- Тарихи аңыздар мен шежірелер қандай дерек көзіне жатады?
а/жазбаша б/ауызша с/антропологиялық
- Мемлекеттік және сауда құжаттары қандай тарихи деректерге жатады?
а/этнографялық б/ жазбаша с/ауызша
- Тыйындар,құйма ақша кесектері т.б. ескерткіштер арқылы тиын соғу, ақша айналымы тарихын зерттейтін көмекші тарихи пән қалай аталады?
а/геральдика б/нумизматика с/антропология
- Елтаңба тану ғылымы, елтаңбаларды арнайы деректеме ретінде зерттейтін қосалқы тарих пәні қалай аталады?
а/этнография б/ геральдика с/нумизматика
- Адам қаңқасын зерттеу арқылыадамның дене бітімін, сипатын анықтайтын тарихтың бір саласы қалай аталады?
а/антропология б/этнография с/нумизматика
- Халықтың тұрмыс тіршілігі мен салт-дәстүрін зерттейтін ғылым?
а/ономастика б/топонимика с/этнография
- Пикторграфия деген не? а/тасқа,қышқа жазылған сурет жазулар б/папирустағы жазу с/көне түрік жазуы
- Қазіргі біз қолданып жүрген әріптерді ойлап табушылар? а/гректер б/финикиялықтар с/ежелгі түріктер
- Атаулар тарихын зерттейтін ғылым? а/мұрағат б/ономастика с/археология
- Археология-
а/адамзаттың өткен тарихын қаңқа сүйектер арқылы зерттейтін ғылым б/ адамзаттың өткен тарихын заттай деректер арқылы зерттейтін ғылым с/ жер-су атауларын зерттейтін ғылым