АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ

АҚТӨБЕ ОБЛЫСТЫҚ ҚАЗАҚ ДРАМА ТЕАТРЫ -1935 ж. Теміржолшылар клубының драмалық үйірмесінің негізінде республикадағы тұңғыш жасөспірімдер театры болып ұйымдастырылған қазақ музыкалы драма театры. Оның сахнасына әр жылдары М. Әуезовтің “Еңлік — Кебек”, “Карақыпшақ Қобланды”, “Түнгі сарын”, С. Сейфуллиннің “Қызыл сұңқарлар”, I. Жансүгіровтың “Кек”, Б. Майлиннің “Шұға”, Ғ. Мүсіреповтің “Ақан сері — Ақтоқты”, Ж. Шаниннің “Арқалык батыр”, Ә. Тәжібаевтің “Жомарттың кілемі”, аударма пьесалардан Н.В. Гогольдің “Үйленуі”, Д.А. Фурмановтың “Бүліншілігі”, В.В. Вишневскийдің “Оптимистік трагедиясы” және Ү.А. Гаджибековтің “Аршин мал-алан” муз. комедиясы қойылды. Кезінде театр жаз айларында Атырау, Қостанай, Орал мен Ақтөбе облыстарының қазақ аудандарын аралап, спектакльдерін көрсетіп отырған. Театр 1948 ж. таратылды. Көп жылғы үзілістен кейін А. о. қ. д. т. 1992 ж. Т. Ахтановтың “Күшік кұйеу” комедиясымен қайта ашылды. С.Балғабаевтың «Ең әдемі келіншек», Е. Әлімжановтың «тақ талас» комедиялары, Ә. Таразидің «Әлия», Ж. Тілепбергеновтің «Перизат-Рамазан», М. Әуезовтың «Айман-Шолпан» романы бойынша спектакльдер қойылды. Театр труппасы, негізінен, жас актерлерден жасақталған. Театрға жазушы драматург Тахауи Ахтановтың аты берілген (1993).

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *