АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСЫ — Қазақстанның батысындағы әкімш. аумақтық бөлік. 1932 ж. 10 наурызда құрылған. Жері 300,6 мың км2 (Қазақстан жерінің 11%-і). Тұрғыны 730,8 мың адам (1997). Орталығы — Ақтөбе қ. Солт-те Орынбор облысымен (Ресей), оңт-те Қарақалпақ республикасымен(Өзбекстан), шығыста Қостанай, Қарағанды, Қызылорда, оңт.-батыста Маңғыстау, батыста Атырау, Батыс Қазақстан обл-тарымен шектеседі. А.о-нда 12 әкімш. аудан (Алға, Әйтеке би, Байғанин, Ырғыз, Қарғалы, Мартөк, Мұғалжар, Темір, Ойыл, Қобда, Хромтау, Шалқар), 7 қала (Ақтөбе, Алға, Қандыағаш, Хромтау, Шалқар, Темір, Ембі), 3 кент (Шұбаршы, Бадамшы, Шұбарқұдық) бар. 

Табиғаты. Облыс жері, негізінен, үстіртті жазық болып келеді. Орталық бөлігін Оралдың оңт. сілемі — Мұғалжар т. меридиан бағытта алып жатыр. Ол облыс жерін екіге — батыс пен шығысқа қақ бөледі де, оңтүстікке қарай біртіндеп аласарып кетеді. Облыс аумағында Мұғалжардың ең биік шоқысы — Үлкен Боқтыбай (абс. биікт. 657 м), батысында Жайық үстірті (250 — 400 м), ал оның оңтүстігінде біршама тегіс келген Жем үстірті (150 — 200 м) орналасқан. Жем үстіртінің оңт.-батыс жағын Көкжиде, Құмжарған, Аққұм, Қызылқұм шөлді алаптары алып жатыр. Облыстың шығысында бұйратты Торғай үстірті (100-350 м), оның оңт-нде Арал маңындағы Қарақұм мен Үлкен және Кіші Борсық төбешік құмдары бар. А. о- ның жеріне Үстірттің (150 — 200 м) көп ойпаңды-ойыс бөлігі, сондай-ақ абс. биікт.100 м-ден аспайтын Каспий маңы ойпатының шеткі жағы енеді. 

Геологиясы. Кембрийге дейінгі кезеңдерде Орал маңы, Ембі үстірттері, үстіңгі беті төрттік кезеңнің теңіздік шөгінділерінен тұратын Каспий ойпаты құралды. Палеозой дәуірінде Мұғалжар тауы, кайнозой дәуірінде Үстірт, Торғай үстірттері пайда болды. 

Кен байлықтары. Облыста хромит (Оңт. Кемпірсай хромит бассейні), никель, кобальт, фосфор, титан, алтын, боксит, күкірт колчеданы, мұнай мен табиғи газ (Жаңажол, Шұбарқұдық, Кеңқияқ кен орындары), тас көмір, калий тұздары өндіріледі. 

Климаты тым континенттік. Қысы суық, жазы ыстық, құрғақ, кара дауылды келеді. Каңтардың орта темп-расы шығыста -17°С, солт.-батысын- да -14—15°С, оңт.-батысында -12 — 13°С, оңт-нде —10°С. Шілдеде солт-нде 21— 23°С, оңт-нде 4 —26°С. Жылдық жауын-шашынның орташа мөлш. солтүстігінде 350 мм, орталықта 250 мм, оңтүстігінде 200 мм. А. о-ның жері шөлді, шөлейтті, далалы табиғи белдемге жатады.  

Гидрографиясы. Өзендері Мұғалжар тауынан, Жайық және Жем үстірттерінен басталады. Елек, Қобда, Ор, Ойыл, Жем, Ырғыз, Торғай, Өлкейек өз-дерінің суы қар еріген кезде молайып, бір ай шамасында тасиды. Ал күзге қарай өзендердің көбі бөлек- бөлек қарасуларға айналады, кішігірімдері мүлдем тартылады. Облыста көл аз, олардың көбі көктемде ғана толып, жазда құрғап қалады, күзге қарай сорға айналады. Тұщы көлдер облыстың шығыс бөлігінде орналасқан. Ең үлкені — Шалқар. Ойыл өз. аңғарларында 5 — 10 м тереңд. тұщы сулар кездеседі. 

 Топырағы және өсімдік дүниесі. А о. жері солтүстікке қарай бірнеше табиғи аймакқа бөлінеді. Солтүстіктегі қара топырақты далалық аймақ егіншілікке пайдаланылады. Шоқ қайың, көктерек, тобылғы өседі. Оңтүстігі — біршама куаң, қара қоңыр топырақты далалық аймақ. Оның бетеге, селеу, жусан өскен бөлігіндегі жарамды жерлері түгел егістікке жыртылған. Жусан мен бетеге өсетін орт. өңірді топы- рағы ашық қоңыр жайылымдық шөлейт алып жатыр. Облыстың оңтүстігі құба топырақты шөл аймаққа жатады. Құмда еркекшөп, теріскен, жусан, ал құм арасындағы ойпандарда ши, жүзген, шеңгел, оңт.-батысындағы құба топырақты шөлде, негізінен, жусан, сораң және аздап эфемер, өзен жайылмалары мен көл маңында, жер астының суы таяу жатқан ойпаңдарында шалғын, ал сортаң жерлерде жусан тектес және сораң өсімдіктер өседі. 

Жануарлар дүниесі. А. о-нда жабайы аңдардан: қасқыр, түлкі, карсақ, борсық, күзен, бөкен, қарақұйрық, жабайы шошқа; құстардан: дуадақ, безгелдек, дала бүркіті, тырна, үйрек, қаз, т.б. мекендейді. Тұрғындарының орташа тығызд. 1 км2-ге 2,5 адамнан келеді. Республика халқының 4,6%-ін құрайды. 

Тарихы. А. о. 1932 ж. 10 наурызда құрылды. Бүкілресейлік ОАК-нің Жарлығымен оның құрамына 17 ауд. енгізілді. 1932 ж. 4 шілдеде облысқа Ойыл ауд. кірді. 1933ж. 5 шілдеде Ключевой және Степной (Мирзоян) аудандары құрылды. Сол жылғы 28 қарашада Қазақ АКСР-ы ОАК-нін қаулысымен Ақтөбе ауд. таратылып, оның жерлері Ақбұлақ, Темір, Қобда аудандарына қосылды. 1935 ж. қаңтарында Мартөк, Новороссийск, Қарабұтақ, ал желтоқсанда Жұрын, 1938 ж. тамызда Родник, 1940 ж. Байғанин аудандары ұйымдастырылды. Облыс құрылғанда шаруашылықтың негізгі саласы мал ш. болды. 1932 ж. облыста 133,3 мың мүйізді ірі қара, 53,1 мың жылқы, 36,1 мыңтүйе, 137,1 мың қой-ешкі бағылды. Облыста 680 бастауыш, 30 орталау, 3 орта мектеп болды (1933). 

Денсаулық сақтау жүйесін 670 орындық 29 дәрігерлік амбулатория, 32 фельдшерлік пункт құрады. 19 кітапхана, 79 клуб, 7 қызыл отау жұмыс істеді. А. о-ның экономикасы 30 — 40-жылдардан бастап жедел қарқынмен дамыды. Бұл жылдары Кемпірсайда никельдің бай көзі табылды. Дөң кентіне жақын жерде хромит кенінің аса ірі қоры ашылды. Біршоғырда көмір, Жақсымай мен Шұбарқұдықта мүнай кендері игерілді, облыс арқылы Гурьев (Атырау) — Орск (Жаманқала) мұнай құбыры салынды. 1943 ж. респ-дағы қара металлургияның тұңғышы ферроқорытпа зауытты іске қосылды, 1950 — 80 ж. облыста салынған алуан салалы кәсіпорындар А. о-н Қазақстанның қуатты өнеркәсіптік региондарының біріне айналдырды. 

Экономикасы. А о. аумағында газдың (144,9 млрд. м3), мұнайдың (243,6 млн. т) және мұнай-газ конденсатының (32,7 млн. т) елеулі көп қоры бар. Облыста “Ақтөбемұнай- газ”, “Ақтөбемұнайқұбыры’’ (Кеңкияқ — Орск мұнай құбырына — ұз. 362 км қызмет етеді) кәсіпорындары, “Ақтөберентген” з-ты, Ақтөбе а. ш. машиналары з-ты, Ақтөбе ферроқорытпалары з-ты, Ақтөбе фосфорхимия з-ты, Ақтөбе хром қосындылары з-ты, “Ақтөбемұнай” з-ты, Ақтөбе хим. комбинаты, Ақтөбе-Шилісай өндірістік бірлестігі, Кен байыту ф-касы, Ақтөбе құрылыс материалдары комбинаты, Жиһаз ф-касы, “Ақтөбе тәттілері” фабрикасы, Ақтөбе авиажөндеу з-ты, Жаңажол газ-өңдеу з-ты (жылына 2,0 млн. т мұнай, 0,8 млрд. м3 газ өндіреді), Ақтөбе — Дөң кен байыту комбинаты, Ақтөбе сүт өнеркәсібі өндірістік бірлестігі, т.б. жұмыс істейді. Негізгі а. ш. саласы егін мен мал ш. болып саналады. Ірі қара, қой, жылқы, түйе өсіріледі. Облыста ұжымшар, кеңшарлар негізінде акцион. қоғамдар, шаруа (фермер) қожалықтары құрылған. А. о- ндағы т. ж. ұз. 1162 км-дей. Облыс жерінен Орынбор — Ташкент, Атырау — Омбы бағытындағы т.ж. өтеді. Автомоб. жолдарының ұз. 13,9 мың км. Басты жолдары: Орал — Ақтөбе — Қарабұтақ  Ырғыз — Арал. Сондай-ақ облыс жері арқылы Атырау — Орск мұнай құбыры және Бұхара — Орал, Орта Азия Орталық газ құбырлары өтеді. Облыста үш жоғары білім беру ошағы: Ақтөбе мемл. медицина академиясы, Ақтөбе мемл. ун-ті, Ақтөбе жоғары әскери авиац. уч-щесі, сонымен қатар орта, спорт, музыка мектептері, балабақшалар бар, облыстық қазақ және орыс драма театрлары, облыстық мемл. архиві, облыстық филармония, өлкетану мұражайы жұмыс істейді. Облыстық, аудандық газеттер шығады, радио және телевизия хабарлары таратылады. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *