Батыс Сiбiрдегi далалық жәрмеңкелер

«Батыс Сiбiрдегi далалық жәрмеңкелер. Семей және Ақмола облыс- тарындағы барлық жәрмеңкелердi оларда жасалатын сауданың сипатына және сауда айналымының мөлшерiне қарай екi топқа бөлуге болады. Жәр- меңкелердiң басым көпшiлiгi әдетте күз бен қыста қалаларда және казак ста- ницаларында өткiзiлдi. Оларда жергiлiктi ауылшаруашылық өнiмдерi, сондай- ақ жақын маңдағы көшпелi қырғыздардың (қазақтардың. – авт.) малы мен мал өнiмдерi, сырттан әкелiнетiн зауыт-фабрикаларда жасалған тауарлар өзара айырбас арқылы сатылды.

Өзге iрi жәрмеңкелер жаздыгүнi ашық дала төсiнде өткiзiлдi. Мәселен, олардың қатарына Ботов, Тайыншакөл сияқты басқа да жәрмеңкелердi қосуға болады. Үлкен жәрмеңкелерде аса iрi көлемде сауда-саттық жасалды. Қырғыздар ұсақ малдарын Семей мен Ақмола облыстарынан айдап әкелiп сатып жүрдi».

Тобыл губерниясының 1885 жылғы ведомостары. Тобыл, 1885, 3-бет.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *