АҚТӨБЕ ТӘТТІЛЕРІ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ

«АҚТӨБЕ ТӘТТІЛЕРІ” АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ — кондитер бұйымдарын өндіруге мамандандырылған кәсіпорын. Кондитер фабрикасы 1970 ж. пайдалануға берілген. 1993 ж. жекешелендіруге байланысты фабрика «Арай” акцион. қоғамы болып аталды. 1998 ж. акционерлердің шешімімен “Ақгөбе тәттілері» ашық акцион. қоғамы болды. Басты өндірістік жұмыстарды карамель, кәмпит-шоколад және ұн кондитер цехтары атқарады. Кәсіпорын карамельдің шырын, науат, жаңғақ қосқан сорттарын, мармелад, печенье және вафли өндіреді. “А.т.” АҚ өз өнімдерін Қазақстанның 12 облысы мен Ресейге жөнелтеді.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *