АҚТӨБЕ

 АҚТӨБЕ — қала, Актөбе обл-ның әкімш. орталығы (1932). Қазақстанның ірі өнеркәсіп және мәдени орталықтарының бірі. Т.ж., әуе және автомоб. қатынастарының маңызды торабы. Мұғалжар тауының оңт.-батысыңда Елек өз-нің сол жағалауына Актөбені айнала орналасқан. Патша әскерінің Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алуы үшін соғыс бекінісі ретінде алғашқы қазығы 1869 жылдың мамырында қағылған. 1891 жылдың 25 мамырынан уездік қала, Торғай обл. Ақтөбе уезінің орталығы. Орынбор — Ташкент т.ж-ның салынуына байланысты (1905) тораптық т.ж. стансасына айналды. 1933 ж. аэропорт (жаңасы 1978 ж.) пайдалануға берілді. Тұрғыны 1897 ж. 9,8 мың, 1939 ж. 45 мың, 1959 ж. 97 мың, 1970 ж. 150 мың, 1.1.1997ж. 253,1 мың адам болды. Қалада әр жылдары маңызды саяси оқиғалар өтті. Тұрғындары Бүкілресейлік ереуілге қатысты (1905). Кеңес өкіметі орнағаннан кейін (8(21). 1.1918] азамат соғысы жылдары ақ гвардияшылармен күрескен әскери күштер жасақталып, Кеңестік майдан орталығына айналды. Қазақстан өлкесінің 1 Кеңестік конференциясы өтіп, онда барлық қазақ жерін Кеңестік Қазақ респ-ның құрамына біріктіру туралы шешім қабылданды. 20 — 30 ж. қалада паровоз және вагон депосы, мех. зауыт, диірмен, элеватор, нан комбинаты, “Металлист” артелі салынды. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдары ферроқорытпа және хром, рентген аппаратуралары, а. ш. машиналары (қой қырқатын электр аппараттары, трактордың қосалқы бөлшектері), тамақ және жеңіл өнеркәсіп кәсіпорындары (ет комбинаты, калалық сүт зауыты, элеватор, тоқыма, мебель және тігін ф-калары) пайдалануға берілді. Құрылыс базасы (кірпіш, темір-бетон бұйымдары, силикат-кабырға материалдары зауыттары, үй құрылысы комбинаты, т.б.) құрылды. Ірі құрылыс ұйымы — 1946 ж. іргесі қаланған “Ақтөбеқұрылыс” тресі (қазіргі “Ақтөбе- құрылыс” жобалау құрылыс фирмасы). Ұлы Отан соғысы жылдары мұнда бірсыпыра кәсіпорындар көшіп келді. 

Қалада 321-атқыштар дивизиясы, 101-ұлттық атқыштар бригадасы, теңізшілердің дербес атқыштар бригадасы, 129-миномет полкі және басқа да әскери бөлімдер мен бөлімшелер ұйымдастырылды. Қаланың 29 тұрғыны Кеңес Одағының батыры атағына ие болған. Оның ішінде Шығыс халықтарынан шыққан екі қаһарман қыздың бірі Әлия Молдағұлова бар. А-де алғашқы оқу орны — екі кластық орыс-қазақ уч-щесі 1884 ж. ашылды. 1896 ж. Ы. Алтынсариннің бастамасымен қазақ қыздары үшін әйелдер уч-щесі жұмыс істей бастады. Қ. Жұбанов атынд. Мемл. ун-т, мед. академиясы, “Дүние” ун-ті, Т. Бигельдинов атынд. жоғары әскери авиац. уч-ще, колледждер, қазақ және орыс драма театры, тарихи-өлкетану мұражайы, обл. филармония, Ә. Молдағұлованың мемориалдық мұражайы, Отан соғысында қаза тапқандар мемориалы, Қазакқстанда саяси қуғынға ұшырағандарға, Ә. Молдағұлова мен И. Таймановқа қойылған ескерткіштер бар. 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *