Араб мәдениеті

 

  1. мәдениеттің даму ерекшкліктері.
  2. білім, Ғылымның дамуы.
  3. Тарих, география, медицина.
  4. Араб мәдеиетінің дүние жүзілік мәдениетте алатын орны.

Араб ренесансы Араб мәдениеті – Таяу және Орта Шығыстың, Солт Африка мен Оңт.-Бат. Европада орта ғасырларда арабтар мен басқа да халықтар жасаған есебінде ғылымда қолданылатын термин. Бұл мәдениеттің сырттай негізгі белгісі – Араб тілі. А. мәдениеті деп тарихи дамудың өн бойында араб халқы ғана жасаған мәдениетті де айтады. А. мәдениеті алғаш Бат., Орт. Және Солт. Арабияда туды. Мұның алдында сабей тілінде сөлейтін Оңт. Арабия халқының көне мәдениеті болған, ол өзіндік жазу түрін шығарған. Сирия, Ливан, ПалестинаИрактағы арамей халықтарының мәдениеті сияқты бұл мәдениет те жаңа туып келе жатқан Арабмәдениетінде елеулі әсерін тигізеді. 4 ғ. шамасында Арабтарда жазу шықты; ол арамей жазуының дамытылған түрі сияқты еді. 7 ғ-да Арабтың тоекратиялық мемлекеті құрылды. 8 ғ-дың ортасында жаулау нәтижесінде Арабия ұлан байтақ феод. империяға – Халифатқа айналды. Оның құрамында Арабтық Шығ., Солт. Африка, Иран, Ауғанстан, Пириней түбегінің басым көпшілігі, Закавказье мен Солт.-Бат. Үндістан кірді. Халифаттағы қатынас құралы араб тілі болды. Халифаттың қол астындағы халықтардың мәдениетің бойына сіңіріп, көне грек, эллин – рим, арамей, иран, үнді мәдениетінің зор жетістіктеріне сүйене отырып, арабтар Халифат құрамындағы өзге халықтармен игілікті қарым-қатынастар жасау арқылы мейлінше дамыған мәдениет жасады. Бұл мәдениет басқа халықтарға, атап айтқанда Бат. Европа халықтарына игі әсерін тигізді және дүние жүз. мәдениетке орасан зор үлес боп қосылды. А. мәдениетінің қалыптасып дамуында сириялықтар, парсылар, Орта Азия мен Кавказ халықтары үлекен дәуірлеп гүлденген шағы 8 – 11 ғ. болды.

 Феод. Халифаттағы өндірістің даму қарқыны табиғат ғылымдары мен дәл ғылымдардың даумына талап етті. Көне грек, эллин ғалымдарының, оның ішінде Эвклит Птоломей еңбектері үнді математиктерінің еңбектерімен қатар араб тіліне аударылды; олардың жетістігі жер өлшеу, теңізде жүзу, жердіқолдан сүрау ісіне тығыз байланысты дамыған араб геометриясы мен астрономиясының негізіне алынды. Астрономияның одан әрі дамуна араб ғалымдарының жақсы жабдықталған обсерваторияларда жүргізген бақылау жұмыстары зор роль атқарды. Бақылаулардың дені астрологияға байланысты болды. 827 ж. араб ғалымдары меридиан шеңберін өлшеп, жердің көлемін аңықтады. Негізін үндіден алып, арабтар санаудың ондық жүйесін, оның сәйкесті цифрлары мен нөлді пайдалану жолын тауып, математиканың дамуына жол ашты. Арабтар (әл-Баттани, 858 – 929) тригонометриялық функцияны енгізді. 1- және 2-дәрежелі алгебр. теңдікті шығарудың бірнеше жолын тапты. Бұл салада Хиуалық әл-Хорезми (9ғ.) зерттеулерінің айрықша мәні болды. Әдетте жан-жақты энциклопедиялық білім иесі болған араб оқымыстылары негізінен теориялық медицинамен, дәрігерлік тәжірибе жұмыстарымен көп шұғылданды. Галленнің, Гипократтың еңбектеріне негізделген мед. ғылымына арабтар елеулі үлес қосты. Офтальмология айрықша дамуды; көздің құрлысы жөнідегі арабтардың түсінігі қазіргі замандағы ұғымға жақын келді. Геом. оптиканың жетістіктері офтальмологияға байланысты туды. Бұл салада Хайсамның (965 – 1035) еңбегі аса маңызды еді. Мед. Білімнің жиынтығы ар-Рази (864 – 925) еңбегінде берілді. Медицинаның және оған байланысты фармакологияның мұқтаждығы химияның дамуына жағдай жасады. Сода. Селитра. Т.б. хим. Заттар өндіру саласы табысқа жетті.алхимия кең тарды. Кристалдандыру, сүзу, қатты денені буға, буды қатты денеге айналдыру тәсілдері де арабтан шықса керек. Жабир ибн-һайям (Гербер, 712 – 815) араб алхимиясының атасы атанды. Шығыста туған компос, қағаз, оқ-дәрі т.б. арабтар арқылы Европаға тарады. Дәл ғылымдар мен табиғат ғылымдары Орта Азияның ұлы ғалымдары Әбу Әли ибн Сина  мен Бирунидің  араб тілінде жазылған еңбектерінде одан әрі дамытылды.

     Саудаға, алым-салыққа байланысты дамыған шолу сипатындағын географиямен қатар Птоломей еңбектеріне негізделген ғылми география өркендеді. Бұл салада парсы Ибн Хордадбех (820 – 912 ж.ш.), арабтар  әл-Маъсуди (10ғ.), әл-Муқаддаси (10ғ.) еңбектерінің даңқы шықты. Гуманитарлық ғылымдар әлеуметтік қайшылықтар мен тап күресін едәуір жақсы бейнеледі. Халифаттағы үстем идеология – ислам діні  (суннизм) теология ғылымының идеологиялық негізі болып қана қойған жоқ, сондай-ақ тарих, филос. ғылымдарының да ірге тасын қалады. Араб тарихнамасы Мұхаммед пен оның әріптестерінің өмірі жайындағы аңыздардан туып дамыды да, құбылыстардың себеп-салдары туралы мәселеге терең үңілмеді, оларды алла тағаланың құдіретінен деп түсіндірді. Аздаған ғана тарихшылар (Белазури, 892 ж. ө.) экономикалық-әлеуметтік құбылыстарға назар аударды. 10 ғ-дың басында Табаридің (923 ж. ө.) «Пайғамбарлар мен патшалар тарихы» жазылып бітті. Кейініректе ол араб мұсылмандардың жалпы тарихының жасалуына үлгі болды. Араб философиясы алланың өзі мен оның жазмышы жайындағы мұсылмандық діни айтыстар төңірегінде туды. Исслам өкілдері (Мутакаллимшілер) 7–8 ғ-да шектен шыққан идеолизм позиция сында тұрды. Жаңашыл раббылнамашылар мен еркін ойлы ақыл иелері консерваторларға қарсы алғаш рет ежелгі грек, эллин философиясының кейбір қағидаларын пайдаланды. 9 ғ-да неоплатонизмге, Аристотель мен Платонның іліміне негізделген дүниелік философияға қарама-қарсы раббылнамалық-филос. жүйе-кәләм шықты. Аристотелизмнің арабтағы жақтаушылары араб философиясындағы прогресшіл бағыттың өкілдері болды. Олардың ішінде Отырарда туып өскен, Шығыста екінші Аристотель атанған Әбу Наср әл-Фараби мен араб философы әл-Кинди бар. Раббылнаманың философияға қарсы ұзақ күресі исламға суфизмнің едәуір элементтерін енгізген әл-Ғазали еңбегінде айқын көрінеді.

 

Арабта екі түрлі мәдениет болды: феодалдар, бай саудагерлер, дін иелері жасаған мәдениет пен халық бұқарасы жасаған мәдениет. Еңбек шілердің антифеодалдық күресі әртүрлі мұсылман секталарының ілімінде бой көрсетіп отырды. Кейбір прогресшіл ақындар философтар, секталармен байланысты болды. әдебиетте исламға дейінгі 6-7 ғ-дағы поэзия дәстүрі басым еді; оны араб филосовтары 9-10 ғ-да жазып алып жинастырған. Олардың ең әйгілісі — Әбу Таммам құрастырған «хамаса» (9 ғ) мен Әбу-л-ФаражИсфаһани жинаған «Китапәл-Ағани» (10 ғ.). Омейя әулеті мен Аббас әулетінен болған алғашқы халифтар тұсындағы сарай поэзиясы дүниелік тіршілікті жырлау сипатында болды.Тіпті құдайға, мұсылмандық моральға тіл тигізуге дейін барды (Әбу Нуас, Әбу-л-Атахия т.б.). араб поэзиясы Мутанабби (10 ғ.) творчествосында биік шынға көтерілді. Әбу-л-Аъла әл-Матърри (11 ғ.) феодалдық езгіге, теңсіздікке, діни нанымдарға қарсы жалынды күрескер еді. Арабтың «шаттыққа тол азат ойдын» лебі ескен әдеби творчествосы Европаның Қайта өркендеу дәуірі үшін зор маңыз алды деп Ф. Энгельс. Араб халифатындағы архитектура мен өнер көп халықтың тәжірибесін бойына сіңіре отырып, өзіндік үлкен ерекшеліктерге ие болды. Архитектура дәуірлеп, үйдің жаңа үлгілерін туғызды: мешіт, медрессе, минареттер салынды, көбі бай ою-өрнектермен әшекейленді. Тұрмыс юұйымдарын әшекейлеу, сәндеу өнерінің тамаша үлгілері жасалды. Жануарлар мен адамның суретін бейнелеуге ислам діні жол бермеді. Халифат дәуірінен бүгінге дейін сақталып қалған – мешіттер мен сарай архитектурасы. Михраб, минарет, күмбез сияқты мешіт құрлысының әсем бөліктері 7 ғ-дың 2-ші жартысында пайда болды. Халифат дәуірі архитектурасының үздік ескерткіштері: Меккедегі Қағба ғибадатханасы (қазргі түрі 705 жылғысындай), Иерусалимдегі 692 ж. салынған әл-Ақса мешіті (1969 ж. Израиль сионистері өртеген) мен 688 ж. салынған күмбезді Қубат ас-Сахра Омейя әулетінің Дамаскідегі сәнді мозайкалы Бани-Омейя мешіті (8 ғ.), Самарр мен оның төнірегіндегі мешіттермен сарайлар, Мшатт пен Қаср әл-Хайрдегі бекіністі әскери лагерьлер, тұрмыс-салт тақырыбын бейнелейтін әшекей өрнектері бар Кусейр-Амар қамалы, Бағдадтағы құрылсытар. Араб өнерінің Азиядан тыс жердегі орталығы Египет болды. Мұнда сәулет өнері (ибн Тулун мешіті. 9 ғ., күмбезді мавзолейлер т.б.), тұрмыс бұйымдарын әшекейлеу және сән өнері мықтап дамыды. Батыста (Тунис, Алжир, Марокко, Испания) Мавритания өнері аталған өнер дамып, сәулет өнерінің тамаша үлгілерін туғызды  (Тунистегі Қайрауан қ-сының мешіті, 7 – 9 ғ. Кордовадағы бағаналы үлкен залы бар мешіт, 8 – 9 ғ. т.б.). Орта ғасырдағы араб өнерінде металдан, әйнектен көзеден, ағаштан жасалған көркем бұйымдар, әшекейлі мата кілем тоққуүлкен орын алды; кітап миниатюрасы жоғары дәрежеге көтерілген нәзік хуснихат (каллиграфия) өнерімен ұштасты.

Араб музыкасы арабтар жаулап алған елдер мен арабтар өнерінің тоғысуы нәтижесінде туып қалыптасты. Арабтардың «бәдәуи» дәуіріне жататын ескілікті муз. Мұрасы поэзия мен музыка бірлігі (синкретизм) арқылы ерекшеленеді. Араб музыкасы көне мәдениеттердің бірінен саналды. Арабтардың ертедегі профессионал әнші-ақындары (шайырлары) мен ән жанрының түрлері (хида – керуен әндері), соқпалы, үрмелі және шертпелі муз. аспаптары туралы деректер сақталған. 7 ғ-да Иран мен Византияның бөлігін жаулап алумен, Орта Азия мен Египетке үстемдік жүргізумен көбірек дамыған дәстүріне (грек муз. теориясының негіздері; араб музыкасының аспаптық музыкасы мен кейбір ладтарына иран музыкасының әсері) ықпал етеді. Араб классикалық музыкасының гүлденуі 7 ғ-дың аяғына саяды. Орта ғасырда вокальдық-аспаптық араб музыкасы Испанияның, Португалияның муз. өнеріне, кейбір Европа муз. аспаптарының қалыптасуына әсер етеді. Осы кезде арабтардың муз. ғылымы да шарықтай түсті: әл-Кинди, әл-Исфаһани, Сафи ад-Дин Урмағи сынды орта ғасырлық муз. теоретиктері шығады. Орта Азияның Әбу Наср әл-Фараби («Музыканың ұлы кітабы»), ибн Сина сияқты ірі ғалымдары муз. туралы тракттаттарын араб тіліне жазады. Араб классикалық музыкасы 7 баспалдақты ладқа негізделеді. Ән айтқанда бір дыбыстан бір дыбысқа сырғып өту тәсілдерін кеңінен қолдану, мелизмдік әшекей-өрнектер және вокальдық-аспаптық музыкадағы полиритмия (алуан ырғақтылық) араб музыкасына өзгеше үн бояуын береді. Классикалық араб музыкасы көбінесе вокальдық сипатта келеді. Араб музыкасындағы негізгі жанр – вокальдық-аспаптық ансамбль, мұнда әнші жетекшілік роль атқарады. Аспаптық музыка дәстүрі, әсіресе соқпалы аспаптарда ойнау салты араб музыкасында күні бүгінге дейін сақталған. Омейядтар дәуірі кезінде ибн Сурайж, Мабад, ибн Айша, Маик ат-Таи Жәмила сияқты атақты әншілер шықты. Аббасидтер династиясы кезінде Ибраһим әл-Маусили (742 – 804) мен оның баламасы Бағдад мектебінің негізін салушы – Исхақ әл-Маусили (767 – 850) сияқты музыканттар еркше көзге түседі. Ірі халифаттар ыдырағаннан кейін, А. музыкасы Солт. Африка мен Азияда өріс алды.

11 ғ-дың аяғына таман Халифатта феод. қатынастардың даму процесі аяқталып, халифат мүлде ыдырады. Салжұқтардың жаугершілігі, крест жорығына қарсы күрес, әсіресе 13 ғ-дағы монғол шапқыншылығы кезінде бағалы мәдени ескерткіштер қиратылды, өндіріс пен мәдениет құлдырады. Сонымен қатар Африка мен Пиреней түбегіндегі араб елдерінде бұл кезеңде ірі мәдени жетістіктер туды. Орта ғасырдағы Европада ең жоғары мәдениеті бар ел Кардова мемлекеті болды. Оның орталығы Кордова, Севилия, Малага және Гранада ун-ттері еді; оларда математика, астрономия, химия, мед. ғылымдарын оқыту жоғары дәрежеде жүргізілді. Гранада ун-ті студенттерінің ішінде көршілес католик дініндегі елдерден келген европалықтар да аз болмайтын. Арабтардың астрономия саласындағы еңбектері Европа астрономиясының негізін салды. Осы күнге дейін көптеген жұлдыздардың аттары, ғылыми, мәдени терминдер араб тіліндегі атауын сақтап қалған. Эксперименттік зерттеу тәсілдерін кең пайдаланған араб ғылымы шарықтап тұрғанда, философияның прогресшіл бағыты дамыды, екі жақты ақиқат жөніндегі ілімді туғызды және әлемді «алланың әмірімен ғайыптан пайда болды» дегенді теріске шығарды. Бұл ілімді араб философтарының көбі, әсіресе Кордовалық Ибн Рушд (Аверроэс, 1128 – 1198) ілгері дамытты, сөйтіп, Бат. Европа философиясының дамуына игі ықпалын тигізді. А. мәдениетінің тағы бір ұлы жетістігі Ибн Халдунның (1332 – 1406) тарихи-әлеуметтік теориясы еді. Бұл кезеңде көркем әдебиет саласында да елеулі құбылыстар болыд, Египет пен Сирия қаһармандық романдар, «Мың бір түн» ертегілерінің соңғы жетілдірілген нұсқасы туды. Әсіресе Мавтритания өнері дәуірлеп өсті (Гранада маңында 13 – 14 ғ-да салынған Альгамбра қамал-сарайы, Мароккадағы Фесе қ-сының 14 ғ. ортасында салынған медресесі, испан-мавритан көзе өнері т.б.).

 

   Араб елдерін 16 ғ-дың басында түріктердің жаулап алып, өз үстемдігін орнатуы, одан кейін (19 – 20 ғ-да) Европа отрарлаушыларының езгісіне түсуі араб халықтары мәдениетінің дамуын мықтап бөгеді. Оның ендігі даму жолы 19 ғ-дың 2-жартысынан бастап араб елдеріне жаңа, капит. қатынастың орнауы мен шетелдіктердің үстемдігіне қарсы ұлттық тәуіелсіздік жолындағы халық күресіне байланысты келді. Араб халықтары мәдениетінің азіргі ең күшті дамыған жері – Египет (БАР) пен Сирия.

Араб медицинасы  (араби тәвиби) – халифатқа қарасты Шығыс халықтары арасында ең күшті дамыған ғылым саласының бірі. А. Медицинасы жөніндегі әдебиеттер араб тілінде жазылғанымен, онда халифатқа қарасты көптеген Шығыс елдерінң, оның ішінде Орта Азия халықтарының үлесі үлкен . мыс., Араб медицинасының негізін қалаушы, 5 ғасыр бойы Европа дәрігерлерінің ұстазы болған, атақты Әбу Әли ибн Сина (980 ж. т.) өмірінің көбін Хиуада өткізіп, едицина, философия, математика т.б. саладан білімді сол жерде алған. Ол Хиуаның мыңдаған томы бар, әдеби қоры мол кітапханаларда Руми, Юнан жұртынан шыққан ғалымдардың еңбегімен, әсіресе Гипократ, Гален сияқты ерте замандағы мед. ғалымдарының еңбегімен кеңінен танысты. Иран, Орта Азия және Түркістан елдеріндегі мед. туралы жазылған еңбектерді одан әрі дамытып, дұрыс жүйеге келтірді. Сөйтіп, оның «Қанун» атап әйгілі еңбегі Хиуада жарыққа шықты. Ибн Сина бұл кітабында неше алуан емдеу тәсілдерін – науқас адамды күту, аурудың түрін айыру т.б. мәселелерді баяндаумен қатар, 760 дәрі-дәрмек түрлерін сипаттап жазған. А. медицинасының дүние жүзіне тарауына үлкен әсер еткен «әл-Хави» атты энциклопедиялық еңбек жазған Әбу Бакр Закария (Ар-Рази) да Орта Азияның онтүтігінде туған. Бұл екі кеменгердің т.б. дарынды ғалымдардың еңбектеріне қарағанда, ол кезедегі Шығыстың мед. ғылымы жоғары сатында болғаны байқалды. Дәрігерлік мамандық сол кезде-ақ бірнеше салаға бөлініп, оның ішінде: оташылар, көз, тіс дәрігерлері т.б. болған. Бағдад, Хиуа, Бұхара, Отырар сияқты қалаларда дәрігерлер бірлестігі – мед. қоғамдар құралған Әбу Әли ибн Сина дәіріндегі дәрігерлер жарақат емдеудің көп тәсілдерін, оның ішінде келте кесу, сыңықты салу т.б. ем түрлерін жақсы менгерген. Сол кездегі А. медицинасы пайдаланған камфора, гашиш, амбри т.б. емдік заттар және алоэ, тораңғы сияқты дәрігерлік өсімдіктер осы күнде де сырқатты емдеуге қолданылады. А. медицинасында сезімсіздендіру әдістері тұңғыш рет қолданылды. Бұл үшін олар гашиш, көкнәр, апиынды пайдаланған. Европада мұндай әдіс тек 19 ғ-да ғана қолданыла бастады. Шығыс дәрігерлері жараны іріңдетпеу (антисептика) әдістерін де тапқан. А. Медицинасында жұқпалы аурулардың пайда болуы, ел арасына тарауы туралы да біраз мағлұмат болған. Мыс., сүзек, шешек ауруларының жұқпалы екені белгілі болып, оларғаалдын ала шаралар қолданылып отырған.

Араб философиясы – араб халифаты кезіндегі Шығыс халықтарының филос. Ой-өрісінің даму кезеңі. А. ф-ның негізін қалауға исламның діни метафизикасы, ескі грек, антик филологиясы мен ғылымын зерттеп игерген мұтазиллитер және оған қарсы шыққан мүтакаламдардың діни филос. мектебі мен мистикалық суфизм себепші болды. А. ф-ның басты өкілдері: Әбу-л-Ашари, әл-Кинди, Ғазали, Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Ибн Туфайл, Ибн Рушд (Аверроэс) т.б. А. ф-на Орта Азия мен Қазақстан халықтарының өкілдері елеулі үлес қосқан. «А. ф.» деп шартты термин ретінде алынады. Өйткені белгілі тарихи кезеңде араб тілі Орта Азиядан Испанияға дейінгі кең алқапты алып жатқан мәдениет дүниесінің 4 ғасыр бойы пайдаланған тілі болды. Халифаттың әлеуметтік-экономикалық , қоғамдық-саяси құрлысы А. ф-ның өркендеуіне зор ықпал тигізді. Орта Азия мен Қазақстан елін жаулап алған арабтар осы халықтардың рухани дамуына әсер етті. Ішкі қайшылықтар, ерікті қауымнан феод. тәуелділікке душар болған шаруалар қозғалысы

 

Т.б. қозғаушы күштер халифаттың құлауына себепкер бола тұрса да, феод. қарым-қатынастың дамуын тоқтата алмады. Араб мәдениетінің ерекше дамыған кезі – 10ғ. бұл уақыт мұсылмандардың Қайта өркендеу дәуірі деп аталды. Осы кезде сауаттылық артып, аударма жасау, ескі қол жазбаларды жинау жұмыстары өріс алады да, жеке және қоғамдық кітапханалар құрыла бастайды.

Европоцентристік бурж. тарихнама исламдық А. Ф-н оның тек Батыс схоластикасына ықпал етуі тұрғысынан ғана бағалайды. Ал маркстік философия А. ф-н дүн. жүз. философияның дамуындағы өзіндік мәні бар белгілібір кезең деп біледі. Оның дами бастауы грек философиясының шығармаларын аудару, ауызша жеткізу дәстүрімен байланысты, яғни 8 ғ. ортасындағы араб халифатының саяси, рухани өмірінде болған төңкеріске тап келеді. Алғашқы кезеңнен бастап-ақ философияның исламдық діни ортодаксиядан алған элементтерінің өз ара қатысын аңықтап алу қажет болды. Феодализм дәуіріндегі, Батыстағы сияқты Шығыста да билеп төстеуші идеология – дін, яғни ислам діні өріс алды. Сондықтан да ғылымның, оның ішінде философияның дамуына әсер ету тұрғысынан екі түрлі ағым болды. Оның бірі – Құран мен пайғамбар сөздеріндегі діни түсініктің ішкі мәніне бармай, қарасын жаттап алып, сол бойынша әрекет қылу. Екіншісі – аят пен хадис сөздерінің ішкі сырын ақылға салыфп, оны табиғат дүниесімен байланысты түсінуге тырысқан рационалистік бағыт. Мыс., мутазаиллиттер адам өз әрекетіне ерікті болса ғана істеген ісіне құдай алдына жауапты бола алады, құран құдайдан келген жоқ, адам қолынан шыққан кітап деп дәлелдеді. Бірақ бұларды ерікн ойдың өкілдері деп санауға болмайды, дегенмен олар ортодаксияда үстемдік еткен құдай тағаланың кәрі жайындағы ұғымды қарама-қарсы қоюға тырысады.

 

10 ғ-да арабтарда халық қозғалысының әсерінен еркін ой әл-Кинди философиясында дамыды. Олаар философия мен ғылыми білімнің заңдылығын қорғады. Мутазиллиттердің»құдай біреу, оны танып болмайды» деуі суфизмнің діни-мистикалық бағытына жақын келеді. Бірақ та мутазилиттердің философиясы мен ақыл-ой тұжырымын теологияға қолдану керек деген идеялары асак бағалы. Мутазилиттер теологияның праводан бөлінуіне себепкер болды.10 ғ-да мутазиллиттерге қарсы діни мәселелерден басқа философиямен шұғылданатын «кәләм» бағыты пайда болды.Олар өздерінің жақтастарын «мутакаллимдер» деп атады. Олардың көрнекті өкілдері: идеалистік атомизм бағытын дамытқан әл-Ашари мен мистиканы ашық жақтаған әл-Ғазали т.б. ашаришілдер исламның догмасын дәлелдеу үшін ескі грек томистикасын пайдаланды, атом деп әрбір уақыт өлшемі ішінде тәңір жаратқан рухани мәнді түсінді. Олардың жаңғырып отыруы тоқталған жағдайда тіршілік етуі де тоқталады деді. Әсіресе қажеттілік пен себептілік атаулының бәріне қарсы шығып, Алла тағаланың бұйрығы бойынша барлығы да белгілі тәртіппен істеледі, бірақ тәңірінің әмірімен әрқашан да бұзылыуы, «үзілуі» мүмкін деп санады.

Бұл кезде философ деп тек Аристотельдің ілімін жақтаушыларды ғана айтатын. А. ф-ның алғашқы даму сатфысында оған платонизм мен неоплатонизм едәуір ықпалын тигізді. Бурж. Европа ғылымы бүкіл А. ф.Платонизм мен аристотелизм элементтерінің орынсыз қосындысы деп оның дамуындағы прогресс «нағыз» Арнистотельге қарай бет бұруында деп, Шығыс халықтары философиясының өзіндік мәнн жоққа шығаратын нанымдарға салынды. Неоплатоник коментаторлардың Аристотель ілімін арабтарға айқын жеткізе алмауы бұл концепцияның ғылымда орын тебуін себеп болды. Мәселен, Аристотельдің шығармасы деп жүрген «Теология», шындығында, Платондікі болатын. Екіншіден, ол кезде қандай бір шығарма жөнінде сөз болса да, оның түп нұсқасынан дәлме-дәл текст келтірілмейтін. Тіпті қазіргі кездің өзінде тарихшылар ежелгі заманғы ғалымдардың кейбір қағидаларының кімге тән екені жайында талас тудырып келеді. Лениннің жалпы адамзат білімі спираль бойынша дамиды дегеніндей, А. ф-ның дамуы да өзінше «орам», «өрістерден» өтіп, ежелгі грек философиясынан кейін, бүкіл дүн. жүз. Философияда Европадағы орта ғасыр және Қайта өркендеу дәуіріндегі философиялардың бастамасы, айрықша маңызды кезеңі болды. «Бар заттардың табиғатына» сүйенетін білімдер жүйесін құруға алғаш талпынған әл-Кинди болды. Ол ғылми танымның үш сатысы – пропедевтика (логика, математика), жаратылыс тану және осыларға негізделген философия жайында маңызды методологиялық тұжырым жасады. А. ф-ның нағыз дамуы ұлы оқымыстылар Әбу Наср әл-Фараби, Әбу Әли ибн Сина, Аверроэстің есімдерімен байланысты. Әл-Фарабидің филос. Ілімнің негізгі мәні мынада: 1) барлық құбылыстардың объективтік себептілігі мен байланысын тану; 2) дүниенің тіршілік етуі уақыт жағынан қысқа деп білетін ортодокстық діни көзқарасқа жалтақтай отырып, дегенмен, дүниенің мәңгілігін мақұлдау; 3) жан мен тәнді байланысты деп, осыған орай жанның тәннен бөлінуін, кей жағдайда, мойындау; 4) оның бүкіл философиясының арқауы – жалпыға тән ақыл-ой. Бұл феодализмге тән иерархияға қарсы бағытталған барлық идеологиялық ағымдардың бастамасы. 5) Таным процесіндегі жалпы эмпи рикалық саты мен теорияларды құру жолдары жайында данышпандық болжамдар жасады. Әбу Наср әл-Фарабидің методологиялық болжамдары тек құрғақ насихат ретіндеқалмай, оның физика, математика, муз. теориясы жөніндегі ғылми зерттеулерінен (категория, семантика, тіршілік ету предикаттары т.б.) Арислотельдің логикалық идеяларын, матем. логиканың элементтерін білгенін көруге болады. Кейінгі кезднегі араб логиктерінің бәрі әл-Фарабиге сүйенеді. Әбу Әли Инб Сина (Авиценна) барлық жағынан Әбу Наср әл- Фарабидің нағыз ізбасары болды. Дүниенің мәңгілігін дәлелдеуді жақтаудағы тиянақтылығы оның, әл-Фарабиге қарағанда, бір адым алға басқандығы еді. Авиценнаның жүздеген жылдар бойы теңдесі жоқ еңбек деп саналған «Қанунында ғылми таным тәсілдері тамаша баяндалады. Ал Ғазали философиясында кертартпалық бағыттың сарыны байқалды. Ол жастайынан Әбу Наср әл-Фараби және Әбу Әли ибн Сина философиясымен әуестенеді. Кейін скептицизмнен тікелей реакцияшыл көзқарасқа ауысады. Сірә, мұның себебі философтардың қуғын-сүргінге ұшырауынан болуы мүмкін. Философтардың дәлелдемелерінен кемшілік таппақшы болған ол филос. Ілімдердің діни сенімдерге тигізетін зиянын ашпақ болады. Аверроэстің пайымдау логикасы А. Ф-н диалект. күреспен байытты. Ол дүниенің мәңгілігі жайындағы Әбу Наср әл-Фараби ілімінің әлсіздігінен, Авиценнаның жеке формаларды тануды меңгере алмауынан құтылып, Ғазалидің аргументациясына соққы береді. Ең бастысы, Аверроэс ақыл-ойды адамзаттың бір тұтасрухы деп санап, оған адамгершілік пен демокр. түсінік берді. Міне, сондықтан да бүкіл европ. діни-философияның өкілдері Аверроэсқа қарсы болды, тіпті келісімпаз Лейбництің өзі оны сынаудан басқа амал таба алмады. Осыған қарамастан, бүкіл алдыңғы қатардағы идеологиялық қозғалыс, ғылми және филос. ой-өріс аверроизмге сүйенді. Сигер Брабантский, Эккарт т.б. ірі ойшылдар – оның тікелей ізбасарлары. Сөйтіп, А. ф-ндағы мистикалық және діни-идеалистік элементтердің европ. схоластикаға нәр болғандығына қарамастан, ол жаңа заманғы философия мен ғылымның дамуына үлкен әсерін тигізді. А. ф. өзінің озат тенденциялары арқылы Европаға «зерделі, еркін ойдың» дәнін алып келді.

 

Әбу Наср әл-Фараби,  (870, Отырар қаласы – Сирия, Шам қаласы) – қазақ даласынан шыққан ұлы ғалым, ойшыл философ, математик, астролог, музыка теоретигі. Әскербасы тарханның отбасында дүниеге келген. Отырар медресесінде, Шаш, Самарқан, Бұқара, кейін Харран, Мысыр, Халеб Алеппо), Бағдад шаһарларында білім алған. Әбу Наср әл-Фараби – түркі ойшылдарыны-нең атақтысы, ең мәшһүрі, «Әлемнің 2-ші ұстазы» атанған ғұлама. Тарихи деретер бойынша 70-ке жуық тіл білген.Өздігінен көп оқып, көп ізденген ойшыл философия, логика, этика, метафизика, тіл білімі, жаратылыстану, география, математика, медицина, музыка салаларынан 150-ге тарта еңбек жазып қалдырды. Алғашқы сауатын туған жерінде ана тілінде ашқан болашақ ғалым, 12 – 16 жас шамасында керуенге ілесіп, білім іздеп Бағдадқа кетеді. Бағдадта «Баит әл-хакма» атты ғалымдар үйі және әлемдегі ең бай кітапхана болған.

Әбу Наср әл-Фараби өз заманындағы ғылымның барлық салаларынан, әсіресе, математика, астрономия, физика, жаратылыстану ғылымдарынан көп мұра қалдырды. «Ғалымдар тізбесі» деген еңбегінде сол кездегі ғылымды үлкен-үлкен бес салаға бөледі: 1) тіл білімі және оның тараулары; 2) логика және оның тараулары; 3) математика және оның тараулары; 4) физика және оның тараулары, метафизика және оның тараудары; 5) азаматтық ғылым және оның тарулары, заң ғылымы және дін ғылымы.

Әбу Наср әл-Фараби әмбебаб музыкант та болған. Саз аспаптарында ойнап, ән салған, өз жанынан ән, к.үй шығарған. «Музыканың ұлы кітабы» атты еңбегі бар. Өзінің барлық саналы ғұмырын ислам діні мен ғылымды бір-бірінен айырмай, егіз өргізуге арнаған ұлы бабамыз хижра жыл санауының 339 жылы ережеп (ражаб) айында, Шам қаласында (Дамаск) қайтыс болғанда оны сол елдің әміршісі Сайф әд-Даула өз қолымен жерлеген. Ұлы ғалымның мүрдесі Сириядағы Баб әс-Сағир зиратында жатыр.   

 

Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Райхан Мұхамед ибн Ахмед әл-Бируни – ұлы түркі ғалымы. 973 жылы қазіргі Қарақалпақстандағы Қият қаласының маңында туған. 1948 – 50 жылы Ауғанстан жеріндегі Ғазни қаласында қайтыс болған. Негізгі еңбектері тарих, математика, астрономия, география, топография, физика, медицина, геология, минерология тағы басқа ғылым салаларын қамтиды. Әбу Райхан әл-Бируни көптеген тілдерді білген.   1000 жылы орта ғасыр ғылымының энциклопедиясы аталған, өзінің әйгілі «Әл-құруын әл-Һалия» («Бұрынғы ұрпақтар ескерткіші») деген еңбегін жазды. 1010 жылы Хорезм әкімі Мамун ибн Мұхаммед ұйымдастырған Үргеніштегі ғылыми орталықта Әбу Райхан әл-Бируни, Әбу Әли ибн Сина, Әбу Саһл Массих, Әбу-л-Хасан ибн Хамар тағы басқа ғалымдар ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Оның 1048 жылы жазылған «Асыл тастар» еңбегі екі бөлімнен тұрады, «1-бөлімде (36 тарау бар) лағыл, меруерт, ақық, маржан, қараба, алмас, шыны, жылан тасы тағы басқаларға сипаттама берілген. Ал, 2-бөлім (12 тарау бар) алтын, күміс, сынап, мыс, темір, қорғасын, қалайы тағы басқа металдар мен солардың қоспаларын сипаттауға арналған. Ал, «Масғұд каноны» , «Минералдардың меншікті салмағын аңықтау ережесі» сияқты еңбектері белгілі. Жалпы алғанда ол 150 еңбек жазған, олардың 45 астрономия мен математикаға арналған. Әбу Райхан әл-Бируни дүниенің гелиоцентрлік жүйесін (Коперниктен 500 жыл бұрын), денелердің Жерге қарай тартылуын (Галилей мен Ньютоннан 600 жыл бұрын) болжаған. Топографияға байланысты «Геодезия» атты үлкен еңбек, дәрігерлік еңбектер жазған. Олар әлем тілдеріне аударылған.

 

Махмұт Қашқари, Махмуд ибн әл-Хусейн ибн Мұхаммед – түркі халқының әлемге танытқан ұлы ғалым. Туған және қайтыс болған жылы белгісіз, XI ғасырда өмір сүрген. Махмұт алдымен Қашқар қаласында білім алып, кейін Бұхара мен Нишапур қалаларында жалғастырған. Махмұт Қашқари ғылымының барлық саласын қамтыған, өлмес мұра «Диуан Лұғат ат-түрк» («Түркі тілдерінің сөздігі») еңбегінде түркілердің өмір-салтын барлық қырынан ашып берген. Онда XI ғасырда өмір сүрген көптеген түркі тайпаларының қалары, олардың туысқандық бөлініс, ас-ерекшелігі, дәстүр бәрі-бәрі қамтылған. Қазақ жерінде сол дәуірде болған оқиғалар жайында мол мәлімет берілген, Махмұт Қашқаридың еңбегі түркология ғылымының ірі жетістігі.

  «Диуани лұғат ат-түрік» Махмұд Қашқаридың ірі еңбегі. Бүкіл әлемдегі түркі тілдес халықтардың бәріне бірдей ортақ асыл қазына. «Диуани лұғат ат-түріктің» автор қолымен жазылған түпнұсқасы сақталмаған. Көшірілген бір нұсқасы Стамбулдың Фатех кітабынан табылды. Ғалым А. Егеубайдың аударуымен бұл еңбек қазақ тілінде 1997 – 1998 жылдары жарық көрді

 

  Қожа Ахмет Иасауи – түркістандық ғұлама. Қожа Ахмет Иасауи Сайрам (Исфиджаб), қаласында дүниеге келді. Ол «Диуани Хикмет» атты еңбегінде өзінің Түркістанда туғандығын білдіріп отырады. Қожа Ахмет Иасауидың туған жылы аңық емес. Кейбір деректер оның жүз жиырма бес, жүз отыз жыл өмір сүргенін айтады.иасауи 1103 жылы туған деген көзқарас басым. Оның әкесі Исфиджабта атақ, даңққа бөленген әулие Әзірет Әлінің ұрпағы – Шейх Ибрахим. Анасы – Мұса шейхтың қызы Айша (қазақтар ол кісіні Қарашаш ана дейді). Мұса шейхта Исфиджабта әулиелік кереметімен танылған адам болған. Қожа Ахмет Иасауидың ұстазы атақты Арыстан баб.Иассауидің алғашқы шәкірті атақты Арыстан бабтың ұлы Мансұр Ата, екінші шәкірті – Сүлеймен Бақырғани. Иасауидың асыл мұрасының бірі – « Диуани хикмет». Хикмет – білімінің қайнары. Адам «кемелдікке» жету үшін қажетті білімді игеріп, онымен қарулануы қажет. Ғұламаның одан басқа «Мират ул-Құлуб», «Пақырнама» деген еңбектері бар. 

 

Қожа Ахмет Иасауидың еңбектері «Диуани Хикмет», «Ақыл кітап» – Қожа Ахмет Иасауидың дидактикалық мазмұндағы ақыл кітабы, «Диуани хикметтің» түпнұсқасы сақталмаған. Ең ескі нұсқасы XV ғасырдың орта кезінде араб әріпімен көшірілгені. Кейіннен, бұл ескерткіш 1887 – 1901 жылдары Қазан қаласында, 1901 жылы Стамбұлда, 1902 – 1911 жылдары Қазан қаласындағы баспалардан жарық көрген. «Диуани Хикмет» – әрбір адамды имандылыққа, ізгілікке, адамгершілікке бағыттайтын, тәрбиелік мәні аса зор еңбек, Қожа Ахмет  Иасауи әрбір адамның қадір-қасиетін оның жан-дүниесінің тазалығымен өлшейді және адам өз бойындағы адамгершілік қасиеттерді отыруы тиіс деп түйіндейді. «Мират ул-кулуб», «Көңіл айнасы» – XIV ғасырда жазылған Қожа Ахмет Иасауидің рисаласы. Ол Швецияның Упсала қаласындағы университет кітапханасының ескі жазбалар қорында сақтаулы. Көлемі 534 парақтан тұрады. Рисаланы жинақтаған – Сопы Мұхаммед Данышменд Зарнуқи.  Ол Қожа Ахмет Иасауи шәкіртерінің бірі болған. Оның қабірі, Әлим Шейхтың мәлімдеуінше, Отырар қаласында жатыр. «Көңіл айнасының» жазылу мақсаты – Қожа Ахмет Иасауидың сопылық ой-тұжырымдарын жинау болып табылады

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *