АҚТӨБЕРЕНТГЕН

“АҚТӨБЕРЕНТГЕН” — медициналық және өнеркәсіптік рентген аппараттары мен автоматты реттеу приборларын жасайтын кәсіпорын. 1941 ж. Ақтөбеге көшіп келген Мәскеу рентген зауыты негізінде іргесі қаланды. Ұлы Отан соғысы тұсында зауыт бірыңғай майданға қажетті өнімдер шығарды. Бейбіт өнім өндіруге 1945 жылдан бастап кірісті. 1945 — 50 ж. рентген аппараттарының 9 түрін жасау игерілді. Өнім өткізу екі есе артып, өнім сапасы жақсарды, рентген тех-сын шығару 3 — 4 есе ұлғайды. 1964 ж. бұл кәсіпорынға қосылған жергілікті өнеркәсіптің “Металлист” зауыты балалар үшін ойыншықтар шығаратын бөлімшесіне айналды. 1967 ж. жақсы жабдықталған конструкторлық және зерттеу секторлары бар арнаулы конструкторлық бюро ұйымдастырылды. Зауыт шығарған рентген аппараттары халықар. көрмелерге қатысып, алтын, күміс медальдармен марапатталды. Зауыттың рентген аппарататарын Болгария, Польша, Югославия, Түркия, Иран, Үндістан, Ливан, Швеция, Финляндия, Латын Америкасының елдері сатып алды. 1980 ж. жаңа өндірістік кешен енгізілген соң, зауыт аса ірі мамандандырылған кәсіпорындардың қатарына қосылды. 1981 ж. «Актюбрентген» өндірістік бірлестігіне айналған зауыт 1993 ж. ашық түрдегі акцион.қоғам болып қайта құрылды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *