Осман мемлекеті

 

  1. Осман империясы.
  2. І Сүлейман кезеңі.
  3. Мемлекеттік құрылысы.

Осман мемлекетіндегі феодалдық қатынастар. Түркияда жер мемлекет меншігі болды. Жердің едәуір бөлігі феодалдарға уақытша меншікке берілді. Бұлуақытша берілген жер ленник деп аталды. Ол екі категорияға бөлінді: табысы 3-тен 20 мың сомға дейін жететін тимариоттар және 20 мыңнан 100 мың сомға дейін табыс табатын заимдар болып, әсіресе әскери лендер басым болды. Леннің иелерін сипахилер деп атады. Олар сүлтанның атты әскерінде қызмет атқарып, өздерінің лендерінің мөлшеріне сәйкес жорыққа белгілі бір әскер шығаруға міндетті болды. Жоғары әскер басшылары мен чиновниктер неғұрлым ірі лендерді- хассаларды алып отырды. Үкімет шығарған зандар феодалдардың алатын рентасының мөлшерін және олардын шаруалармен қарым-қатынастарын катаң қадағалады.

Халықтың басым бөлігі — феодалдық тәуелділіктегі шаруалар- өздерінің жер үлестерін мұрагерлікпен пайдаланды. Еңбекке жарамды бүкіл ересек христиан еркектері сұлтанның қазынасына ақшалай салық — харадж, джизья төлеп тұрды.

ХҮ ғасырдың 20-шы жылдарында Баязит балалары арасындағы араздық басылып, Түркии мсмлекеті қайта күшейген кезде, олар назарын қайтадан Константинополге аударды. 1422 жылы түріктер Констаптинопольді қоршап алды. Бірақ, көп ұзамай, елде ақсүйектер бүлігі қайталана бастаған соң ІІ-Мұрат сұлтан қоршауды қойып, кейін қайтуға мәжбүр болды. Византия Макслония мен Фракиядағы бірсыпыра қалаларды түріктерге беруге мәжбүр болды. Сөйтіп, низантнилықтар бір кездегі ұланғайыр иеліктерінің болмашы қалдықтарын ғана сақтап қалды. 1430 жылы түріктер Византияның ең ірі зкономикалық орталыгы — Фессалониканы басып алды.

  2.2  ХҮІ  ғасырдың қарсаңында Осман империясы өзінің қол астына Балқан түбегін түгелдей дерлік бағындырды. 1457 жылы Албанияны басып ала алмаған түріктер оны 1468 жылы ақыры бағындырып алды. Албан халқының ұлттықбатыры Скандарбег (1405-1468) шайқаста қаза тапты. Скандарбсг Кастриоти деген албан князінің әулетінен шыққан. Ол бала кезінде түрік сүлтанына кепілдікке бсрілген, ІІ-Мұрат сүлтанның қолында тәрбиеленіп, ат жалын тартып мінісімен, соның әскерінде қызмет атқарды. Әскер басқарудағы ерекше қабілеті үшін»бэй» атағын және Александр Македонскийдің құрметіне Ескендір атьын алды. Бұлат бұрмалана келіп «Скандарбег» болып кеткен. Өз халқының түрік сұлтандығына қарсы күресіне жан-жақты дайындалды. Оның ішкі және сыртқы жауларымен қатынас орнатты. Венгр әсксрбасы –Янош  Хуньядимен келіссөз жүргізді.

1463 жылы түріктер Боснияны басып алды. Шығыспен теңіз саудасына қожалық түріктер қолына көшті. 1475 жылы түріктер Қырымдағы Каффаны (казіргі Феодосия) генуялықтардан тартып алды. Көп өтпей, түріктер Донның Азовка қосылатын алқабын тартып алып, онда Азов қамалын салды.

Молдавия 1456 жылы Түркияға салық төлеп тұруға уәде берді. Бірақ 1457-1467 жылдары III Иванмен одақтасып, түріктерге қарсы соғысты. 1487 жылы жеңіліп, сонан 300 жылдан астам уақыт Түркияның қол астында болды. (1793 жылы Речь поспалитаяны екінші рет бөлу кезінде Молдавия Ресейдің қол астына көшті). 1473 жылы Кіші Азиядағы Қараман эмиратын басып алғаннан кейін шығыста көшпелі түрікпен тайпаларының Ақ-қойлы деген мемлекетінің қарсылығына тап болды.

Арабтармен күрес. Түріктер ХҮІ ғасырда көптеген араб елдерін басып алды. Ең алдымен (1516-1517 жж.) сұлтан I Сәлимнің кезінде бостандығынан құрамында Ливан мен Палестина бар Сирия және Египет айырылды. Түрік үстемдігіне дейін онда мамлюктер әскери-феодалдық кастаға ұйымдасқан, оны мамлюк сұлтаны басқаратын. Мамлюктер астанасы Каир болды.

Түріктер Сирияның астанасына жақындай бергенде жергілікті халық мамлюктерге қарсы көтеріліске шықты. Түрік сұлтаны I-Сәлим Дамаскке салтанатты түрде келіп кірді. Ал Палестина қалалары түріктерге қарсылықсыз-ақ беріліп отырды. Тек Египетте мамлюктер түріктерге айтарлықтай қарсыласып бақты. Кансу Гураның орнын басқан мамлюктердің жаңа басшысы I Түманбей әскери бекініс түрғызуға бұйрық берді. Ол Венециядан 80 зеңбірек сатып алып, Каирдың шет жағасына орналастырды. Бірақ зеңбіректерді іске асыратын мамандар болмағандықтан I пайдалана алмады.

1517 жылдың басында І-Сәлим бастаған түрік армиясы I Каирды басып алды. Туман-бэйді Египет бедуиндері Сәлимге I ұстап берді. Ол Каирде дарға асылды. Египеттен кейін түріктер Хиджазды (Батыс Аравия) басып алды. Мұсылмандар үшінбұл ең «қасиетті ел» болып саналды. Жыл сайын Мекке мен Мәдинаға Шығыстың көптеген елдерінен миллиондаған адамдар қажылыққабарып тұрады. Бұлел егінді Египеттен алып тұратын. І-Сәлим I Египетті жеңгеннен кейін Меккедегі Кааба храмының кілтін алды. Енді ол өз лауазымына «қос қасиетті қаланың қызметкері» дегенатақты қосып алды.

Жаулап алынған халықтардың осман-түріктерге қарсы көтерілістері. Ол халықтар өздерінің тәуелсіздік жолындағы күресін тоқтатпады. Болгар және серб партизандары — «гайдуктер» деп аталды. Олар мұсылман мекендерін өртеді, тонады, түрік чиновниктері мен жауынгерлеріне шабуыл жасады. Гайдуктер жиі-жиі қажетсіз қаталдыққа барып, тонаумен және зорлық-зомбылықпен айналысты. Славян феодалдарының едәуір бөлігі ислам дінін қабылдап, сұлтан жағына қызмет істеуге шығып кетіп отырды.

Осман империясына кірген жерлер ірі әскери-әкімшілік бірліктерге-уалаяттықтарға, ал олар — санджактарға бөлінді. Уалаяттарды, санджактарды басқарушылар тек азаматтық билікке ие болып қана қоймай, жергілікті әскерлерге де басшылық етті. Сот билігі әкімшілік өкіметтерге тәуелсіз судьялардың -Кадилердің қолында болды. Көптеген шіркеулер мешіттерге айналдырылды. Болгария мен Сербиядағы православиялық шіркеулердің дербестіктері жойылды. Балқан түбегіндегі барлық православиелік халық Константинопольдегі грек патриархының қарауына кірді.

ХІҮ-ХҮІ ғасырларда Түркияның және оның жаулап алған жерлерінің экономиқалық жағдайлары біршама жақсарды. Түркия үкіметі мен түрік армиясы қолөнері мен сауданың өркендеуіне мүдделі болды. Қолөнершілердің цехтық бірлестіктері эснафтардеп аталды. Түріктер әдетте сауда жұмыстарымен аз айналысты. Көпестер негізінен гректерден, славяндардан, армяндар мен еврейлерден құралды. Өнеркәсіп товарларын шет елден әкеліп тұруды көтермелеп отырған Турция үкіметі шет ел көпестеріне сауда артықшылықтарын беріп, баға салығын төмендетті. Мұныңөзі жергілікті көпестердің қызметтеріне мейлінше кедергі жасап, жергілікті қолөнер кәсібінің өркендеуіне зиян келтіріп отырды. ХҮІ ғасырдың аяғынан бастап османдардың жаулап алуы аяқталды. Олжаның түсуі тоқтағаннан кейін сұлтан қазынасының табысы кеміп кетті. Салықтар мен міндеткерліктер өсті. Әскери-феодалдар әскердегі қызметі үшін алған иеліктерін өзінің жеке меншігіне айналдыра бастады. Олардың көпшілігі жорыққа қатысудан жалтарды, армияның саны кеміді. Сөйтіп, ХҮІ ғасырдың аяғынан Осман империясының құлдырауы басталды.

2.3 ХҮІ ғасырда түрік мемлекетінің әскери-феодалдық құрылысы өзінің дамуының ең жоғарғы дәрежесіне жетті. Осман Империясындағы калыптасқан әлеуметтік тәртіптер І-Сүлеймен сұлтанның (1520-1566) тұсындағы арнаулы заң актілеріменбекітілді. І-Сүлеймен Кануни деген атақ алған. Ол «заң шығарғыш» деген сөз. Заң жинағы «Канун-намэ» деп атадды. Бұлзаң бойынша шаруалар феодалдың рүқсатынсыз кете алмайтын болды, яғни шаруалар жерге түпкіліктібекітілді. Кедейленген шаруалардың қалаға кетіп, қол өнерімен, тағы басқа іспен айналысуына рұқсат етілмеді. Әрине, бұл шара қала мен оның экономикасының дамуына зиян келтірді.

Сүлейменнің заңдары орталық өкіметті нығайтуға бағытталды. Енді жер үлесін бөлу жергілікті әкімшілік емес, сұлтаннын өз қолына көшті. Заң бойынша янычарлар саны 20 мыңға жетті. Янычарлар ортаға (ротаға) бөлінді. Олардың қару-жарағы жетілдірілді, тәртібі күшейді. Сүлейменнің кезінде Түркияның 200 мындық әскер, 300 зеңбірек, 200 кемелік флот ұстауға мүмкіндігіболды.

Түрік қоғамы негізгі 4 сословиеден тұрды: 1) оқымыстылар, рухани феодалдар (үлемдер); 2) әскери феодал; 3) көпестер мен қала тұрғындары; 4) шаруалар (райлар-табындар). Қала тұрғындары мен шаруалардың құқтары шектеулі болды.

Антифеодалдык қозғалыстар. ХҮІ ғасырдың басында Кіші Азияның шығысында шаруалар көтерілісі болды. Оның көсемі өзін Шахқұлы деп (Исмаил шахтың) атады. Сөйтіп, ол өзін шииттік бағытты жақтаушы екенін білдірді. Оны сунниттік бағыттағы түріктер Шайтан құлыдеп атады. Түрік әскері көтерілісшілерді Сивас қаласының оңтүстігінде талқандады. Аман қалған көтерілісшілер Әзірбайжанға қашты.

Шаруалардың жаңа көтерілістері Токата мен Амасья аудандарында өріс алды. Оны Нуралы деген шаруа басқарды, ал ол өлген соң Жәлел деген басқарды. 1519 жылы оның отрядтары Анкара маңында талқандалды. 1525 жылы Баба-Зуииун басқарған көтеріліс болды. Көтерілісшілер Сивас қаласының маңында талқандалды. 1526 жылы Малатья ауданында көтеріліс болды. Көтерілісті шиит бағытын ұстанушы Календершах басқарды. Ол көтеріліс те жеңілді.

Осман империясының сыртқы саясаты бай Закавказье жерлерін бағындыруды көздеді. Бірақ түрік-османдардын бұларманын жүзеге асыруға Сефевидтер кедергі келтірді. 1525 жылы Турция Алжирды басып алды. 1524 жылдан 1533 жылға дейін Турция Габсбургтер империясымен соғыс жүргізді. Ол соғысВенгрияны жаулап алумен аяқталды. Шешуші шайқас 1526 жылы Дунайдағы Мохач қаласының маңында болды. Венгер, чех әскерлерін талқандап, түріктер Буда және Пешті алды. Трансильван воеводасы Иоанн Запольені Венгрияның королі етіп тағайындады да, оны өзінің вассалы деп жариялады.

1529 жылы түріктер Венаны біраз уақыт қоршап, ала алмай кейін қайтты. 1547 жылғы келісім бойынша Венгрияны Австрия мен Түркия бөліп алды. Трансильвания (Румыниянын солтүстігі) Турция вассалына айналды. Закавказьедегі соғыс әрекеттерін Түркия 1533-1538, 1547-1555,» 1578-1588 жылдары жалғастырды. Осман империясы мен Сефевидтер державасы арасындағы 1555 жылы Амасьеде жасалған бітім шарты бойынша Батыс Армения (Ван көлінің бассейні), Батыс Грузия Түркия қарамағына көшті. Ал Шығыс Армения мен Шығыс Грузия — Иран мемлекетінің қол астына кірді. Түріктер Арменияны курдтердің билеп-төстеуіне берді.

1578 ж. Карабах пен ОңтүстікӘзірбайжанды да қол астына қаратты. 1578 жылы Қырым татарларының көмегімен Шемаха, Баку қалаларын, келесі — 1579 жылы — Тебризді басып алды.

1587 жылы Грузияның басып алынған жерлерін Гурджистан уалаятына айналдырды. Ал ислам дінін кабылдаған грузин бай-феодалдарының мал-мүліктері аман қалды. 1595 ж. Гурджистанда ең алғашқы адам санағы жүргізілді. Бұлсанақ бойынша жыл сайын түрік қатынасына 9,5 млн. сом салықтан жиналатын ақша түсіп тұратын болды. 1590 жылғы Иранмен жасалған бітім бойынша Бүкіл Закавказье Туркияның қол астына көшті.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *