Осман мемлекеті

 

 

  1. Осман империясы мен Еуропа.
  2. Осман мемлекеті және Ресей.
  3. Халықаралық қатынаста алатын орны.

ХҮІ ғасырдағы Түркия мен Россия.Бұлекеуінің арасындағы ең бірінші байланыстар ХҮ ғасырдың аяғында Түркияның қалауы бойынша орнатылды. Россияға жіберілген ең бірінші Түрік елшілігін польша-литва үкіметі ұстап алып жібермей қойған болатын. 1497 жылы Түркияға М.Плещеев аттандырған орыс елшілігі келді. Ол түрік үкіметінің алдына Азов пен Кафа (Феодосия) қалаларынан Қара теңізге шығатын сауда жолдары туралы мәселе қойды.

Екі жылдан соң Түркияға тағы бір елшілік аттанды. Сұлтан орыстарға достық өмір сүруге, түрік жерлерінде орыс көпестерінін саудасына ыңғайлы жағдай туғызуға уәде берді. Ол кезде Түркия да, Россия да ешқандай саяси немесе территориялық мәселелер көтерген жоқ. Бұлмәселелер ХҮІ ғасырдың басынан орын ала бастады. 1514 жылы түрік сұлтаны сауда мәселелерімен қатарМәскеуде тұтқында отырған Қырым ханы Абдуллатифтықайтаруды талап етті. Бұлталап орындалмаған соң түріктерорыстардың ноғайлардағы елшісі Семен Мальцевті тұтқынға алды.

Орыс казактарының бұзықтығы, олардың Түркия шекарасынажақын жерге қоныстануы, қамалдар тұрғызуы, орыстардың түркітілдес Астрахань, Қазан хандықтарын басып алуы, кабарда халқынезгіге салуы (1557) — осының бәрі 1569 жылғы І-орыс-түріксоғысының еебебі болды.

Түріктердің 60 мыңдық әскері 1569 ж. жазда (шілде-тамыз) Астраханьға (15 кыркүйек) сәтсіз шабуыл жасап, кейін қайтуға мәжбүр болды. Кавказдағы түркі тілдес халықтар бірауыздылык танытпады, түріктерге көмек, қолдау көрсетпеді. Бұлкезде Ливон соғысында есі шығып жатқан орыстарды түріктердің жеңуіне, әрине болатын еді. ІҮ Иван түріктердің Астраханьнан кейін қайтқанына қуана-қуана дереу келіссөз жүргізуге елшілер жіберді. Түріктер Астраханьның Россияға қосылғандығын мойындауға мәжбүр болды. Бірақ Астрахань арқылы мұсылмандардың қажылыққа барып тұратын жол ашуды, орыстардың Теректегі қамалын жоюды, СолтүстікКавказға орыстардың жақындамауын талап етті.

ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысындағы көтерілістер.1595 жылы көтеріліс Ирактың солтүстігі мен Сирияда болды. Бұлантифеодалдық қозғалыс еді. Көтерілісті Урфа қаласынан шыққан ағайынды Абдалхалим мен Дели-Хасан басқарды. Көтерілісшілер 1600 жылы Кайсери маңында сұлтан әскерін талқандады. 1601 жылы көтерілісшілер сәтсіздікке ұшырады. Кара-Язшы деп аталып кеткен Абдалхалим тауға барып паналап, 1602 жылы сонда өлді. Көтерілісшілерді Дели-Хасан басқарды. Ол 30 мың қолмен Токатты басып алды. Сұлтан Дели-Хасанды Боснияға паша етіп қоямын деп алдады. 1605 жылы Дели-Хасан өлтірілді. Көтеріліс жеңілді. 1610 жылы Әзірбайжан мен Сирияда шиіт туының астындағы кетеріліс болып, жеңіліспен аяқталды.

2.4   ХҮІ-ХҮІІ ғасырларда Осман империясының қол астындағы араб елдері өзінің тәуелсіздігі үшінкүресті.

ХҮІ ғасырдың аяғында Ливанды эмир ІІ-Фахреддин басқарды. Алғашқы кезде ол сұлтан қазынасына тиісті салықты уақтылы және толық жинап беріп отырды. Сұлтанның сенімі мен қолдауына ие болған Фахреддин өзінің иелігін бірте-бірте кеңейте берді. Оның жалдамалы отряды болды. Бұлотряд қарулы күштердің негізі болды. Олардың құрамында 40 мың жауынгер болды.

Иелік жерінің көлемі кеңіген сайын Фахреддиннің қазынасыбайып, қуаты арта түсті. Бірте-бірте Фахраддин өз еркімен шет елдермен байланыс орната бастады. Мысалы, Флоренциямен сауда келісімін жасады. Мұндай өзін-өзі билейтін тәуелсіз мемлекеттің құрыла бастауы түріктерге ұнамады. 1609 жылы Дамасск патшасы етіп түрік үкіметі Ахмед Хафизді тағайындады.Фахреддин әскері жаңа пашаға қарсы тұрды.  1618 жылыЛивандықтардың 100 мыңдық әскері Антиохиядан Сафадқадейінгі аралықтағы түрік билігін жойды. 5 жылдан соң Дамасскпашасының әскері жеңілді. Фахреддин мұнан кейін Палестинаны Ливанға қосып алды. Бірақ, 1633 жылы түріктер ақыры Фахреддинді жеңіп, оның өзін тұтқынға алып, өлтірді. Ливанда түріктер билігі толық калпына келтірілді.

Жоғарыда айтылғандай, І-Селим (1515-1520) сұлтанның тұсында, дәлірек айтсақ — 1517 жылы Египет Осман империясының қол астына кірді. 2-3 жылдан кейін мұндатүріктер билігіне қарсы бас көтерулер басталды. Ол наразылықтарды басу үшінтүрік сұлтаны Сүлеймен Эль-Кануни 1525 жылы өзінің жақын досы Ибрагим-пашаны Египетке жіберді. Ол келе салып әскер күшімен катаң тәртіп орнатты. Египеттіктер үшін»Кануннамэ — мысыр» деген заңдар жинағы жасалды. Ол заңдар жергілікті феодалдардың артықшылығын, шаруалардың міндеткерлігін анықтады. Египетті 1-3 жыл аралығында қайта тағайындалыл отыратын түрік пашасы басқаратын болды. Ол пашаның қолшоқпары янычарлар мен мамлюктерден құрылған улан болды.

Каир пашасының ең басты міндеті — Стамбулдағы сұлтанның қазынасына египет жұртшылығынан түсетін салықты уақтылы жіберіп отыру болды. Жердің бәрі мемлекеттің меншігі болып табылды. Мемлекеттікі деген — сұлтандыкі деген… Сұлтанның египеттегі өкілі — пашадан жер алып, пайдаланьш отырғандар мультазимдер деп аталды. Мультазимдердің міндеті — қол астындағы феллахтардан салық жинап, пашаға тапсырып отыру болды. Мультазимдер өздері емес, деревня старосталары арқылы жинады. Салық тек ақшалай емес, заттай да жиналды. Египет жылына 600 мың лиастр төлеуі керек болды. Салық уақтылы жиналмаса паша мультазимді иелігінен айыруға хақылы болды. Мультазимнің иеліктері мұра ретінде беріле алатын болды.

Түрік үкіметі салық жинауға мұқияткөңіл бөле отырып, щаруашылықты жетілдіруге мән бермеді. Турік рыноктарында тек шет елдік товарлар ғана сатылды. Осының бәрі Осман империясының экономикалық жағдайын нашарлатты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *