғармалары дәлел. Бұл шығармалар өзбек халқы әдеби тілінің негізін салуға, сондай-ақ классикалық шығыс әдебиетін бұрынғыдан да әрі дамытуға қо­сылған үлкен үлес болды.

Бабырдың әдеби мұрасы әлі де болса өзінің та­рихи-эстетикалық бағасын жоғалтқан жоқ. Қайта жылдар жылжып, ғасырдан-ғасырға жеткен сайын Бабыр қалдырған әдеби қазына қалың оқушы қа­уымның көңілінен шығары анық. Оның «Бабыр­намасы» — әлем мәдениетінің ең үздік шығармала­рының қатарына жатады. «Бабырнаманың» ХVІІ-ХVІІІ ғасырларда көшірілген нұсқалары қа­зірдің өзінде Ленинград, Калькутта, Гагра, Хайда­рабад, Манчестр, Лондон, Эдинбург секілді дүние жүзінің бірнеше қалаларында сақтаулы. Бабыр ли­рикаларының қолжазба нұсқалары Париж бен Үн­дістан кітапханаларынан табылуы да — ақын поэ­зиясына деген халықтар сүйіспеншілігінің айқын белгісі. Ал, оның музыка туралы, поэтикалық өнер, жаңа әліппе туралы, соғыс техникасы жайында жаз­ған ғылыми еңбектері Орта Азия, Ауғанстан, Үндіс­тан, Иран халықтарының тарихында баға жетпес ескерткіш есепті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *