ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы қазақ қоғамы

  1. XIX ғасырдың екінші жартысындағы қа- зақ халқы шаруашылығындағы өзгерістер. XIX ғасырдың 60–90-жылдары патша үкіметінің әкім- шілік реформалары барысында қазақ ру-тайпалары болыс, уезд және облыстық әкімшілік құрылымға бөлінді. 1897 жылы Ресей империясында алғаш рет жалпы халық санағы өткізілді. Санақ нәтижесі бойынша өлкедегі 3,4 миллион қазақ тұрғыны халық санының 80%-ын құраған. Халықтың не- гізгі бөлігі ауылда өмір сүрген. 80%-ға жуығы мал шаруашылығымен, ал 18%-ы кешенді бақташылық және егіншілік кәсібімен шұғылданған.

ХІХ ғасырдың екінші жартысынан көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы ақырындап құлдырай бастаған еді. Қазақтар үшін ең ауыр кезең жұт жылдары болатын. Жұттан аман-есен қалу үшін қазақтар шегара шетіндегі казактар мен орыс шаруаларына жақын келуге тырысатын. Жұттан кейін күйзеліп, қайыршыланған қазақ шаруашылықтары ендігі жерде егіншілікпен айна- лысуға мәжбүр болды. ХІХ ғасырдың аяқ кезінде елдің орталық, солтүстік және солтүстік-шығыс аймақтарында егін- шілікпен айналысуға жаппай бет бұру байқалды.

Мал басын қырып салатын алапат жұттан аман қалу үшін қазақтар шөп шабумен айналыса бастады. ХІХ ғасырдың соңына қарай Қазақстанның солтүстік, орталық, солтүстік-шығыс аймақтарында шаруашылықтардың 90%-ға жуығы шөп шабуды кәсіп етті.

Ішкі Ресейден қоныс аударушы шаруалардың көптеп келуіне және Қазақстандағы қала халқының саны артуына байланысты мал жайы- лымдарының көлемі қысқара бастады. Отбасы мүшелерін асырау мен қолда бар малды жемшөппен қамтамасыз ету ендігі жерде егін егуді ұйымдастыру мен дамытуға байланысты болып қалды. Патша үкіметі қазақтардың тұрақты отырықшы өмір салтына көшуге деген ынтасын қолдап отырды. Патша үкіметінің пікірі бойынша бұл шаралар Ресейден қоныс аударушы шаруалар үшін қыруар жер телімдерін босатып беруі және қазақтарды басқару үшін қолайлы жағдайлар туғызуы тиіс болатын.

Егіншілікпен қатар, ірі көлдер мен өзендерде, сондай-ақ Арал және Каспий теңіздерінде балық аулау едәуір дамыды. Бұл кәсіппен кедей қазақтар айналысты.

Ішкі Ресейден шаруалар мен казактарды Қазақстан аумағына орналас- тыру байырғы халықтың жерін жаппай тартып алуға ұласты. Қазақтар ғасырлар бойы отырған ежелгі қоныстарын тастап, қиыр шеттегі құнарсыз жерлерге көшуге мәжбүр болды. Мұның өзі көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтарды күйзелтті. Бұған дейін дәулетті өмір сүріп келген қазақтардың кедейліктің күнкөріс қамымен түрлі кәсіпшіліктерге, соның ішінде тау-кен өнеркәсібіне жұмыс іздеп кетуіне тура келді. Олар жатақтар деп аталды.

  1. Ұлттық сауда-өнеркәсіптік буржуазияның қалыптаса бастауы. Қарамағындағы жердің жаппай тартып алынуы, көшпелі малшаруа- шылығының құлдырауы, әлеуметтік құрылымның өзгеруі қазақтарды қайыршыландыруға дейін жеткізді. Көшпелі және жартылай көшпелі өмір салтының күйзеліске ұшырауы салдарынан өлкеде халықтың екі тобы қалыптасты. Олар байлар және жалдамалы жұмысшылар еді.

Әдеттегідей, ауыл старшындары, ірі рубасылар мен болыстар сияқ- ты ауқаттылар байыған үстіне байи түсті. Олардың едәуір бөлігі кә- сіпкерлікпен, мал және мал өнімдерін сатумен айналысты. Қазақ дала- сында олар бай саудагерлер деп аталды. Мал сойып, ет өндіруді кәсіп еткен кейбіреулерінің өз зауыттары, май айыратын кәсіпорны болды. Сондай-ақ сары май сатумен де айналысты.

Ұлттық сауда-өнеркәсіп буржуазия өкілдерінің арасында қайырымды- лық шараларын жүзеге асырғандар да болды. Мәселен, Павлодар уезіндегі Қараөткел болысының болысы А. Қазанғапов кедейлерге, мешіттер мен мектептер мұқтажына деп ақша таратты. Кәсіпкер Б. Шоқабасов Пав- лодар қаласында мешіт салдырды. Томск губерниясындағы бай қазақ Нұрекен Мекке қаласында жүз кісілік қонақүй салуға үлкен үлес қосты. Ол қонақүйге қажыға барған қазақтар жайғасып жүрді.

    1. Патша үкiметiнiң ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы ислам дiнiне қатысты саясаты. Патша үкiметi христиан дiнiн тықпалаумен қатар, ислам дiнiн әлсiрету саясатын да ұстанды. Өйткенi ол исламды христиан дiнiн кеңiнен тарату жолындағы басты кедергi деп санады. Қазақтың Шығыс елдерiнде, мәселен, Түркияда оқуына тыйым салынды. Молдалардың қызметiне үкiмет әкiмшiлiгi тарапынан қатаң бақылау ор-Дәстүрлі қазақ қоғамының өзгеріске ұшырауы. ХІХ ғасырдың бас кезіне дейін қазақтардың өзіне тән бірегей әлеуметтік құрылымы болды. Ол көшпелі және жартылай көшпелі өмір салты- на бейімделген еді. ХІХ ғасырдың 20-жылдары- нан бастап патша үкіметі қазақтың әлеуметтік құрылымының өзгеріске ұшырауына жеткізді. Патша үкіметі ХІХ ғасырдың 20–90-жылдары аралығында сұлтандар билігін әлсіретіп, билер сотын тарата бастады. Өйткені билер соты отар- шыл өкімет орындарының жалпыимпериялық басқару тәртібін енгізуіне көп кедергі келтіретін еді. Билер қылмыстық, мүліктік, ішкі отбасылық тәртіп бұзушылықтар мен қылмыс түрлерін қарап, қоғамның құқықтық өмірін ретке келтіріп отыратын. ХVІІІ ғасырда мемлекеттік және қоғамдық қызметтің маңыздылығы, шешендік өнерінің күші мен поэтикалық шеберлігі жағынан Қазақстан тарихында өшпес із қалдырған атақ- ты билер болды. Олар – Ұлы жүздегі Төле би, Орта жүздегі Қазыбек би және Кіші жүздегі Әйтеке би. ХІХ ғасырда Өткел би, Аслан би т.б. билердің есімдері халық арасында кеңінен таныл- ды. Озық ойлы қазақ зиялыларының өкілдері билер сотының бұрынғы қалпында өзгеріссіз қала беруін жақтады. Мәселен, қазақтың көр- некті ғалымы Шоқан Уәлиханов билер сотына жоғары баға берді. Патша үкіметі қазақтың билік құрылымына сұлтандарды да ығысты- ра бастады. 1867–1868 жылдардағы әкімшілік реформалар сұлтандардың артықшылықтарын шектеп, қарапайым қазақтардың құқықтарымен теңестірді. Орнатылды. 1867–1868 жылдары қазақтың дiнге байланысты мәселелерi

    Iшкi iстер министрiнiң қарауына берiлдi. Молда- ларды әскери губернатор ғана тағайындайтын және жұмысынан босататын болып белгiлендi. Молдалар- дың жергiлiктi тұрғындардың сауатын ашып, оқытуы және оның мешiт жанында жұмысқа жайғасуы үшiн уезд бастығының рұқсаты керек едi. Мешiттер мен олардың жанындағы медреселердi қазақ қоғамының өз есебiнен ұстау керек деп шешiлдi. Вақфтық (вакуф) жер, яғни мешiттердiң жылжымайтын мүлкiн ұстауға үзiлдi-кесiлдi тыйым салынды. Қожалардың беделі түсе бастады.

    Зар заман ақындары. Дәстүрлі қазақ қоғамы құндылықтарының өзгеруі, отаршылдық езгінің күшеюі, халықтың қатты күйзелуі тұсында өмір сүрген ұлт қайраткерлері зар заман ақындары ретінде танылды. Зар заман ақындарының өлең-жырларында Ресей империясының отаршылдық озбырлығы мен сұрқия саясаты жан-жақты суреттелді.

    ХIХ ғасырдың 40–60-жылдарындағы поэзияның жарқын өкiлдерi қатарына Дулат Бабатайұлын, Шортанбай Қанайұлын, Мұрат Мөңкеұлын қосуға болады. Бұлар «зар заман» дәуiрiнiң ақындары атал- ды. Олардың поэзиясының негiзгi сарыны өткен заманды, қазақ халқының бұрынғы ерлiк iстерi мен аңызға айналған өмiрiн аңсау, жаңа заманның зардаптарын сынау болды. Шығармалары салт-дәстүрлерді бұзылмаған қалпында сақтауға шақырады. Ұлттық болмыс-бітімнен ажырамауға үндейді. Зар заман ақындары қазақ халқының шұрайлы жерлерін тартып алып, ұрпағын аздыру, діннен аулақтату секілді империялық пиғылға қарсы тұрды. Ақындардың барлық қабілеті ел-жұртының санасын оятуға жұмсалды. Олар қауіп-қатерді, зорлық-зомбылықты алдын ала ескертті. Зардаптарын күн ілгері тайға таңба басқандай етіп айтып берді.

    Мұрат Мөңкеұлы «Үш қиян» деген өлеңiнде Ресейдiң Қазақстанды жаулап алуы мен отарлауы кезiндегi қазақ халқының ауыр жағдайын шынайы суреттейдi:

    «Едiлдi тартып алғаны – Етекке қолды салғаны.

    Жайықты тартып алғаны – Жағаға қолды салғаны.

    Ойылды тартып алғаны – Ойындағысының болғаны.

    Маңғыстауда үш түбек Оны-дағы алғаны.

    Үргенiш пен Бұхарға Арбасын сүйреп барғаны

    Қоныстың бар ма қалғаны?! Мал мен басты есептеп,

    Баланың санын алғаны – Аңғарсаңыз жiгiттер,

    Замананы тағы да –

    Бiр қырсықтың шалғаны!»

     

    1. Қоғамдық-саяси ойдың дамуы. Ұлттық-отаршылдық езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша үкіметінің қоныстандыру саясаты қазақ халқының қоғамдық-саяси ойын дамытып, ұлттың сана- сезімін өсірді. Қазақ халқының отарлық езгіге қарсы белсенді әрекеттері күшейе түсті.

    Қазақ зиялылары қазақ халқының империя құрамында өзгелермен тең құқықты болуына қол жеткізу үшін күресті. Олар қазақтың ұлттық мемлекеттілігін қалпына келтірудің әдіс-амалдарын қарастырды. Өз халқының отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресіне көмектесуге ұм- тылды. Қазақ зиялылары Ш. Уәлиханов, Ы. Алтын- сарин, А. Құнанбайұлы, М.-С. Бабажанов, Қ. Халиди, М. Шорманов, Ш. Құдайбердіұлы, М.Ж. Көпейұлы, Ш. Қосшығұлұлы т.б. отаршылдыққа, рулық-патриархалдық артта қалушылыққа батыл түрде қарсы шықты. Танымал тұлғалар ұлтты басқа халықтармен терезесі тең даму жолына бастай білді. Олар қазақ халқын білім алуға шақырды. Білім ғана өркениетті дүниеге жол ашады, қазақтардың ұлт ретінде сақ- талуына көмектеседі деп есептеді.

    Ұлт зиялылары қазақ қоғамының оянуына, қоғамдық-саяси ойының дамуына жәрдемдесіп, халықтың құқықтық, эстетикалық санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ықпал етті.

    Қазақ зиялылары өздерінің мақалалары мен шығармаларында патша әкімшілігінің қазақтың атақонысын тартып алып, оларды жаппай қуып шығу саясатын сынады. Мақала авторлары, сонымен қатар қазақ халқына христиан дінін күштеп таңып, оларды шоқындыруға, қазақтың ана тілін қолданыстан ығыстырып шығаруға тырысқан келеңсіз әрекеттерге қарсы күресті. Зиялылар қазақ даласына оқу-білім таратуды көздеді. Олар әдеби кештер өткізіп, жиналған қаржыны қазақ студенттеріне көмекке, ана тілінде кітаптар мен оқулықтар шығаруға жұмсады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *