Жәрмеңке саудасының дамуы

Қалалардың қалыптасу мен даму ерекшеліктері. Қазақстан аумағында қалалар ерте замандарда да болған. Қала мәртебесіне ие болған бекініс-қамалдар салудың көбейіп кеткен кезі Қазақстанның Ресей империясының құрамына қосылу кезеңімен тұспа-тұс келеді. Неғұрлым ірі қалалар қатарына Орал, Гурьев, Семей, Петропавл, Қостанай, Өскемен, Ақмола, Павлодар, Ақтөбе және басқалары жатады. Батыс, Солтүстік, Солтүстік-Шығыс

Қазақстандағы қалалардың көпшілігі әскери бекініс-қамалдар мен әскери елді мекендер негізінде пайда болды. Олардың кейбіреулерінің салынуы Ресейдің еуропалық бөлігінен Қазақстанға қоныс аударып келген ша- руалардың ағылуымен тікелей байланысты екені де рас. Сонымен қатар қазақ даласында округтік приказдардың орталығы ретінде де бірқатар қалалар (Көкшетау, Қарқаралы т.б.) салына бастады. Қазақстандағы қалалар ірі сауда, мәдениет және өнер орталықтарына айналды.

  1. ХIХ ғасырдағы сауда сипатының өзгеруi. Егер ХVIII ғасырда қазақтармен еркiн сауда-саттық негiзiнен шегара шебiне таяу бекiнiстерде жүргiзiлiп келген болса, ендi ХIХ ғасырда оның сипаты мүл- де өзгердi. Олар әкiмшiлiк реформаларының жүргiзiлуiмен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекет- терiмен байланысты болды. Сауда орталықтары бiрте-бiрте Қазақстанның iшкi аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елдi мекендерiне және жаңа қалаларға қарай жақындай түстi.

Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицк, Пет- ропавл, Преснегорьков, Омбы, Семей және Орал бекiнiс қамалдары болып келген едi. Ал ХIХ ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтiк приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады.

Ресейдiң қазақтармен сауда-саттығы негiзiнен татар көпестерi мен приказчиктерiнiң көмегiмен жүргiзiлдi. Олар қазақ және орыс тiлдерiн жақсы бiлетiн едi. Ресей көпестерi қазақтардан мал және мал өнiмдерiн сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлiк көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темiрден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекi және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажеттi дәрi-дәрмектерге деген сұранысы да күштi болды.

ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Ресейдiң қазақтармен саудасының басым көпшiлiгi тепе-тең баламасыз айырбас түрiнде жүрдi. Барлық нәрсенiң бiрдей баламасы қой (iсек) болды. Ресей көпестерi түкке тұрмайтын арзан өнеркәсiп бұйымдарын баға- лы мал өнiмдерi мен шикiзаттарға айырбастап, шаш етектен пайда тапты. Мәселен, Iрбiт жәрмеңкесiнде 2 сом 70 тиыннан сатып алынған қазандар мұндағы қазаққа 50 сомға сатылды.

Көпестер Қазақстанға сапасыз бұйымдарын шығарды. Өсiмқорлық операциялары да кеңiнен етек алды. Онымен көпестер де, казактар да айналысты. Олар қазақтарға өз өнiмдерiн малмен төленетiн етiп бердi, оның пайыздық өсiмiн де мал басымен алып отырды.

1835 жылы Қазақстанға әкелiнетiн астық пен егiншiлiк құрал-сай- мандарына баж салығын төлеу алып тасталды. Бұл жағдай мен басқа да бiрқатар шаралар Ресей көпестерiнiң Қазақстанмен сауда-саттық жасауды күшейтуге деген ынта-ықыласын арттыра түстi.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысындағы неғұрлым iрi сауда орталық- тары Ақмола, Павлодар, Қарқаралы, Баянауыл, Көкшетау, Қазалы және Жаркент қалалары болды.

  1. Орта Азиямен жүргiзiлген керуен саудасы. ХIХ ғасырдың бiрiншi жартысында Қазақстан Ресейдiң Орта Азиямен сауда-саттық жасауында транзиттiк маңызға ие болды. Орта Азия мен Қытайға баратын керуен жолдары Қазақстанның аумағын Орынбор, Троицк, Петропавл, Семей қалалары арқылы басып өттi. Орта Азиямен жүргiзiлетiн сауда керуенiнде жыл сайын 5, 6 мың түйеге артылған жүк тасылды. Патша үкiметi

Орта Азиядан мақта, жiбек мата, елтiрi және кiлемдер алып тұрды.

Орта Азиямен сауда негiзiнен татарлар мен ортаазиялық көпестердiң қолында болды. Егер бұрынғы кездерi сауда-саттық тек қалаларда ғана жүргiзiлiп келген болса, ендi ол қаладан тыс жерлерде де ұйымдастырыла беретiн болды. Сауда айналымының көлемi әлдеқайда арта түстi. Бiрте- бiрте уездiк қалалардың өздерi де iрi-iрi сауда орталықтарына айналды. Сауда өзiнiң даму барысында бiрте-бiрте ақшалай түрге ене бастады.

Мемлекеттiк қазына Орта Азия көпестерiнен алынатын алым-салық есебiнен едәуiр байыды. Көпестердiң саны да арта түстi.

1863 жылы Орта Азияда болған венгр зерттеушiсi А. Вамбери өлкеде, әрбiр үйде Ресейде жасалған өнiмнiң қандай да бiр түрiнiң кездесетiндiгiн айтады.

ХIХ ғасырдың екiншi жартысынан бастап қазақ өлкесiндегi сауда- саттықтың ел аралайтын, тұрақты және жәрмеңкелiк түрлерi пайда болды.

  1. Ел аралап жүрiп жасалатын, тұрақты және жәрмеңкелік сауда. Ел аралап жүрiп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты. Олар көшпелi және жартылай көшпелi халыққа күнделiктi қажеттi тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнiмдерiне айырбастады. Он- дай көпестер қазақ даласынан үйiр-үйiр жылқы айдап қайтып жүрдi. Жүн мен майды қажетiнше сатып алды.

Бұл өнiмдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавл және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткiзiлетiн. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегiнде ол өнiмдердi Ресей базарларында сататын, тiптi шетелдерге де асырып жiберетiн. Бұдан екi арадағы делдал- дар мол табыс табатын.

Жәрмеңкелiк сауда мал өсiрушiлер мен отырықшы диқандардың ара- сында делдалдық сипат алды. Сауданың бұл түрi мал сатушы қазақтарға өте тиiмдi болды. Олар жәрмеңкеде өздерiнiң малдары мен мал өнiмдерiн көптеп айырбастай алды. Жәрмеңкелiк сауданың кеңiнен өрiс алуына бiрқатар себептер болды. Бiрiншiден, Қазақстанның негiзгi халқы көшпелi және жартылай көшпелi өмiр салтын кештi. Мұндай жағдайда олардың өз малдарын үлкен жәрмеңкелерде көптеп сатуға және егiншiлiкпен ай- налысатын отырықшы халықтан азық-түлiк өнiмдерiн молынан сатып алуға өте қолайлы болды. Екiншiден, қазақтың кең-байтақ даласындағы жол жүйесi нашар дамыған едi.

Қазақстандағы неғұрлым атақты iрi жәрмеңкелер Қарқаралы уезiндегi Қоянды, Ақмола уезiндегi Кон- стантинов-Еленов, Атбасар уезiндегi Петров, Орал облысындағы Ойыл және Темiр, Верный уезiндегi Қар- қара, Жаркент, Сырдария облысындағы Әулиеата, Семей уезiндегi Шар, Павлодардағы Тайыншакөл жәрмеңкелерi болды.

Жәрмеңкелерге әкелiнетiн тауарлар үш топқа бөлiнетiн. Қазақтардың тауарлары мал және мал өнiмдерi, терi-терсек, жүн-жұрқа, киiз, текемет сияқты заттар болатын. Жәрмеңкелерге Ресейдiң еуропалық бөлiгiнен киiм-кешек, ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, ұн, шай, қант, бiлтелi шам- дар, сабын, фарфордан және темiрден жасалған тұрмыстық бұйымдар жеткiзiлетiн. Ал Орта Азия саудагерлерi әртүрлi шапан, кiлемдер, жiбек және мақта-мата кездемелерiн, ер-тұрман әбзелдерiн, сондай-ақ кептiрiлген жемiс-жидек өнiмдерiн сататын.

  1. Қоянды жәрмеңкесi. 1848 жылы Қарқаралы казак станицасының жанындағы Қоянды деген жерде айырбас сауда орталығы ашылды.

Жәрмеңкенiң негiзiн қалаушы ялуторлық көпес (Тобыл губерниясындағы Ялутор қаласының тұрғыны) В. Ботов болды. Жәрмеңке жыл сайын маусымның 15-iнен шiлденiң 15-iне дейiн өткiзiлiп тұрды. Алғаш- қыда оның аумағы 2 шаршы шақырым ғана едi. Ке- йiннен осындағы Талды даласы түгелдей қайнаған қызу сауда алаңына айналып кеттi. Жәрмеңке ұзын- дығы 11, енi 5 шақырым алқапты алып жатты.

1890 жылы мұнда 1 шiркеу, 199 сауда нүктесi, 42 тұрғын үй және 707 киiз үй болды. Жәрмеңкеде павлодарлық көпес Деровтың үлкен жеке дүкенi ашылды. Қоянды пошта бекетiнiң ғимараты, пошта-телеграф бөлiмшесiнiң үйi де осында орналасты. Қазақтар жәрмеңкеге қымызды ағыл-тегiл, көл-көсiр етiп жеткiзiп тұрды. Ресейдiң қаржы министрлiгi Қоянды жәрмеңкесiнде Мемлекеттiк банк бөлiмшесiнiң ғимаратын салдырды. Сауда қатарларының аяқ жағында «шенеунiктер орыны» деп аталатын квартал орналасты. Онда Мемле- кеттiк банк бөлiмшесi, пошта-телеграф кеңсесi салын- ды. Қарқаралы уезi бастығына, бiтiстiрушi судьяға, мал дәрiгерлерi мен адам дәрiгерлерiне, сондай-ақ полиция қызметкерлерiне арналған қонақүйлер де осы жерде едi.

Жәрмеңкеде қазақтардың болыстары бас қосып, жиын өткiзiп тұратын. Сондай-ақ билердiң төтенше болыстық съездерi де осында өткiзiлетiн. Алым-салық жинаушылар да осында бас қосатын. Қоянды жәрмеңкесi 1930 жылға дейiн жыл сайын өткiзiлiп келдi. Оның қазақ даласындағы сауданы дамытуда орасан зор маңызы болды.

  1. Жәрмеңкелердiң әлеуметтiк-мәдени саладағы атқарған рөлi. Жәр- меңкелерде сауда-саттық жасалып қана қойған жоқ. Онда алуан түрлi рулар мен халықтардың өкiлдерi бас қосып, пiкiр алысатын, байланыс жасап тұратын орынға да айналды.

Қазақ және орыс халықтары өкiлдерiнiң өзара тамыр-таныстығы да осындай жәрмеңкелерден баста- латын. Жәрмеңкелерде iрi-iрi спорттық шаралар, ат жарыстары, ұлттық ойын түрлерi өткiзiлiп тұратын. Қазақтардың әртүрлi руларының, кейде тiптi барлық жүздерiнiң өкiлдерi күш сынасатын жарыстар да өткiзiлетiн. Жәрмеңкеге жиналғандар түрлi спорт ойындары мен жарыстарды тамашалайтын. Ақындар айтысқа түсiп, бақ сынасатын Iрi-iрi жәрмеңкелерде қазақтың бүкiл әлемге танылған атақты балуаны Қажымұқан Мұңайтпасұлы өнер көрсеттi. Жәрмеңкелерде қазақтың Ақан серi, Балуан Шолақ, Жаяу Мұса, Майра Шамсутдинова, Әсет Найманбайұлы, Әмiре Қашаубайұлы сияқты көптеген сал-серiлерi мен ақындары да жиi-жиi болып тұрған.

Саяси өмiрдегi оқиғалар шиеленiсiп қыза түскен кездерi жәрмеңкелер өкiмет билiгiнiң жоғары органына жазбаша шағым жолдайтын орын да болып табылды.

    1. Қазақстандағы көлiк қатынасының да- муы. Бiз сөз етiп отырған кезеңде Қазақстанда кәдiмгi далалық қара жолмен қатар, су жолы, темiржол қатынастары да дами бастады. Ол кезде тасжолдар әлi салына қойған жоқ едi. Сауда және қатынас жолдары Қазақстанның қай түкпiрiн болса да айқыш-ұйқыш шар- лап жатты. Күре жолдардағы қатынас ат жегiлген, кейiннен түйе жегiлген көлiктермен жүзеге асырылды. Ол көлiктiң түрлерi таран- тас, шыбықтан тоқылған қорап күйме, екiТұрақты сауда. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде жәрмеңкелердiң маңызы төмендей бастады. Оның мынадай себептерi болды. Бiрiншiден, қазақтар барлық жерде бiрдей жаппай отырықшылыққа көше бастады. Екiншiден, уездiк және облыстық орталықтар аймағында тұрақты сауда кеңiнен етек алды. Сауданың бұл түрi қалаларда ба- рынша дамыды. Қалалар фабрика-зауыттар шығаратын өнiмдердiң тұрақты қоймаларына айналды. Қаладан қажеттi бұйымдарын қа- зақтар мен қоныс аударушы шаруа, казактар емiн-еркiн сатып алатын едi.

      Қалаларда кең көлемдi сауда жасайтын дүкендер мен дүңгiршектер ашылды. Олар- дың жылдық сауда айналымының мөлшерi де өсе түстi. Петропавлда, Омбыда, Семейде, Қостанайда тұрақты жүргiзiлетiн сауданың күшейе түсуi ел аралап жасалатын сауда мен жәрмеңкелердегi сауданың жағдайын әлдеқайда әлсiретiп жiбердi. Қазақ өлкесiнде тауарлы-ақша қатынастары дами түстi. дөңгелектi ағаш арба және кәдiмгi төрт дөңгелектi жүк арбасы болатын. Ертiсте су жолы қалыптасты. Алғашқыда ол әскери мiндеттер атқару мақсаттарын көздеген едi, кейiнiрек Қазақстан шаруашылық тұрғысынан отарланып болған соң бейбiт сипат алды, сондықтан сауда-саттықты да- мытуға пайдаланылды. 1862 жылы Омбыдан Семейге алғашқы пароход сапарға шықты. ХIХ–ХХ ғасырлар шебiнде Семей мен Тобыл арасында  осындай 40-қа жуық пароход қатынас жасады. Пароходтар Түмен қаласында жасалып, құрастырылды. Пароходпен тасылатын негiзгi тауарлар таскөмiр, астық, тұз, көкөнiс және мал өнiмдерi болды. Өзен- мен жүк тасу үшiн кәдiмгi салдар да пайдаланылды. Олар Ертiстiң бас жағынан Омбыға дейiн жiберiлдi. Сал арқылы қауын-қарбыз, жарма өнiмдерi, балық, бал, қарағай жаңғағы, тұз, әк, алебастр және жоса (жер бояуы) тасымалданды. Ертiстен басқа өзендерде әсiресе Жайықта, пароходтардың жүзуiне балық қорын сақтау мақсатымен тыйым салын- ды. Ал бiрқатар өзендер мен көлдердiң таяз болуы салдарынан оларда пароходтарды пайдалану кеңiнен өрiс ала алған жоқ.

    Теңiзде жүзу тек Каспийде ғана кең тарады. Онда Гурьев пен Аст- рахан арасында пароходтар қатынап тұрды. Өндiрiс пен сауданың, қала құрылысының дамуына байланысты елде банк iсi де қалыптаса бастады. 1871 жылы Петропавловскiде Қазақстандағы тұңғыш қоғамдық банк ашылды. Сiбiр сауда банкiнiң бөлiмшелерi бiртiндеп Семей, Верный, Ақмола, Қостанай және Павлодар қалаларында да ашыла бастады. ХХ ғасырдың басында жергiлiктi тұрғындардың банкiдегi салымдары 300 мың рубльге жеттi.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *