“АҚТӨБЕ” –облыстық газет, “Кедей ” газетінің мұрагері. Ақтөбе губ. партия және атқару к-ттері 1924 ж. 17 наурызда қазақша газет шығару туралы шешім қабылдады. 1930 ж. 19 тамыздан “Кедей” Темір ауд. газетіне айналып, орнына “Алға «газеті шықты. 1932 ж. Ақтөбе облысы құрылған кезде “Алғаның” орнына “Социалистік жол” газеті (13 наурыз) жарық көрді. Қазақстанда өлкелердің құрылуына байланысты 1962 ж. 1 шілдеде газет шығуын тоқтатты. Өлкелер қайта таратылған соң Ақтөбе обл. “Коммунизм жолы” газеті қайтадан (1965 ж. 6 ақпан) шыға бастады. 1990 ж. қазан айынан бастап “Ақтөбе” деп аталады.