АҚТӨБЕ — Қызылорда обл- ның Қармақшы ауд-ндағы ауыл, ауылдық әкімш. округінің орталығы. Ауд. орталығы — Жосалы кентінен оңт-ке қарай 42 км жерде, шөлді белдемде орналасқан. Тұрғыны 2,2 мың адам (1997). 1996 жылға дейін Чапаев а. аталды. 1997 ж. ұжымшар негізінде А. өндірістік серіктестігі ұйымдастырылды. Ауылда орта мектеп, дәрігерлік пункт, тұрмыс қажетін өтеу мекемесі бар. Ауыл арқылы Қызылорда — Ақтөбе автомоб. жолы өтеді.